Ашық сабақтың өзін-өзі талдауы



бет1/2
Дата28.07.2023
өлшемі19,6 Kb.
#104874
түріСабақ
  1   2

Ашық сабақтың өзін-өзі талдауы

  1. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтты. Қайталау кезінде интенсивті әдістер қолданылды, яғни пән аралық байланыс, яғни «Білім пирамидасы», деңгейлік тапсырмалар пирамиданың әр жағында әртүрлі пәнге байланысты есептер берілді, географияға, физикаға және математикалық есептер берілді.

  2. Сабақтың мотифизациясы: математикалық статистикалық элементтерді білу. Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, топ жетекшісіне бағалау парағы берілді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін әр топқа ребустар берілді. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашты, мақсатымен сабақтың түрі, типі, әдіс-тәсілдері айтылып өтті. Жаңа сабақ Г.Галилейдің «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек» деген қанатты сөзімен басталды.

(интерактивті тақтада слайд көрсету арқылы) жаңа сабақ түсіндірілді.
Блум таксономиясы бойынша.
Білу «Ойлан тап» ойыны бойынша топпен жұмыс болды.
Түсіну Жаңа сабақ бойынша сұрақ қою арқылы. Кеспе қағаздар эр оқушыға берілді.
Сергіту сәті «Қызыл өрік» әні бойынша
«Қолдану» Топпен жұмыс оқулықтағы есептер шығарылды
Талдау «Кім жылдам» ойыны бойынша әр оқушы есеп шығарудан жарысады.
«Жинақтау» «Аққулы көлде» суреттегі есептерді шығару арқылы жаралы аққуды ұшыруға көмектесу.
Бағалау: «Инсерт» стратегиясы бойынша білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
Оқушылар баллмен бағалады. Содан соң өзім бағаладым.





10.04.2015

Сабақ 1

Уақыт: 45 минут

Пән: математика

Сынып: 5

Сабақ атауы

Санның арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы

Түрі

Аралас сабақ

Типі

Білімді икемдеу және дағдыны жетілдіру

Жалпы мақсаты

Санның арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын және модасын табуды үйрету. Оқушыларда есеп шығару қабілеттерін дамыту. Есеп мәтінін сараптау және есеп сұрағына байланысты амалдар белгісін таңдау, қабілеттерін қалыптастыру.

Әдісі

Индуктивті (қарапайымнан күрделіге ауысу). Фронтальды (жалпы сұрақ беру). Сыни ойлату, диалог, деңгейлеп дамыта оқыту, акт технологияларының элементтері, дарында балаларды анықтау әдістері.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, компьютер, таблица, бағалау парағы, постер, маркер, слайд презентация

Оқыту нәтижесі

Топта сыйластық, іскерлік атмосферасы орнығады, бір-біріне көмек береді. Сыни ойлаудың стратегияларын меңгереді.

Пәнаралық байланыс

Информатика, физика, география

Негізгі идеялар

Бұл сабақта өз бетімен оқу арқылы сабақты меңгерту және оқушының пәндік білімін жетілдіру және тақырыпты меңгеруде өз ойларын еркін айтуын қалыптастыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет