Ерте кезден бастап-ақ адамдардың мереке қарсаңында бір-бірін ашық хаттар яғни (открыткалар) арқылы құттықтау дәстүрі бар болып саналады.Ашық хаттар әр алуан мереке, мейрамдарға атап айтқанда,наурыз,жаңа жыл,туған күн ,8- наурызға арналып жасалынады.Мұнда шын ниетімен тілеген ізгі тілектері жазылады.
Алғашқы ашық хаттар үлгісі 1765 жылы Жапонияда пайда болған.Жапондар бір-бірін алғашқы қар және айдың толуымен ,т.б.осындай себептермен құттықтау кезінде ашық хаттарды пайдаланған екен.
"Реферат"
-сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі бір тақырыптағы баяндама.
Мәтіндерді оқу және оларды рефераттау оқушылардың репродуктивтік-продуктивтік дағдыларының дамуымен сабақтас. Репродуктивті- продуктивті дағдылары реферат жазуға қажетті материалдар бойынша жоспар құру, сұрақтарға жауап беру, тірек сызбалар мен сөздіктерді пайдалану арқылы көрінеді. Оқушының репродуктивті-продуктивті дағдысы жинақталған материалдардың маңызды еместерін алып тастап, мәтінді қысқартуынан; мәтіннің құрылымын логикалық бірізділікпен қайта өзгертуінен; ортаға бейімделген қарым-қатынас дағдысынан байқалады.
Мәтінді қысқартуда әртүрлі тәсілдерді пайдалануға болады:
құнды ақпаратты қабылдауды неғұрлым жеңілдететін сызба, кесте, диаграммаларды алып тастап, тек қысқаша түсініктерге сүйену арқылы мәтінді қысқарту;
мәтіннен кейбір таныс емес терминдер мен академиялық фактілерді азайту;
реферат мәтініндегі көп қайталанатын, өзі жақсы білетін материалдарды алып тастау және т.б