Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет108/197
Дата21.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#85442
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   197
Байланысты:
АСХАТ ӘЛІМОВ

«Оқу сауаттылығы» деген ұғымды PISA кең тұрғыдан қарастырады: мұнда мәтін оқу техникасы меңзелмейді. Бұл ұғымда орта мектеп түлегінің мәтіндерді түсіне біліп, олардың мазмұны бойынша ойланып, оқығандығы туралы өз ойларын жеткізе білуі ескеріледі. PISA бағалауында әсіресе әртүрлі ситуацияларда сауатты түрде оқуға баса назар аударылады. Ол үшін оқушыларға түрлі мәтіндерді оқу тапсырылады: көркем шығармалардан үзінділер, ғұмырнамалар, хаттар, құжаттар, газет пен журналдардан алынған мақалалар, нұсқаулықтар, жарнамалар, географиялық карталар, т.б. Бұған қоса ақпараттың әртүрлі формалары да келтіріледі: суреттер, диаграммалар, кестелер, схемалар, графиктер.
Сонымен, оқу сауаттылығы дегеніміз адамның жазбаша мәтіндерді түсінуі және олар бойынша ой толғауы (рефлексия), олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін, қоғам өміріне белсенді түрде қатысу мақсатында өз білімдері мен мүмкіншіліктерін дамыту үшін қолдануы.
Математикалық сауаттылықты бағалауда да PISA тестері оқушылардың мектеп бағдарламасын қаншалықты деңгейде білетіндігін тексермейді. Мұнда жеке тұлғаның математиканың өмірде алатын рөлін түсініп, өз өмірінде туындаған проблемаларды шешуде, әртүрлі ситуацияларда математикалық білімдерді қолдануы (математикалау) қарастырылады: әртүрлі шешімдерді ой елегінен өткізу, оларды сараптау мен талдау, шешім жасағанда интуицияны қолдану.
Сонымен PISA бағдарламасы ұғымында математикалық сауаттылық дегеніміз адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда математиканы, математикалық ұғымдарды қолдануы. PISA тестері оқушыларға оқу ситуацияларын бермей, күнделікті өмірде жиі кезігетін (медицина, мекен-жай, спорт, т.б.) практикалық ситуациялардың шешімін табуды ұсынады. Бұларды шешуде оқушы тек математика бойынша білімін ғана емес, сонымен бірге басқа білім салаларындағы білімдері мен біліктерін қолдануы қажет (физика, биология, т.б.).
Жаратылыстанулық сауаттылық мектепте физика, астрономия, биология, химия, география пәндерін игеру барысында қалыптасады. Сауаттылықтың бұл түрі оқушылардың жаратылыстану пәндері аумағында қалыптастырған кең ауқымды (барлық пәндерге қатысты) дағдылары мен жаратылыстанулық білімдерін әртүрлі құбылыстар, түсініктер мен ситуацияларда қалайша қолданатындығын білдіреді.
Бұл ұғымда оқушылардың келесідей біліктері тексеріледі:
- ұсынылған мәселелердің ішінен жаратылыстану ғылымы шеше алатындарын таңдау,
- ұсыналған ақпарат негізінде ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасау.
Сол себепті де PISA тестерінде әр адам, ұжым (отбасы) немесе қоғам өмірінде тууы мүмкін проблемалармен байланысты нақты ситуациялар келтіріледі: мәселен, диета сақтағанда тағам түрлерін қолдану; электр станциясының қала аумағында салынуын сараптау; жаһандану және экономикалық дағдарыс салдарын түсіну, т.б.
Жаратылыстанулық сауаттылық дегеніміз өмірде кездесетін нақты проблемаларды шешу үшін жаратылыстанулық білімдерді бақылау мен тәжірибелер (эксперимент) арқылы қорытынды жасап қолдану. Мұндай қорытындылар қоршаған әлем мен оның өзгеруіне адам әрекеттерінің қандай ықпал жасайтындығын түсініп, қажетті шешімдерді әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларды ескере отырып, қабылдау үшін қажет.
Қорыта айтқанда, PISA тестері оқушылардың келесідей біліктері мен дағдыларын тексереді:
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми-көпшілік әдебиетте, оқу мәтіндерінде кездесуі мүмкін ақпаратты өздігінше түсіну,
- ақпаратты ғылыми тұрғыдан дәлелдеу,
- қорытындылау,
- ғылыми зерттеу әдістерін түсіну,
- ғылыми әдістердің көмегімен шешілуі ықтимал мәселелер мен проблемаларды анықтау,
- әртүрлі формада келтірілген ақпаратпен (суреттер, диаграммалар, графиктер, схемалар, кестелер) жұмыс жасай білу,
- ақпаратты таба білу арқылы проблемаларды шеше білу,
- таныс ақпарат аумағынан тыс ситуациялардың шешімін табу,
- өз позициясын нақтылауда ғылыми дәлелдеуді қолдану,
- әртүрлі көзқарастарды бағалау, т.б.

(http://agora.guru.ru/display.php?conf=Irk-fiz-ped-2007&page=item003 сайтының материалдары бойынша)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет