9. Соңғы жылдары мәдениеттану пәніне арнап оқу қҧралын шығарып жҥрген
...
A)
Ж.А. Алтаев
B)
Т.Х. Ғабитов
C)
Ж.Ж. Молдабеков
D)
М.С. Орынбеков
E)
А.Қ. Қасабеков
10. Белгілі Ресей ғалымы Б.С. Ерасов қандай саяси қҧндылықтарды ҧсынады?
A)
Сӛз еркіндігі, азаматтық еркіндік, мемлекеттілік, заңдылық, жақсы ел басқарушы,
тәртіп, конституция, азаматтық келісім
B)
Әлеуметтік бедел, мәртебе, еңбекқорлық, еңбек, кәсіп
C)
Жақсылық, игілік, махаббат, достық, парыз, ар-намыс
D)
Құдайлық заң, наным, аман қалу, киелі сӛз
E)
Әсемдік, әсемділік, идеал, стиль, үйлесімдік
Жауаптары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
В
А
А
С
D
А
Е
В
А
Реферат тақырыптары.
1. Мәдениеттану ғылымының қалыптасып, дамуы.
2. Мәдениеттану мәдениеттің жалпы теориясы ретінде.
3. Мәдениеттанудың қалыптасу тарихы.
5. ХХ ғасырдағы мәдениеттанулық бағыттар мен мектептер.
6. ХХ ғасырдағы ғылымындағы мәдениет пен ӛркениет мәселесі.
12
2 тақырып. МӘДЕНИЕТ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.
Б. Малиновскийдің қҧрылымдық теориясы
2.
Э. Кассирердің рәміздік (символдық) теориясы
3.
Й. Хейзингтің ойындық теориясы
Мәдениет мәселелері бүгінгі күні барлық елдердің философтары мен
этнографтарын, антропологтары мен әлеуметтанушыларын ойландырып отыр.
Мәдениетті зерттеудегі бағыттар мен теориялық тұжырымдардың кӛптігі мәдениет
ұғымымен белгіленген құбылыстардың кӛпмағыналы сипатымен байланысты.
Қазіргі шетелдік қоғамдық ғылымда мәдениет мәселелері философияның,
әлеуметтанудың, теориялық этнологияның құрамдас бір бӛлігі ретінде қаралып
келсе, мәдениеттану ғылымының қалыптасып, дамуы барысында мәдениет теориясы
жеке – дара пән ретінде бӛліп қарастырыла бастады.
Енді шетелдерде алдыңғы қатарға шығып отырған мәдениет теориясы мәселелеріне
кӛңіл аударайық. Алдымен мәдениет және адам қажеттіліктері, мәдениет және
адамның табиғи бастауы арақатынасы мәселесін қарастыратын Б.Малиновскийдің
құрымдық теориясына тоқталайық. Содан соң бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің
бірі мәдениет және коммуникация мәселесіне, оның Э.Кассирер еңбектерінде қандай
шешім тапқандығына тоқталайық.
Батыс мәдениеттануында ХІХ ғасырдың соңында мәдениетті адамның
биологиялық табиғатына саюға тырысқан, оны қоршаған ортаға тікелей бейімделу
ретінде кӛрсетуге талпынатын тұжырымдар кең таралды. Бұл идеялар социал-
дарвинизммен, адам және қоғам туралы натуралистік кӛзқарастармен тығыз
байланысты. Гальтон, Спенсер және т.б. биологиялық редукционизм ӛкілдерінің
әсері Б.Малиновскийдің теориясында және фрейдизмде қатты байқалады.
Қазіргі кезде бұл идеялардың кӛрнекті ӛкілдері (жақтаушылары) Конрад
Лоренц және Десмонд Моррис. Олардың шығармалары адам мен жануарлар
әрекетіндегі ұқсастықтарды зерттеуге негізделген. Д.Морис "Голая обезъяна. Взгляд
зоолога на человека" атты кітабында әлеуметтік ұйым формалары, дін, ғылыми
зерттеулер және т.б. кӛптеген мәдени әрекет түрлері биологиялық мотивтермен
байланысты, адамның жануар – тектес ата-бабаларынан мұраланған деген
қорытындыға келеді.
Әрине, жануар мен адам әрекетінде белгілі бір ұқсастық барын, оларды
салыстырмалы зерттеудің қажеттілігін жоққа шығаруға болмас. Бірақ адамның
әлеуметтік-мәдени табиғатын естен шығармауымыз керек.
Бұл кітаптардың кӛп таралуын тек К.Лоренц пен Морристің беделімен
түсіндіру жеткіліксіз. Әрине, бұл авторлар жануарлар әрекетін зерттеген еңбектері
мен танымал. Істің мәнісі бұл идеялардың ӛңделген топыраққа түсуінде. ХХ
ғасырдың 30-жылдарында Фрейдизм Батыс Еуропада кең таралды. Тіпті бүгінге
дейін ӛз ықпалын жоғалтқан жоқ. Мәдениетті адам табиғатымен анықталатын
құбылыс ретінде түсіну соңғы жылдардағы мәдениеттанулық әдебиетте де бой
кӛрсетіп қалады. Оның мәні Б.Малиновскийдің және оның ізбасарларының
мәдениет тұжырымдарын қарастырған кезде анық кӛрінеді.
13
Мәдениетті зерттеудегі құрымдық бағыт ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында
пайда болды. Мәдениеттің қоғамға қатысты қызметтері туралы мәселені алдымен
этнографтар, ал олардың ізінше әлеуметтанушылар кӛтерді. Ғалымдардың
алғашқыларының бірі болып мәдениеттің тұтастығына кӛңіл аударған және одан
теориялық, методологиялық қорытынды жасағандардың бірі – Б.Малиновский
(1884-1942). Ол Краковта туып, герман университеттерінде білім алған, кейінен
Лондонда тұрған.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Океания аралдарына жер айдалған. Соғыс
жылдарын ол алыс Тробрианд аралдарында ӛткізді. Б.Малиновский осы арал
тұрғындарының салт-дәстүрін, тұрмысын зерттеуде ХІХ ғ. этнографтары кең
қолданған тәсілдерден бас тартты. Б.Малиновский жергілікті тұрғындар сияқты ӛмір
сүреді. Олармен бірге аңға, балық аулауға шығып, солардың істеген жұмысын
істейді, тілдерін үйреніп, еуропалық әдеттерден бас тартады (мысалы, ол шылым
шегуденбас тартады, ӛйткені бұл дағды жергілікті халық тарапынан сенімсіздік
тудыруы мүмкін). Міне осындай интенсивті далалық тәсілдерді қолдану
нәтижесінде Малиновский Тробрианд аралдары тұрғындарының, мәдениетін терең
түсіне білді. Бұған дейін басқа халықтардың тұрмысын зерттеуде Еуропа ғалымдары
мұндай жетістіктерге қол жеткізе алмаған еді.
Соғыстан соң ол Англияға қайтып оралып бірнеше кӛлемді шығармалар
жазды. 1934 ж. Африкаға сапар шекті. Кейін ол ӛзінің практикалық білімдерін
жалпы ауқымды теория жасау үшін қолданды. Бұл теория құрымдық деп аталады.
Малиновский теориясы мәдениет – адам табиғатының талаптарынан туындайтын
белгілі бір тұтастық және осы талаптарға берілген жауап дегеннен бастау алады.
Малиновский үшін бастысы қажеттіліктер, ӛйткені Малиновскийдің пікірінде,
барлық мәдени құбылыстар қажеттіліктерден туындайды.
Малиновский қажеттіліктерді үш топқа бӛледі. Ең алдымен бұл түпкілікті
қажеттіліктер, сонан соң туынды қажеттіліктер, ақырында интегративті
қажеттіліктер. Малиновский ең бастысы түпкілікті қажеттіліктер деп санады.
Түпкілікті қажеттіліктер қатарына, ол ұрпақ жалғастығын, азық-түлік, тұрғын үй
және т.б. қажеттіліктерді жатқызады. Осы қажеттіліктердің әр қайсысына жауап
ретінде мәдениеттің белгілі бір құбылысы пайда болады. Мысалы, ұрпақ
жалғастығына мәдени жауап – неке мен отбасының бітімдері мен туысқандық
жүйесі. Басқа бір қажеттілікті Малиновский даму деп санады, ал оған мәдени жауап-
білім және тәрбие беру мен үйрету. Түпкілікті қажеттіліктердің қатарына мысалы:
тәндік қолайлықтарды да жатқызады, ал оларға жауап ретінде тұрғын үй пайда
болады. Осындай түпкілікті қажеттіліктер, Малиновскийдің пікірінше негізгілер
болып табылады. Ӛйткені олар мәдениеттің ядросын құрайтын тұтас бір мәдени
құбылыстар қатарына бастау береді.
Түпкілікті қажеттіліктермен қатар Малиновский басқа бір қажеттіліктер
түріне де кӛңіл аударып, оларды туынды қажеттіліктер деп атады. Еңбек
құралдарын әрдайым жасауды, оларды жаңартып отыруды Малиновский туынды
қажеттіліктерге жатқызады. Қоғамның экономикалық жүйесі, шаруашылық типі
және т.б. осы қажеттілікке жауап болып табылады.
Соңында Малиновский қажеттіліктердің үшінші тобын – интегративті
қажеттіліктерді атап кӛрсетеді. Бұл топтасуға, ұйымдасуға, беделге деген қажеттілік.
14
Бұл қажеттіліктер тобына мәдени жауап ретінде қоғамның саяси саласы тіл, магия
сияқты мәдени құбылыстар туындайды. Б.Малиновскийдің оларды интегративті деп
атау себебі мынада. Олар адамдарды топтастырады, оларды бір әлеуметтік
тұтастыққа біріктіреді немесе осы интеграцияға мүмкіндік жасайды.
Б.Малиновскийдің түпкілікті қажеттіліктерді негізгілер ретінде бӛліп қарастыруыда
тегін емес, ӛйткені олар адам табиғатының биологиялық мұқтаждықтарына жауап
береді. Б.Малиновский дәл соларды негізгілер деп санады, ӛйткені олар адамның
биологиялық табиғатымен байланысты.
Малиновский үшін бұл қажеттіліктердің маңызы ӛте зор, ӛйткені олар
қажеттіліктер жүйесінде басты орын алады. Сондықтан біз Малиновскийдің
теориясын негізгі қажеттіліктер теориясы деп атауымызға болады.
Малиновскийдің басты идеясы мәдени құбылыстар адамның биологиялық
табиғатынан туындайтын мұқтаждықтарға берілген тікелей жауап дегенге келіп
саяды.
Адам шын мәнінде жануар, сондықтан – оның бірінші шешетін мәселесі – бұл
қарапайым
биологиялық
қажеттіліктерді
қанағаттандыру.
Осыдан
келіп
Малиновский мәдениет құрылымы ұғымын шығарады: Адам әрекетінің негізгі және
қарапайым мақсаты органикалық импульсті қанағаттандыру, белгілі бір мӛлшерде
және мағынада мәдениет – табиғаттың адамға қойған талабына жауап. Сондықтан
Малиновскиймен бұл жерде келісуге болады.
Бірақ Малиновский адамның биологиялық табиғатымен мәдениет арасындағы
байланысты тым қарапайым, бір жақты түсінеді. Малиновский осындай әрбір
мұқтаждыққа белгілі бір мәдени құбылыс сай келеді деп санайды. Сӛйтіп ол
мәдениетті бірнеше сегменттерге бӛлді, олардың әрқайсысы Малиновскийдің
пікірінше адамның биологиялық табиғатының белгілі бір қажеттілігімен
байланысты.
Сонымен қатар Малиновский мәдениеттің тұтастығын атап кӛрсетеді. Мәдени
құбылыстардың ӛзара байланыстылығы, мәдениеттегі оның әрбір элементін, мәдени
жүйеден тыс түсінуге немесе оның мәдениет сияқты, функциональды тұтастықтағы
орынын елемеуге болмайтындығы туралы Малиновскийдің ойлары Малиновский
функционализмінің басым жақтарын кӛрсетеді.
Бірақ ол үшін мәдениеттің бірлігі, мәдениеттегінің барлығының адамның
биологиялық немесе басқа да табиғатының мұқтаждықтарына жауап беретіндігімен
байланысты.
Мәдениет адам қажеттіліктеріне берілген жауап, бірақ ол жанама жауап.
Әлеуметтік, мәдени жүйемен байланысты адам қажеттіліктеріне берілетін жауап та
әртүрлі болуы мүмкін.
Мынандай мысал келтірейік. Ұрпақ жалғастығын алып қарайық, бұл
биологиялық қажеттілік. Ол оған берілген жауаптың отбасы, туысқандық,
туысқандық жүйесі екендігі рас.
Бірақ әр түрлі қоғамда бұл қажеттілікке әр түрлі жауап беріледі, ӛйткені
әлеуметтік мәдени қарым-қатынастарға байланысты әртүрлі отбасы типтері,
туыстық жүйелері бар.
Мысалы, целибат принципі (дінбасылардың некесіздік принципі). Целибат
адам табиғатына жат екендігіне қарамастан, тарихи жағдайлардың маңыздылығы
15
алғы қатарға шықты, сӛйтіп биологиялық табиғат талабы қабылданбады.
Сондықтан, мәдениеттің адам табиғатының мұқтаждықтарына берген жауаптарын
қарастырған кезде тарихи дамудың, тарихи жағдайдың және мәдени жүенің
күрделілігін естен шығармау керек.
Малиновскийдің еңбектері этнографияның дамуындағы ілгері қадам болды,
ӛйткені оларда мәдениет құрымдық тұтастық ретінде қаралды, этнографиялық
суреттеуде жетістіктерге қол жеткізілді. Этнографиядағы Б.Малиновский негізін
қалаған далалық зерттеу тәсілдері кең қолданыс тапты. Малиновский мәдени
құбылыстардың әлеуметтік себептеріне де кӛңіл бӛледі. Ол қазіргі ӛркениеттің
батыстану (вестернизация) процесіне тоқталып, оның қайшылықтары туралы сӛз
қозғайды.
Енді мәдениеттанудағы мәдениет және коммуникация мәселелерін
қарастырайық. Қазіргі дәуір ғылым, ӛнер, саясат және т.б. салалардағы ақпарат
ағымымен сипатталады. Қазіргі біздің қоғамдастығымыз, қоғам ӛмірі, адамдар
арасындағы қарым-қатынас құралдар сипатына байланысты. Осыған байланысты
коммуникативті жүйелердің әлеуметтік құрымдардың маңызы артып отыр.
Ғылымда математикалық рәміздер (символдар) кең қолданылуда. Әртүрлі кодтарды
пайдаланатын техникалық жабдықтар кӛбеюде. Бұл заңды процестер адамзаттың
әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресінің кӛрінісі болып табылады. Оның
негізінде объективті құбылыстар: әлемнің экономикалық интеграциялануы, жалпы
нарық маңызының артуы, мәдени қарым-қатынастардың дамуы және т.б. жатыр.
Қалыптасып келе жатқан постиндустриялық қоғам үшін автоматика мен
коммуникация арасындағы ӛзара байланыстың теориялық аспектінің маңызы
ерекше. Американдық автоматика және техникалық ақпарат маманы Дж. Диболд:
”Автоматика адамдардың ӛмірінде, ХVІІІ-XІX ғ. ӛнеркәсіп тӛңкерісімен теңдес
тӛңкеріс жасайды” –деп жазды. Оны Диболд ақпараттық революция деп атады.
Ақпараттық революцияның нәтижесінде әрбір адамның және бүкіл адамзаттың
ӛмірінде орасан зор ӛзгерістер болады және болып та жатыр дейді Диболд. Адам,
егер ол осы түбегейлі, бұрын-соңды болмаған ӛзгерістер ағымында нық тұрам десе,
қазірдің ӛзінде техниканы игерудің психологиялық, рухани, философиялық
алғышарттарын жасау керек.
Ӛз пікірінде Диболд жалғыз емес. ХХ ғ. 40-50 жж. кӛптеген ғалымдар
мәдениеттің негізі ретінде адамзаттың жан-жақты, жүйелі және тұрақты рәміздеулік
(символизациялауға) қабілетін ерекше атап кӛрсететін болды.
Қазіргі кездегі мәдениеттің рәміздік теориялардың басым кӛпшілігі Канттан бастау
алады. Оның пікірінше адам объективті шындыққа сай келмейтін құбылыстар
әлемінде ӛмір сүреді және соңғылары бастапқының рәміздері болып табылады.
Канттың пайымдауында адам да табиғат сияқты ӛзіндік зат.
Неокантшылдардың арасында мәдениеттің рәміздік теориясын дәйекті түрде
қастырған Э.Кассирер болды (1874-1944). Ол Германия университетінде білім алып,
кейіннен оқытушы болып қызмет істеген. Гитлер ӛкімет басына келген соң АҚШ-қа
қоныс аударып, сонда тұрып қайтыс болған. Оның негізгі кӛпке танымал еңбегі
“Рәміздік формалар философиясы” және “Адам туралы очерк” –деп аталады (ХХғ.
20 ж. соңы – 30-шы жылдардың басында жарық кӛрген.)
16
Егер Малиновский мәдениетті адамның биологиялық қажеттіліктеріне, ал
Фрейд және оның ізбасарлары мәдениетті индивидтің сыртқы ортаға бағытталған
биологиялық импульстеріне проекциялауға саю арқылы түсіндіруге тырысса,
Кассирердің назары адамның биологиялықтан тыс қасиеттеріне ауды. Қассирер
үшін адамның тӛменгі, биологиялықпен байланысты, қарапайым біржақты болмыс
ретінде табиғаты жоқ. Кӛптеген ағымдарға тән бұл ойды испан философы Ортега-и-
Гассет былай деп тұжырымдайды: “Адамның табиғаты жоқ, оның тарихы ғана бар”.
Адам әрқашан қоршаған орта мен ӛзінің ішкі дүниесін білуге, тануға құмартып
келеді. Оның еркіндігі, шығармашылығы, қоршаған ортамен қарым-қатынасы
адамды сипаттауда қажеттіліктер мен инстинктілерге қарағанда маңызды болып
келеді. Мәдениет адамның мұқтаждықтарға жауабы ретінде емес, ӛзара түсінісу,
қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникация қажеттілігіне жауап ретінде пайда
болады. Яғни мәдениетте заттар мен психикалық күштер маңызды емес. Адам
мәдениетінің сипаты мен зерделік, моральдық құндылықтары оның табиғатына
емес, рухани бітіміне байланысты және содан бастау алады.
Кассирер пайымдауында барлық тіршілік иелерінде рецепторлық және
эффекторлық жүйелер бар. Рецепторлық жүйе арқылы биологиялық түр сыртқы
стимулдарда қабылдайды, эффекторлық жүйе арқылы оларға жауап береді, олар бір-
бірімен тығыз байланысты, бір функциональдық тізбектің бӛлімдері болып
табылады. Осындай механизмдер адамға да тән, бірақ оның тек адамға ғана тән
сипаты бар. Адамдағы бұл құрылымдық тізбек тек кеңейіп қана қойған жоқ, ол
сапалық ӛзгерістерге ұшырады. Адам қоршаған ортаға бейімделудің жаңа тәсілдерін
ойлап тапты. Жалпы барлық тіршілік иелеріне тән рецепторлық және эффекторлық
жүйелер аралығында, адамда үшінші тізбек тұр. Оны рәміздік тізбек деп атауға
болады. Адам жануармен салыстырғанда тек болмыста ғана емес, болмыстың жаңа
ӛлшемінде ӛмір сүреді. Сондықтан органикалық реакциялар мен адам
жауаптарының арасындағы айырмашылық күмәнсіз. Бірінші жағдайда жауап
тікелей берілсе, екіншіде жауап күрделі ойлау процесімен байланысты болады.
Адам енді тек физикалық кеңістікте емес, ол рәміздік кеңістікте ӛмір сүреді.
Тіл, миф, ӛнер, дін – осы кеңістіктің бӛліктері.
Кассирер үшін ендігі жеоде адам тек рационалды жануар емес, рәміздік жануар. Бұл
анықтама адамның ӛзіндік ерекшеліктерін, оған ашылған мәдени шығармашылық
болашағының мүмкіндігін түсінуге мүмкіндік береді.
