Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет148/197
Дата05.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#90718
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   197
Байланысты:
Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану Асхат Әлімов

Кластерлер жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған) - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, студенттер оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.


Сурет №4



Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер студенттің жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
(Бұл тәсіл J. Still, K. Meredith. Democratic Pedagogy National Staff Development Manyal. Bratislava, Slovakia, 1995. кітабында келтірілген).


Кіріспе сұрақтар – сабақ басында студенттердің белсенділігін арттыру үшін қойылатын сұрақтар. Бұл сұрақтар Блум таксономиясы бойынша ойлаудың жоғарғы деңгейлері тұрғысынан қойылады.
Олар келесідей мақсаттарға жету мүмкіншілігін береді:
1. Студенттер тақырып бойынша білгендерін есіне түсіреді.
2. Кіріспе сұрақтарының жауаптары оқулықтарда келтірілмейтіндіктен, оларға жауап беру студенттерді қабілеттер мен үлгерім тұрғысынан теңдестіреді.
3. Сұрақтарға жауап іздену арқылы студент оқу процесіне араласып, белсенділенеді.
4. Студенттердің жауаптары оқытушы тұрғысынан жаңа сұрақтар қойып («Неліктен? Қалайша? Мұның салдары қандай болмақ?), студенттердің ойлау әрекеттерін дамыта түседі.
Кіріспе сұрақтарының келесідей болғандығы дұрыс:
1. Жаңа тақырыпты зерттеудің бастамасы болуы керек.
2. Сұрақты талқылау 5 минуттан аспауы керек.
3. Ой-толғанысты тудыруы керек.
4. Студенттерді дайын жауап беруге бағыттамай, жаңаша тұрғыдан ізденуге ынталандыруы керек.
5. Дайын жауабы болмауы қажет.
6. Жауаптардың варианттары көп болуы керек.
7. Жауаптар жазба түрінде келтірілуі керек.
8. Сабақ соңында жауаптарға қайта оралып, олардың дұрыс-бұрыстығы талқылануы керек.
Кіріспе сұрақтарының үш түрі ажыратылады:
- Аналогиялық сұрақтар.
- Өзіндік пікірді келтіруді талап ететін сұрақтар.
- Болжамдау, жорамалдауды (қиял, фантазия) қажет ететін сұрақтар.
Аналогиялық сұрақтар сабақ мазмұны бойынша бір атауды (терминді) басқалармен салыстыруды меңзейді, олар Блум таксономиясы бойынша талдау және синтез деңгейіне жатады.
Мысалы, биология сабағында «Судың ластануы» тақырыбы бойынша: «Қалдық су, пестицидтер мен шикі мұнайдың қандай байланысы бар?»
Өзіндік пікірді келтіруді талап ететін сұрақтар студенттерден ойлау дербестігін талап етеді. Мысалы, саясаттану пәні «Мемлекетті басқару» тақырыбы бойынша: «Сіздің ойыңызша, біздің елдің тарихында ең ұлы билеуші кім болған?»
Болжамдау мен жорамалдауды қажет ететін сұрақтарға жауап беру үшін студенттер қиял және фантазияға жүгінуі керек. Мысалы, тарих сабағында «Егер Сізге идеалды өкімет құрамын құру мүмкіндігі тисе, онда оның жұмысы негізіне қандай қағидаларды жатқызар едіңіз?»
(К.Фостер. Водные вопросы для активизаии критического мышления. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 5, №4, октябрь, 2004. - С. 38-43 мақаласы бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет