ЕжелгіГрек елі мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон).
Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Греция жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. «Полис», -қала деген сөзден шыққан. Грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі). Б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афинада демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси ілімінде көрініс тапты. Ежелгі Грек полистерінде саяси көзқарастың пайда болуы мен дамуында 3 кезең айқын байқалады:
Ерте кезең- (б.з.д.IX-VI ғғ.) ежелгі грек мемлекеттілігінің пайда болуына сәйкес келді. Бұл кезеңде саяси көзқараста рационалау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады. Мемлекет, құқық мәселелеріне философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.
Екінші кезең- (б.з.д.V-IV ғ. бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель т.б.)
Үшінші кезең- (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен IIғ.) эллинизм кезеңі, грек мемлекетінің құлдырауы.
Адамдардың еріктілерге және құлдарға бөліну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси ой еркіндік идеологиясы ретінде дамыды. Бостандық-басты құндылық, ежелгі гректің саяси ілімінің негізгі мақсаты мен мәселесі болды. Бірақ бұл жалпыға бірдей бостандық емес, шектелген бостандық еді. Құлдар бостандық мәселесінде есепке де алынбады. Қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегіне қарап емес, мүліктік жағдайымен байланыстырды.
Платонның мемлекет, билік туралы саяси ойлары.Платон /б.з.д.427-347жж/ «Мемлекет», «Заң» деген еңбектерін адамзат қоғамына арнаған, онда ол өз көзқарастарын паш етеді. Ол өз заманында «мінсіз, ізгілікті мемлекетті» орнатқысы келді. Ол дұрыс және дұрыс емес мемлекеттердің түрлерін көрсетті. Платон дұрыс мемлекетті басқару түрін «полития» деп атады. Бұл сөздің баламасы «заң», «саясат» дегенге келеді.
Платон адамдарды 3 топқа бөледі:
1. Билеушілер /философтар/
2. Өз қаражатымен қарулана алатындар /жауынгерлер/
3. Қолөнершілер мен егіншілер /қоғамға пайдалы еңбек етушілер/
Осы тәртіппен бұлжытпай қызмет атқарған адамдар инабатты адамдар, осы тәртіппен басқарылған мамлекет нағыз қайырымды, кемелденіп жетілген мемлекет деп дәріптеді. Платонның мемлекет туралы теориясын «...египеттік касталық құрылысты афиндық тұрғыдан дәріптеу ғана»- деп бағалады К.Маркс «Капитал» еңбегінде. Платонның айтуынша, мемлекетті басқаруға лайықтылар жоғары білімді, ең бай, ірі құл иелерінің ұрпақтары болу керек деді. Платон жас ұрпақты тәрбиелеудің спарталық-аристократиялық түрін қолдап қана қойған жоқ, оны дамыта түсуді ұсынды. Мысалы, Спарта баланы 7 жасынан мемлекеттік тәрбиеге беру керек десе, Платон баланы 3 жасынан мемлекеттік тәрбиеге алу керек дейді. Платон мемлекетті басқарудың аристократиялық түрін қолдады. Оның ойынша, аристократия «өзгеше жұмақ», онда мемлекеттің мәні өз идеясына сай келеді деп түсіндірді. Платонның түсіндіруінше, саяси құрылыстың аристократиялық түрінен басқа мына 4 түрі азаматтардың «ізгілікті» өмірге ұмтылысының потенциалды әлсіреуімен сипаттады: тимократия (әскери адамдардың билігі), олигархия (ақ сүйектер, байлардың билігі), демократия (халық билігі), тирания (бір адамның заңсыз билігі). Платон мемлекетінің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-70 аралығына дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды.