9
ӛнімдері – дін, ғылым, ӛнер және т.б., ал материалдық мәдениетке материалдық
ӛндіріс ӛнімдері –
еңбек құрал-жабдықтары, қару-жарақ, киім-кешек, тұрғын үй
және т.б. жатады.
Бірақ нақты ӛмірде мәдениет бӛлінбейтін тұтастықта болады. Материалдық
мәдениет ӛсімдеріне
адамның ақыл-ойы, арман-мұрат, ізденісі мен талпынысы
кӛрініс табады. Рухани мәдениет ӛнімдері заттануы үшін материалдық бұйымдар
қажет (Мысалы, сурет салу үшін бояу, қағаз және т.б. қажет).
Енді мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда берілген анықтамаларға тоқталып ӛтейік.
Технологиялық тұрғыдан қарастырғанда мәдениет – қоғамдық ӛмірді ӛндіру мен
ұдайы ӛндірудің белгілі бір деңгейі. Қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлер,
саяси
институттар, әлеуметтік қатынастар әрдайым мәдени мұрагерлік арқылы қайта
жаңғырып, жаңарып отырады.
Аксиологиялық тұжырымдамаға сай мәдениет – материалдық және рухани
құндылықтардың жиынтығы. Бұл кӛзқарас қоғам ӛміріндегі идеалды үлгі болуға
тиісті нәрсеге басты назар аударады және онда мәдениет болуға тиістінің нақтығы,
бар нәрсеге ӛтуі ретінде қарастырылады. Мысалы, азаматтық
қоғам мен құқықтық
мемлекет идеялары идеал ретінде қалыптасты. Ал қазіргі заманда ол ӛмірлік
қажеттілікке айналып отыр.
Нормативті анықтама бойынша мәдениет – әлеуметтік орта ықпалымен
қалыптасатын жеке адамның ӛмір салты.
Мәдениетке берілген кез-келген анықтамаларды қарастырғанда тӛмендегідей
жаиттарды есте ұстаған жӛн.
1. Мәдениет қоғамның бір бӛлігі, саласы емес, оның мәнді құндылық сипаты.
2. Адамсыз мәдениеттің, мәдениетсіз адамның болуы мүмкін емес.
3. Мәдениет мазмұнында адамдық әрекет тәсілі, оның нәтижелері,
адамның
қалыптасып, дамуындағы олардың маңызы кӛрініс табады.
Мәдениет ұғымын талдағанда ӛркениет мәселесі, олардың арақатынасы туралы ой
туындайды. Енді ғылымды осыған қатысты пікір тұжырымдарға тоқталайық.
Ӛркениет термині латын тілінің “cіvіlіs” сӛзінен бастау алады және азаматтық
дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп ӛздері атаған, басқа
халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын кӛрсету мақсатында қолданған.
“Ӛркениет” олардың түсініктері
бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті,
заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді
(Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева, “Мәдениеттану”, Алматы: “Раритет”, 2000
ж. 26 б.).
Яғни ӛркениет ұғымы бастапқыда азаматтық, мемлекеттік сапалармен
белгілерді білдірген. Ұзақ уақыт бойы бұл ұғымдар адамды сипаттау үшін
қолданылып келді. ХІХ ғ. Нағыз мәдениетті адамды, яғни білімді, тәрбиелі адамды
ӛркениетті адамға қарсы қойған. Себебі, ӛркениеттілік
тұлғаның тек сыртқы
сипаттарын (мысалы, киім киісі, сән үлгісіне еліктеуі) білдіреді деп саналған.
Сондықтан ӛркениеттілік тұлға туралы толық түсінік бере алмайды. Мәдениет пен
ӛркениет арақатынасын түсінуде екі түрлі бағыт қалыптасқан. Алғашқысына сай,
ӛркениет мәдениеттің соңы, оның күйзеліске ұшырауы. Бұл бағыт француз ойшылы
Жан-Жак Руссодан бастау алады және Ф.Ницше, О.Шпенглер, Ж-П.Сартр және т.б.
еңбектерінде ӛз жалғасын табады.
10
Аталмыш ойшылдардың тұжырымдарына сай техникалық жетістіктер мен
бюрократиялық басқаруға негізделген қазіргі ӛркениет
адам еркіндігіне,
шығармашылығына нұқсан келтіреді. Ӛркениетке деген оптимистік кӛзқарас Батыс
елдерінің техникалық инженерлік сала зиялыларына тән. Олар мәдениеттің алға
басуын тек материалдық-техникалық саладағы жетістіктермен байланыстырады. Бұл
бағыттың мазмұны У.Ростоу, Р.Арон, Д.Белл еңбектерінде ӛз кӛрінісін тапқан.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мәдениет – адамға іштей (имманентті) тән
тылсымдық қасиет, ал ӛркениет – адамның тіршілік етуінің сыртқы алғышарттары
деп тұжырымдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: