Ашық тәрбие сағаты тақырыбы:«Тәуелсіздік тұғыры биікте»



Дата22.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#26087
Байланысты:
Тәрбие сағаты тәуелсіздік практика


С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицей

Ашық тәрбие сағаты

тақырыбы:«Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Өткізген: Қазыбай М.



Қызылорда қ., 2021 ж

"Тәуелсіздік тұғыры биікте" ашық тәрбие сағаты 

Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру 
Көрнекілігі: слайдтар, фотосуреттер, «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісі. 
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты 
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Қасқалдақ ұшып көлінен 
Шүрегей келіп қонған күн 
Қыранды қуып көгінен 
Қарғалар билік алған күн 
Нашақор деп, ұлтшыл деп, 
Қазаққа күйе жаққан күн. 
Базары кетіп бір күнде 
Қайғыға халық батқан күн. 
Қақаған қыстың ызғары, 
Сүйектен өтіп кеткен күн. 
Қара көз қазақ қыздарын 
ОМОН-дар бастан тепкен күн. 
Қариялар итке таланып, 
Ер басын күрке шапқан күн 
Аппақ қар қанға боянып 
Қып қызыл мұз боп жатқан күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін 
Жаншыдау жанын батқан күн 
Енді қайтып келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

Тәуелсіздік тарихы

  «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісін көру. Оқушылардан бейне көрініс туралы ойларын сұрау.
1986-шы жылдың желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.

Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.



1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.



Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  

Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандарымызға арнап «Желтоқсан қарлығаштары» атты кітап – БолатбекТәңірбергеннің публицистикалық жанрда жазылған.  Бұл кітап Алматы қаласы әкімдігінің Ішкісаясатбасқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша 2010 жылы жарық көрген. 191 беттен, 4 бөлімнен тұрады. 

1-бөлім – Ұлтазаттық күрестерден желтоқсан көтерілісіне дейін;

 2-бөлім – Желтоқсан, қыздар, тағдырлар; 

3-бөлім – Желтоқсандық қыздар естелігі елдіктің сырын шертеді; 

4-бөлім – Қаһарман қыздар қайда жүр? деген тақырыптармен берілген. 
Топпен жұмыс.

1. Нұр әлем тобы-болашағымыз

2. Бәйтерек тобы-тарихымыз

3. Пирамида тобы-бүгінгіміз



3 топқа тапсырма. Ватманға сфера, бәйтерек және пирамиданың суретін жапсырады. Алдарына мәлімет және ұялы телефондары беріледі. Мәлімет бойынша және ұялы телефон арқылы өздері ассоциация және мағлұматтарды алады. Ізденістік жұмыс жасайды.


Оқушылар топпен жасаған жұмыстарын қорғайды.

Рефлексия. Күннің көзі бейнеленген. Оның 16 жапырағы бар. Оның жапырақтарында 16 оқушының 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған, тілектері жазылған.



Қорытынды.

"Тәуелсіздік тұғыры биікте" атты ашық тәрбие сағатын мынанда өлең жолдарымен бітіргіміз келеді.

Оқушылар:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын, 
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. 
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп, 
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет