10 – тақырып (1 сағат). Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар. Лекцияның мақсаты:
Саяси партия ұғымы.
Партиялар генезисі және партиялық жүйелер.
3. Қоғамдык ұйымдар мен қозғалыстар.
Негізгі ұғымдар: Авторитарлық партиялар, антогонизм, билеуші партиялар, бұқаралық партиялар, бұрмалаушылық, делегат, демократиялық партиялар, жасылдар, квота, конгресс, қоғамдық-саяси ұйымдар, нонсенс, оппазиция, рейтинг, саяси партиялар, көппартиялық, саяси ұйым, фракция.
Лекцияның мазмұны: Кіріспе. Мемлекеттік емес ұйымдарың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үкен рөл атқаратындар - саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға атсалысады. Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркендетудің маңызы мідеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу балалар бақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады.
Саяси партия ұғымы.
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды кұра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараныц ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр-түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден, демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығы. Екіншіден, еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.