Ашекеева Ќ


Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдык, даосизм, легизм)



бет5/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдык, даосизм, легизм). Каутиль Маккиавелизмнің негізі.

Ежелгі дүниенің саяси ойларына келетін болсақ, өркениеттің бастамасы ежелгі Шығыс елдерінде және ежелгі Батыс елдері, антикалық дүниеде – ежелгі Греция мен ежелгі Римде пайда болды. Ежелгі дүние – ең алғашқы ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдегі саяси ойлардың бірінші бағыты діни-мифологиялық сипатта болды (шамамен б.з.д. VII-II м.ж.). Мифологиялық дүниетаным бойынша космос, бүкіл аспан әлемі - құдайлардың болуымен және олардың күштері арқылы реттеледі. Жердегі тәртіп - сол жалпы әлемдік, космостық тәртіптің бір бөлігі. Жер бетіндегі әлеуметтік-саяси тіршілік - Көк тәңірінің бұйрығымен жүргізіледі. Сондықтан жердегі тәртіпті адам бұзатын болса, онда ол бүкіл әлемдік үйлесімділіктің бұзылуымен тең болып, бүкіл әлемнің күйреуіне әкеледі деген таным болды. Саяси - құқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бөлініп шықпай, діни-мифологиялық дүниетанымның құрамдас бөлігі болды. Кейін саяси ойлар мифологиядан қол үзіп, рационалды сипат ала бастады. Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы екінші бағыт: діни-философиялық көзқарастар, оның екі ағымы болды: 1) діни ағым;
2) философиялық - этикалық ағым.
Б.з.д. І м.ж. ортасында Ежелгі Қытайда саяси жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Ойшылдар мифологиялық идеологиялардан бас тарта бастады. Қытай философы, педагогы – Конфуций (551-479 жж.) – ежелгі Шығыстың көрнекті саяси ойшылдарының бірі. Ол мемлекеттің, биліктің пайда болуын құдайдың ісі деген идеядан бас тартып, әлеуметтік-этикалық, саяси ілімнің және патриархалдық-патерналистік мемлекет теориясының негізін салушы болып есептелінеді. Конфуцийдің саяси көз-қарастарын «Пікірлер мен әңгімелер» деген еңбегінен табуға болады. Б.з.д. І м.ж. басталған бұл идеялар – ХХ ғ. ортасына дейін қытайлардың көзқарасы мен өмір сүру әдісіне үлкен ықпал еткен, ресми идеология болды. Оның теориясында мемлекет – үлкен патриархалды отбасы ретінде алынды. Патшаның билігі, әкенің балаға, отбасына билігі сияқты болып, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынас отбасылық қатынастар сияқты, кішілері ересектерге бағынуы тиіс. Конфуций басқарудың аристократиялық концепциясын (ақсүйектердің билігін жақтады) жасады, оның теорясында қарапайым халық мемлекетті басқарудан шеттетілді. Оның саяси идеалы рулық және бай аристократтардың басқаруы емес, мейірімді, білімді, өнегелі, қабілетті ақсүйектердің басқаруы еді. Меритократия – қабілеттілер, қолынан іс келетін ақсүйектер басқаруы. Өнегелілік образы бойынша адамдарды мемлекеттік қызметке қою керек. Конфуций ілімі және оның ілімін жалғастырушылар – үстемдік етіп отырған тәртіпті сынау емес, қайта олармен келісу болды. Сонымен бірге мемлекеттті басқару принциптеріне - өнегелілікті, мейірімділікті енгізу - сол кездегі Қытай саяси тарихына тән - деспоттық басқару тәжірибесінен, оның теориялық концепцияларынан Конфуцийдің ілімін ерекше етеді. Конфуцийдің саяси этикасы адам әмірінің барлық жағын, тұрмысын қамтыған, жоғарыдағылар мен қоғамның төменгі топтарының арасындағы ішкі азаматтық татулыққа, басқарудағы тұрақтылыққа жетуге бағытталды. Саяси қатынастарды реттеуде ізгілік, рақымшылық, адамгершілік нормаларына сүйенген Конфуций ілімінде оларға заңдарға сүйеніп басқару қарсы қойылады. Дәстүрлі салт-жоралар, діни-моральдық әдістер арқылы әсер етуді жақтады. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астындағылардың оған еш талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, құдай алдында ғана есеп береді. Бұл Шығыс елдерінің тәртібі, саяси ойы-өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы үшінші бағыт саяси философия болды. Оның негізін салушылар – Платон, Аристотель.
Платон (б.з.д 427 – 347жж.) – антикалық заманның ғана емес, бүкіл әлемдік философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет