Картаментопқа бөлу Егер әр топта төрт студенттің жұмыс жасауы қажет болса, онда оларды топтарға ойын карталары арқылы бөлуге болады. Ол үшін топтардың санына қарай карталардың жиынтығын алып, карталарды сапырып, студенттерге таратып беру керек. Топтарды атаулары да карта жиынтықтары бойынша болады: «Тұздар» тобы, «Королдер» тобы, «Дамалар» тобы, «Балталар» тобы, «Ондықтар» тобы, т.б.
Жануарлар Оқытушы студенттерге жан-жануарлардың аттары жазылған карточкаларды таратып беріп, олардың карточкада жазылған жануардың қылықтарын қайталап отырып, бірін-бірі тауып, шағын топтарға бөлінуін тапсырады. Бұл жерде дыбыс шығаруға болмайтындығы студенттерге ескертіледі.
(Бұл бөліну «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы практикасынан алынды).
Заттар бойынша бөліну Әр студент өзінің бір ұсақ затын оқытушыға немесе жүргізушіге тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, помадасын, кілтін, көзілдірігін, т.б. Бұл заттар портфелге салынып, әр партаға төрт-төрттен ретсіз түрде қойылады. Студенттер өзінің заты қойылған парталарға отыруы керек.
Өлең жолдары Әр студентке бір өлең жолы (тармағы) жазылған карточка беріледі. Студенттер аудиторияны аралап, тармақтардан шумақ құрап, сол құрамда топқа бөлінуі керек. Берілген шумақтар саны топтардың санымен бірдей болуы керек.
Мәселен, 20 студентті төрт адамдық бес топқа бөлу қажет болса, Төлеген Айбергеновтың бес шумақты келесі өлеңін әр студентке бір тармақтан (жолдан) таратып беруге болады:
1. Сеземін: сүйген жүрекке
сағыныш соқпас оңайға… Дегенмен, қалқам, қалайда қалт еткен шақта мені ойла. 2. Таңертең тұр да, шықты көр: оянған шақта мені ойла! Шұғылаға шығыс түп-түгел боялған шақта мені ойла! 3. Дүниені нұрлы кірпігің қамастырғанда мені ойла! Талдарға көктем бүртігін жаңа аштырғанда мені ойла! 4. Тағатсыз аңсар ынтық үн – жаралы хал ғой ғашық хал!. Рояль көрсең, бір тілін Мені ойла да басып қал!.. 5. Тек қана көзге жас алма!.. Ойлай бер мені күніге! – Махаббаттардың қашанда ойламау жеткен түбіне... Егер студенттер топ құруды ұзартып жіберсе, онда өлеңнің алдын-ала жазылған толық нұсқасын тақтада немесе мониторда көрсетуге болады.