Ашыќ сабаќ жоспары



Дата26.06.2023
өлшемі31,23 Kb.
#103449
Байланысты:
Эл ресурс жасау


Мереке ШОШАКҰЛЫ,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы


Білім берудегі электрондық ресурстардың жасалу мәселелері

Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеті де, дүниежүзіндегі көптеген дамыған елдердегідей: өркениетті дамытудың бірден-бір маңызды стратегиялық мәселесі ретінде білімді ақпараттандыру қағидасына ерекше назар аударуда. Қазақстандағы білім саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттің тың саясаты да осының дәлелі іспеттес.


Қазақстан Ресбуликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: «…білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» - деп атап көрсеткен.

Білім берудегі электрондық ресурстарды зерттеген ғалымдар (анықтамасы).
Білім беруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану мен енгізу мәселелері Қазақстанның және шет аймақтардың педагогикалық зерттеулерінде қаралуда. Осындай мәселелер С.А. Жданов, А.А. Абдукадыров, Б.С. Ахметов, Т.О. Балықбаев, С.А. Бешенкова, Н.Х. Розов, Е.Ы. Бидайбеков, Ю.А. Первин, Н.Ф. Талызин, Н.Д. Угринович және т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Бұл еңбектерде оқу құралы ретінде қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру мен компьютерлерді қолдануда мамандарды дайындаудың қарқындылығы өсетіндігін көрсетілген.
Информатиканы оқытудың электрондық құралдары М.Н. Алексеев, С.Г. Григорьев, Л.Б. Рахимжанова, И.Н. Скопин, Н.А. Талпаков, Т. Хакимова және басқа да ғалымдардың жұмыстарында кездеседі . Республикада білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңінің ерекшелігі ретінде оқу процесінде қолданылатын әртүрлі электрондық құралдар мен ресурстарды, яғни электрондық анықтамалар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, студенттер білімін бақылаудың автоматтандырылған құралдары, электрондық оқулықтар және бағдарламалық-әдістемелік кешендерге біріктірілген тренажерларды игеруге ұмтылу басты мақсат болып отыр.
Е.Ы. Бидайбеков, С.Г. Григорьев және В.В. Гриншкун ұсынған білім беру электрондық ресурстарын тек білім саласында ғана емес, барлық салада қолданылатын электрондық ресурстардың жалпы түсінігі арқылы екі кезеңмен анықтаудың тәсілдері бар. Бұл жағдайда электрондық ресурстар ретінде графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, музыкалық, видео-, фото- және басқа да ақпараттардың жиынтығы деп қарастыру ұсынылған. Бір электрондық ресурста ақпараттық немесе ақпаратты-анықтамалық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары бөліп көрсетілуі мүмкін. Электрондық ресурс кез-келген электрондық тасымалдағышта орындалуы мүмкін, сонымен бірге электрондық компьютерлік жүйеде жариялануы мүмкін.

Электрондық ресурстарды төмендегідей жіктеуге болады:





Электрондық ресурстардың жасалу мәселері
1) Электрондық ресурстарға қойылатын талаптарды орындау;
2) Электрондық ресурстарды жасау үшін көптеген мамандардың қатысуы;
3) Сапалы электрондық ресурстарды жасауға көп уақытты жұмсауы;
4) Электрондық ресурстарды жасауға қажетті бағдарламалық жабдықтарды жетік білмеуі.
Электрондық ресурстардың жасалу мәселелердің шешу жолдары
1) Әрбір электрондық ресурстарға қойылатын талаптарды сақтау;
2) Электрондық ресурстарды жасауға қатысатын мамандардың санын минимальды азайту;
3) Көлемі шағын электрондық ресурстарды жасау керек;
4) Мұғалімдердің біліктілігін арттыратын курстарды өткізу керек.
Жалпы орта білім беретін физика-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарға арналған электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты ұлттық ақпараттандыру орталығында Алматыда 2010 жылы жасалды.
Электрондық оқу құралы жоғарыда аталған стандарт негізінде құрылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. http://edu.gov.kz
2. http://www.aikyn.kz
3. http://www.pedagog.kz
4. http://www.bsh.kz
5. http://site.kstu.kz
6. http://www.nci.kz


Өскемен қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет