Кесте №41 Жоғары мектептегі сабақ кезеңдері мен мақсаттары
Кезеңдер
Негізгі мақсаттары
Мотивация немесе Қызығушылықты ояту
Оқытушы: - Студенттерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді.
Студенттер: - Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды.
- Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
- Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады.
- «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.
Білім құрастыру немесе Мағынаны ажырату
Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады.
Оқытушы: - студенттерге білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады;
- студенттердің өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.
Студенттер:
- жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады;
- мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады;
- жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады;
- «Қалайша жаңа білімге үйренемін/ оны түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.