Осындай қағидаларға сүйене отырып Кассирер ӛз еңбектерінде миф пен дінді, тілді,
ӛнерді, ғылымды қарастырады. Кассирерге сәйкес бұлардың бәрі – рәміздік
формалар. Оларды игеру адамды адам етеді. Рәміздердің мән-мағынасын ашу
этномәдениеттердің сырын түсіну үшін ӛте маңызды. Бірақ мәдениеттің маңызды
жағы материалдық ӛндіріс Кассирердің назарынан тыс қалып қалды.
Мәдениет адам туындысы, ал адам санасы, ерік-жігері, эмоциялары, интеллектісі
арқылы жасалады. Бұл тұрғыда Кассирердікі дұрыс. Бірақ мәдениетті символдарға
теңейтін, ал оның қызметін тек коммуникация мен символизацияға саятын бір
жақты ұғыммен келісуге болмайды.
Мәдениетті тек рәміздік формалардың жиынтығы деп қарастырумен
шектелуге болмайды. Тіл, әрине, адам тірлігімен байланысты және оның барлық
құбылыстарын қамтиды. Сонымен қатар мәдениеттің негізі тек тіл мен қарым-
17
қатынас қана емес. Шын мәнінде мәдениеттің негізі адам мен қоғамның пәндік –
практикалық әрекеті.
Қоғамдық-тарихи тәжірибе барысында мәдени құндылықтар жасалады. Бұл
құндылықтар қоғамдық адамның қоршаған орта мен қарым-қатынасының жемісі.
Идеялар, еңбек тәсілдері, кӛркем образдар және т.б. коммуникативтік жүйелердің
әсерінен тыс емес. Бірақ олардың ӛзіндік мәні бар, олар адамның биологиялық,
рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Мәдениет дамуындағы адамның табиғи компонентінің де рӛлін теріске шығаруға
болмайды.
Адам да тірі жан. Мәдениет оның биологиялық тіршілігін жеңілдететін
маңызды құрал болып табылады және оны нағыз адамдық дәрежеге кӛтереді.
Адамдағы табиғи бастау ешқашан ӛзгеріссіз қалмайды, онда әрқашан тарихи
дәуірдің, этностың қолтаңбасы кӛрініс табады. Сондықтан Ортега-и-Гассеттің
«Адамның табиғаты жоқ, оның тарихы ғана бар» деген сӛзін, былай деп түзетуге
болады: адамның тарих ӛзгерпеген табиғаты жоқ.
Таңбалар, рәміздер және басқада рәміздік формалар мәдени құбылыстардың
басым кӛпшілігін құрағанмен олар мәдениеттің негізі болып табылмайды.
Дұрысырақ айтсақ мәдениеттің барлық мәнін оларға әкеп саюға болмайды. Қазіргі
кезде қоғадық ӛмірдегі тілдің маңызы күмән туғызбас. Бірақ одан басқада маңызды
коммуникативтік жүйелер бар екенін мойындауымыз керек.
Рәміздер арасында адам эмоциясынан тыс таңбалар да кездеседі. Осыған орай
олардың шартты – функциональдық мағынасы айқын кӛрінеді (мысалы: жол
белгілер, Морзе әліппесі, алфавит). Сонымен қатар маңызды қоғамдық және жеке
тұлғалық құндылықтармен байланысты таңбалар мен рәміздер де жоқ емес.
Американдық
рәміз
(символизм)
зерттеушісі
Л.Берталанфи,
оларды
экзистенциальдық рәміздер деп атауға ұсынды (мысалы: саяси, рухани лидерлердің
есімдері мен портреттері, салт-дәстүрлер, ақша, ордендер және т.б. символикалық
сипаты бар).
Э.Кассирердің рәміздік теориясы мәдениеттанушыларды жеке адам мен қоғам
ӛміріндегі рәміздердің рӛлін жан-жақты зерттеп, олардың сан-алуан қырларын
ашуға жетеледі.
Мәдениет теорияларын талдауымызды ХХ ғ. мәдениттануында кӛптеген пікір-
таластар, қызығушылық пен түсінбеушілік тудырған мәдениеттің ойындық
тұжырымдарын қарастырумен аяқтайық.
Мәдениеттің қызықты да күрделі, терең түсінуді талап ететін бір қыры – ойын.
