Ақшаны қайтару
7 / 6 тапсырма
Оқу сауаттылығы
7
/
7 бет
Оң жақта орналасқан «Тауарды қалай
қайтаруға болады» мәтінін қолданыңыз.
Сұраққа өз жауабыңызды жазыңыз.
Карина 3 күн ішінде ақша алу үшін интернет-
дүкеннің талаптарына сәйкес кроссовкаларды
қайтарудан басқа не істеуі керек және қашан?
Өз жауабыңызды жазыңыз.
ТАУАРДЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ
Сіз тауарды сәлемдемені пошта бөлімшесінен, жеткізу қызметінің
тапсырыстарды беру пунктінен немесе курьерден алған күннен кейін 30 күн ішінде
қайтара аласыз.
Затты қайтару үшін сізге қажет:
1.
Әр өнімді өзінің түпнұсқа қаптамасына салыңыз.
2.
Қайтару себебін жүкқұжатына белгілеңіз.
Егер жүк құжат болмаса, оны жүктеп, деректерді өзіңіз толтыра аласыз.
3.
Жөнелтімді дайындаңыз: түпнұсқа қаптамадағы тауарлар және қайтару туралы
жүк құжат.
4.
Қайтарылған тауарды пошта арқылы бағалы сәлемдемемен жіберу немесе оны
жеткізу қызметінің тауарды беретін кез келген пунктіне әкелу.
* * Егер қандай да бір себептермен сіз тауарды түпнұсқа қаптамада қайтармасаңыз, біз
тауарды сәйкестендіру үшін бар күшімізді саламыз. Алайда, Компания біздің
интернет-дүкеннен тауарларды сатып алудың қосымша дәлелдерін сұрауға құқылы.
Егер сіз оларды ұсынбасаңыз, біз ақшаны қайтарудан бас тартуға мәжбүр боламыз.
Ақшалай қаражат Сізге банктік аударым арқылы пошта арқылы қайтарымды алғаннан
кейін немесе тапсырыс беру орнында қайтаруды ресімдегеннен кейін 3 күн ішінде
аударылады. Егер сіздің жеке кабинетіңізде банктік деректемелер көрсетілмесе
(Деректемелерді қалай көрсету керек), ақша қаражатын қайтару клиенттің жеке
кабинетінде көрсетілген мекенжайға пошталық аударыммен 10 күнге дейінгі мерзімде
жүзеге асырылатынына назарыңызды аударамыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ДЕРЕКТЕМЕЛЕР ҚАЙТАРУ РӘСІМДЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН
ҰСЫНЫЛУЫ ТИІС.
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРДІ ҚАЛАЙ КӨРСЕТУ КЕРЕК
Жеке кабинетте «Банктік ақпарат» бөлімін ашып, енгізіңіз:
Сіздің банктің БИК-шотыңыз ашылған банк бөлімшесінің коды. 9 саннан тұрады
Шот нөмірі - сіздің банктік шотыңыздың нөмірі (карта нөмірі емес)
Дербес шот-міндетті емес
Аты-жөні - шот иесінің тегі, аты, әкесінің аты
Тауарды қалай қайтаруға болады
Деректемелерді қалай көрсету керек
Читательская грамотность (9 класс)
стр. 8 из 7