Сайлау жүйелердің түрлері: Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері:
Мажоритарлық жүйе:
Абсолютті көпшілік салыстырмалы принцип
Принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп)
Ал, пропорционалды жүйеде мандаттар дауыс беру санына сәйкес партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойған: пропорционалды жүйе бойынша.
Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің шеңберінде дауыс береді.
Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияның өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. Ал кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік сайлау мажоритарлық жүцемен, парламенттік сайлау пропорционалдық принциппен. Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ережелер бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы және онан кейін қабылданған жаңғыртулық өзгерістерге сай 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан парламенті-Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді.
Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты – адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді.Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету. Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.