8. Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайдаболды.
9. Дауыстыларды белгілеуіне қарай алфавит үшкебөлінді: І тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар арнайытаңбамен белгіленді). ІІ тип – арамей, еврей, араб әліпбиі(дауыстылар диакритикалық таңбамен беріледі). ІІІ тип – үнді әліпбиі (дауыстылар диакритикалық белгілерменнемесе таңбалардың ішкі модификацияларымен берілді).
10. Мынадай жеті жазу жүйесі адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды:
- шумер жазуы (Месопотомияда, Тигр, Ефрат өзендері аралығында б.э.д. 3100 ж.– б.э. 75 ж.);
- ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000 ж. – б.э.);
- ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.);
- қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.);
- египет жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.);
- крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000–1200 жж.);
- хетт жазуы (Анатол, Сирияда б.э.д. 1500–1700 жж.).
11. Финикий жазуынан тараған алфавит түрлері мынадай:
- арамей жазуы және архаикалық грек әліпбиі. Арамей жазуынан араб, парсы, ауған; соғды, ұйғыр, моңғол; еврей жазуы тарайды.
- Архаикалық грек бұтағынан шығыс грек пен батыс грек жазуы шығады. Шығыс грек жазуынан гот, армян; византия-сла-вян жазуы (кирилше мен глаголша); грузин жазуы пайда болған. Батыс грек бұтағынан итальян; этрусс – латын әліпбиі дамиды.
Қазіргі батыс Еуропа халықтарының жазуына негіз болған латын графикасы грек әліпбиінен шығады. Гректер әліпби ойлап таппаса да, бар әліпбиді жетілдіру жағынан алда болды. Грек алфавитінің тек b, g, d, z, k, l, m, n, p, v, t әріптері ғана семит дыбыстарымен бірдей. Қалған әріптер шыққан жазуынан өзгеше сипат алды.
Гректер әліпби жетілдіруде мынадай өзгерістер жасаған: а) семит тілдеріндегі кейбір дауыссыздар таңбасымен дауыстыларды беріп, әліпбиге дауыстыларды енгізді; ә) семит тілдерінің кейбір дыбыс әріптерін басқаша қолданды; б) рh, ps, kh, х сияқты әріп тіркесін қосты.
Грек әліпбилерінде алеф, хе, вав, иад, айин әріптері дауысты-ларды беруде қолданылған.
Алайда грек әліпбиінің және соның негізінде пайда болған латын алфавитінің кемшілігі әріптердің аздығы болды, яғни латын әліпбиі мен батыс Еуропа халықтарының тілінде сәйкестік болмады. Француз тіліндегі 18 дауысты, 17 дауыссыз, ағылшын тіліндегі 13 дауысты, 24 дауыссыз, неміс тіліндегі 15 дауысты, 18 дауыссыз латын алфавитінің 26 таңбасына сәйкес келмеді.
Сондықтан неміс, француз тілдерінде диакритикалық таңбалар қолданылды. Француз әліпбиінде , , 143 графикалық тәсілмен, ал ағылшын жазуында 658 тәсілмен беріледі.
Латын графикасын қабылдауда мынадай кемшіліктер орын алды: әртүрлі дыбыстарды бір графемамен беру, мысалы, француз тіліндегі с таңбасы мен фонемасын берді, неміс тіліндегі s әрпі және дыбыстарын береді. Әріптер (диграмма, триграмма) тіркесі пайда болды. Мысалы, ш дыбысы француз тілінде сh, ағылшын тілінде sh, итальян sc, неміс тілін-де sch графтары арқылы беріледі.
Жазу (жазба тіл) – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелдіболмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Көшпелілердің жазу тарихының негізін қалаған
Достарыңызбен бөлісу: |