Ойын әлеуметтік қатынастың ерекше бітімі. Ойын барысында адам күнделікті
тұрмыстан ӛзгеше шындық аясына ӛтеді. Оның маңызын тек шаршаған жүйкені
тынықтыруға, кӛңіл кӛтеруге әкеп саюға болмайды. Ойында адамның
жасампаздығы, еркін әрекеті іске асады. Ол адами қарым-қатынастың ерекше
атмосферасын, адамның қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаға деген ерекше
ықыласын қалыптастырады. Ойынның осы қырлары антик заманнан бері
ойшылдарды ӛзіне тартып келеді. Платон ӛз еңбектерінде ойындық ғарыш туралы
сӛз қозғаса, неміс ойшылдары Кант пен Шиллер ойынның эстетикалық табиғатына
тоқталады. Ал белгілі голландиялық мәдениеттанушы Й.Хейзинг ойында адамның
мәндік қасиеттері кӛрініс табады деп санайды. Й.Хейзингтың тұжырымына сай
18
мәдениет – “ойын адамының” ӛнімі. Ӛзінің “Ойын адамы” (“Человек играющий”)
атты еңбегінде Хейзинг тарихтың ерте бастауларында мәдениет пен ойын бара бар
болды, мәдениет ойында ойын ретінде ӛрбіді. Архайкалық мәдениет ойындық
бастауларға толы болды деп атап кӛрсетеді. Поэзия ойын аясында пайда болды және
ойын бітімдерінде ӛз жалғасын тапты. Музыка мен биге толығымен ойындық сипат
тән. Даналық пен білімсӛз ӛнерін сынауда кӛрініс тапты. Сӛйтіп, Хейзинг мәдениет
ӛзінің кӛне бітімдерінде “ойыналады”деген сенімде болды. Яғни мәдениет жеміс
сияқты ойында пісіп жетіледі, ойында ойын ретінде дамиды. Ойындық бастаулар
мен ойындық элементтер мәдениеттің кӛптеген салаларын қамтиды. Олар ӛнер мен
этномәдени дәстүрлерде,әртүрлі сайыстарда жиі ұшарасады. Ойын бұл
құбылыстарда құрылым құрастырушы бастау болып табылады.
Й.Хейзингтың
мәдениетті
ойындық
тұрғыдан
қарастыруында
мәдениет
болмысының нақты мәндері айқындалады. Ойындық элементтер адамның
әлеуметтік жан ретінде қалыптасуында, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық
кернеуді залалсыздандыруда, адам бойындағы соқыр күштер мен қуатты, сезімдер
мен құмарлықтарды сыртқа шығару арқылы адами қатынастарды жұмсартуда
маңызды орын алады. Ойындық-карнавалдық мәдениеттің бұл қырын орыс ғалымы
М.М.Бахтин ӛз еңбектерінде атап кӛрсетеді.
Қазіргі заман мәдениетіндегі дағдарыстық кӛріністер мен тоқырады Й.Хейзинг
ойындық бастаулардың сарқылуымен түсіндіреді. ХҮІІІ ғ. басталған ойынның
мәдениеттен ығыстырылуы ХІХ ғ. аяқталып болды. Ойын енді ӛндірістік тұрғыда
ұйымдастырылған сәуегейлік сипатқа ие болды. Ойын кәсіби іске, пайданың кӛзіне
айналды. Бұл ойынды руханилықтан жұрдай етеді. Қазіргі адам ойын мен маңызды
нәрсенің аражігін айқын аша алмайды, маңызды нәрсе ойынға, ойын маңызды
нәрсеге айналады. Бұл құбылысты Хейзинга “пцелиризм” ұғымы арқылы
бейнелейді. Пцелиризм ойындық санаға қарама-қарсы, онда балалықтың дӛрекілігі
мен тӛзімсіздігі, ӛзіндік айқындалмағандық пен тәуелділік кӛрініс табады.
Й.Хейзингтың тұжырымы ғылыми-теориялық сипатта болмағанымен, ол
мәдениеттанудың дамуына үлкен ықпал етті. Мәдениеттанушылардың назарын
мәдениеттің ойындық аспектілерін зерттеуге аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |