Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

7 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Қанша ашығу керек? 
        
Жаңадан  бастаушыларға  бірінші  кезекте  қандай  кеңес  беру  керек? 
Алғашында  10  күннен  артық  ашығуға  болмайды,  оның  өзі  талай  жыл 
ашығудан тәжрибесі бар маманның бақылауымен өтуі керек. 
     
Ашығу – ағзаны ғылми әдіспен тазалау, сондықтан ғылми түрде өткізілуі 
тиіс. Менің пайымдауымша, осы күнгі саумыз деп жүрген адамдардың 60 – 
70 пайызы және ауыр науқастардың 85 – 90 пайызы, ағзаларында жиналған 
уларды шығарамыз деп, ұзақ 23 – 35 күн ашықса өліп қалады. Ұзақ ашығу 
маманның бақылауымен өтуі керек, себебі ашығуды қай кезде аяқтауын нақ 

 
44 
айта  алады.  Маман,  біздің  бүйрегіміз  улардан  қалай  тазаланып  жатқанын 
бақылайды,  ол  күніне  бірнеше  қабат  кіші  дәретіңізді  тексереді,  егер 
бүйрегіңізге  салмақ  түсіретіндей  улы  заттар  көп  бөлініп  жатса,  онда 
ашығуды  қолма  қол  тоқтатады.  Ең  білгір  маманның  өзі  де  айта  алмайды: 
«Сізге  30  не  40  күн  ашық»  -  деп.  Мен  өзім  мөлшермен  21  –  35  күн  ашығу 
тағайындаған кісілерімді жиі бақыладым. Кей кездерде, алғашқы 6 күнде улы 
заттар  өте  көп  мөлшерде  бөлініп,  ашығуды  доғаруыма  тура  келді.  Сонан 
кейін  ашыққан  адам,  табиғи  тағамға  көшіріліп,  бірнеше  аптадан  кейін 
ашығуды  ары  жалғастырдық.  Егер  улар  тағы  көп  бөліне  бастаса,  ашығуды 
қайта тоқтата тұрдық. Білмейтін адамдар айтады: «Неғұрлым көп ашықсаң, 
соғұрлым  тазаланасың».  Мен  бұған  сенбеймін,  себебі  қазіргі  жетілген  адам 
өте  әлсіз.  Табиғат  жаратылысының  бір  де  –  бір  тіршілік  иесі  адам  сияқты 
қомағайланып,  тамақтану  заңдылығын  бұзбайды.  Мені  дұрыс  түсініңіздер, 
адам  табиғат  заңдылығын  аттап  өте  алмайды.  Табиғи  заңдылықты  бұзуға 
тырысып, ол  өзін құртады. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын адам бұза ала ма? 
25  – 
ші қабаттан секіріп, адам тірі қала ма? Әрине жоқ. Осының да табиғи 
тамақтану заңдылығына қатысы бар. Өңделген өлі тамақтарды жеуге адамды 
иландыруға болады. Денсаулық, ұзақ өмір сүру жайында айтылған насихатқа 
адам шүбәсіз сенеді. Ал аурудың өтемі өте қымбат болады. 
      
Емханаларға,  дәрілерге,  операцияларға,  дәрігерлерге,  медбикелерге 
ақшаны кім көп шашады? Біз! 
       
Әлемдегі  басқа  ұлттармен  салыстырғанда,  өмірін  сақтау  үшін  ақшаны 
кім көп шашады? Біз! 
       
Бізді  жалықтырған,  толып  жатқан  аурулармен  күресу  қорларын  кім 
ұйымдастырып жүр? Біз! 
       
Жер  шарындағы  басқа  ұлттармен  салыстырғанда,  сансыз  демалыс 
үйлерін, емханаларды кім салып жатыр? Біз! 
     
Әртүрлі  емдеу  әдістерін  газет,  журнал,  радио,  теледидарлар  арқылы 
насихаттауға кім ақша шашып жатыр? Біз! 
     
Аспирин,  т.б.  ауру  басатын  дәрілердің  сансыз  мөлшерін  кім  қолдануда? 
Әрине, біз! 
     
Балалардың  өзіне  арнайы  аспирин  жасап  шығардық,  олардың  өзіне  ауру 
басатын  дәрі  қажет.  Менің  көзқарасым  бойынша,  қандай  түрде  болмасын 
аспирин  өте  қатерлі  дәрі,  осыны  жиі  қолданғандар  өз  бастарын  қатерге 
байлағандар. 
     
Маманның  бақылауынсыз  ұзақ  ашығуға  неге  қарсы  екенімнің  тағы  бір 
себебін  айтайын.  Жәй  адам  тек  қана  дұрыс  тамақтанбаудан,  ауамен  судың 
ластануынан,  химиялық  қалдықтар  мен  тұздан  ғана  уланбайды,  қосымша 
ішкен дәрілерінен де уланады. Сондықтан ағзаны ұзақ ашығу арқылы тазалау 
теория  жүзінде  жақсы,  ал  іс  жүзінде  жоқ.  Мен  өз  тәжрибемде  қысқа 
мерзімдік  ашығуда  тамаша  нәтижелерге  жетсем  де,  ұзақ  ашығудың  да  өте 
сәтті  болатынын  дәлелдедім.  Аптасына  24  –  36  сағат  ашығу  да  ағзаны 
тазалайтынына  көзім  жетті.  Осы  кезде  таңғы  астан  бас  тарту  жақсы 
көмектеседі. (жаңа үзіп алынған жемістерді жеуге болады). Ұзақ өмір сүргісі 
және өміршеңдігін арттырғысы келген адам, бірнеше ай табиғи тамақтарды 

 
45 
қолдана,  өзін  3  –  4  тәуліктік  ашығуға  дайындай  алады.  Төрт  ай  бойы,  апта 
сайын  24  –  36  сағаттан  үзбей  ашықса,  адам  7  тәуліктік  аштық  ұстауына 
болады.  Осы  аралықта  улы  заттардың  көпшілігі  ағзадан  шығарып 
тасталынады.  Алты  ай  тазаланғаннан  кейін,  7  тәуліктік  ашығу  қарапайым 
іске айналады. Алғашқы 7 күндік ашығу ғажайып нәтиже береді, өз өзіңізге 
таң қаласыз. Тағы бірнеше айдан кейін, ағзаңыз 10 тәуліктік ашығуға дайын, 
бұл кезде сіздің әр клеткаңыз толық тазаланатын болады. 
 
 
 
 
Ашығу тәжірибесі 
       
Осындай  саналы  және  мақсатты,  ішкі  тазалану  бағдарламасын 
басшылыққа алып іске асырсаңыз, ашығу – сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне 
айланғанына  қуанатын  боласыз.  Өз  ағзаңызда,  санаңызда  күн  сайын  болып 
жатқан  ғажайып  өзгерістерді,  жетілуді  көріп,  дұрыс  өмір  сүріп 
жатқаныңыздан ләззат аласыз. 
 
 
 
 
Қанша ашығу керек? 
        
Көптеген  адамдар  өздерінің  келте  ғұмырларын  салауатты  өткізгеннің 
орнына,  құртумен  шұғылданады.  Барлығы  қарымта  қайтару  заңына 
бағынғандықтан,  сіз  қиналып  барып  марапатталасыз.  Мен  үшін 
денсаулығымды жөндеуге және ғұмырымды ұзартуға кеткен еңбек адал. Мен 
өмірде іздегенімді таптым.  
 
Неғұрлым жиі ашықсаңыз, соғұрлым ұзақ ашығатын боласыз 
        
Мен сіздің ашығу мерзіміңізді 10 тәулікпен шектегім келмейді. Арасы 3 
айдан,  6  он  тәуліктік  ашығу  өткізбей,  10  тәуліктен  артық  ашығуға  кеңес 
бермеймін. Осындай қорыңыз болса, 15 тәулік ашығуыңызға болады. Осылай 
ашығу  арқылы,  сіз  ағзаңызды  тамаша  тазалай  аласыз.  Сіз,  не  болатынын 
білесіз.  Егер  осыдан  кейін  21  –  30  тәулік  ашыққыңыз  келсе,  қалай  өткізу 
керек екенін білесіз. 
      
Маған келетін болсақ, апта сайынғы 24 – 36 сағат және жылына 4 қабат 7 
– 
10  тәуліктік  ашығу  мен  үшін  жеткілікті.  Мен  аптасына  12  рет  қана 
тамақтанам,  кей  кезде  онан  да  аз,  егер  құрсағым  қатты  ашпаса  тамақ 
ішпеймін. Тағы ескертейін, ашығу ілім. Сондықтан да, ғажайып күтемін деп 
өзіңізді  ұзақ  ашығуға  аса  қысамаңыз.  Тәжрибелі  маманның  кеңесіне  құлақ 
асыңыз.  Маман  қысқа  мерзім  ашыққаның  да  пйдалы  екенін  мақұлдайды. 
Сізді  апта  сайынғы  24  –  36  сағаттық  және  әр  тоқсандағы  7  –  10  тәуліктік 
ашығуыңыз,  сізді  ұзақ  мерзімге  ашығуыңызды  дайындайды.  Егер  қажеті 
болмаса,  ұзақ  ашығуға  мен  өзім  сенбеймін.  (бұл  жағдайда  маманның 
бақылауы  қажет).  Менің  мыңдаған  шәкірттерім    дүние  жүзі  бойынша,  осы 
кітаптағы  бағдарламаны  ұстанады.  Олар  өздерімен  болған  ғажайып 
өзгерістерге дән риза. 
 
 
 
 

 
46 
8 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже береді 
      
Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже беретіні жайлы мамандардың өз 
араларында  әр  түрлі  көзқарастар  бар.  Англияда  ең  жақсы  30  тәулік  аштық 
ұстау  деп  есептейді.  Сондықтан  ағылшындардың  емханаларында  30  күндік 
ашығу  қолданылады.  Ағылшын  дәрігерлерінің  көмегімен,  ашығушы  адам 
төсекте ғана жатады, тұруға бірнеше минут қана рұқсат етіледі. Германияда 
ашығу  21  тәулік.  Франция  14  тәуліктік  ашығуды  қолдайды.  Бізде,  яғни 
Америкада 30 тәуліктік ашығуды жақтайды. 
      
Америкада  және  шет  елдерде,  ашығу  барысын  терең  білімді,  тәжрибелі 
мамандар  іс  жүзіне  асырады.  Ашығу  ғажап  ілім,  көп  оқу  керек.  Бірақта, 
әлемде өз беттерінше 30 күн одан да көп күндер ашыққан жүздеген адамдар 
бар.  Мен  әр  түрлі  елдерге  саяхат  жасап,  денсаулық  жайында  лекциялар 
оқығанымда  тыңдармандарымнан  сұраймын,  ашығумен  шұғылданған 
адамдар бар ма деп. Сөйтсем, менде дәрігердің бақылауынсыз – ақ 30 одан да 
көп күн ашығып, керемет нәтижелерге жеткен шәкірттерім көп екен. Бәрібір, 
егер  адам  30  не  одан  ұзақ  мерзімге  ашығуға  бел  байласа,  маманның 
бақылауында  болғаны  дұрыс.  Ол  сізге,  ағзадан  улы  заттар  қиналып,  ауыр 
шыққан кезде көмектеседі. 
 
Мен жақсы тамақ пен салауатты өмірде ұстаған қысқа ашығуға сенемін 
        
Менің  ашығу  туралы  теориям  төменде  көрсетілгендей.  Алдымен 
адамның  табиғатымен  санасу  керек,  біздің  әрқайсымызда  жүрексүну  көп. 
Егер ашығу мерзімі аз  болса, адамдардың көпшілігі ашығуды ұстанатынына 
мен сенімдімін. Көпшілігі 24 – 36 сағаттық  ашығуды ықыласымен ұстайды, 
өзін  жақсы  сезіне  бастағанына  көзі  жеткеннен  кейін,  3  тәуліктік  ашығуды 
жүзеге  асырады,  себебі  өзіне  сенімі  артады.  Келесі  қадамы  7  –  10  тәулік 
ашығу.  Менің  көптеген  шәкірттерім,  10  тәуліктік  ашығуды  талай  қайталап, 
15  ал  кейбіреулері  21  тәулік  ойдағыдай  ашығып  жүр.  Олар  24  сағаттық 
ашығудан  бастап,  біртіндеп  ұзақ  мерзім  ашығуда.  Неғұрлым  мол  тәжірибе 
жинасаң,  ашығуға  деген  сеніміңіз  беки  түседі.  Егер  бұрын  ашығып 
көрмесеңіз 24 – 36 сағаттық ашығудан бастаңыз. Сонда ашығудың ғажайып 
әсерін  өзіңіз  көресіз.  Сіз  қысқа  мерзімде  де  ашығып,  ағзаңызды  толық 
тазалай  аласыз.  Есіңізде  болсын,  неғұрлым  жиі  ашыққан  сайын  ағзаңыз 
тазарғанның үстіне тазарып, оң нәтижесі шоғырлана береді, ашығу арасында 
салауатты өмір салтын ұстаныңыз. 
 
Жамандықтан жақсылыққа өзгеру, адамды танымастай қылып өзгертеді. 
 
 
 
 
Менің ашығуымның жеке бағдарламасы 
      
Мен жанұяммен бірге, ашығу арқылы алатын зор жақсылықты мойындап, 
сеземін.  Мен  апта  сайын  24  –  36  сағат  үзбей  ашығамын.  Сондай  –  ақ,  жыл 
бойы 4 қабат. Ұзақ жылдар бойы осы кестені сақтаймын, өзімді аса жоғары 
деңгейде ұстаймын, мен бейне бір жан біткен динамо – машина сияқтымын. 
Менің күнім, кейбір адамдардың жылынан тығыз. Менде жұмыс пен ойынға 

 
47 
деген өлшеусіз қуат бар. Мен ешқашан да шаршамаймын, маужырамаймын. 
Мен  әркез  рухани  және  денелік  тынымсызбын.  Маған  дүние  жүзін  аралап 
көптеген лекциялар оқуыма, жазу жазуыма т.б. міндеттерді орындауыма тура 
келеді. Осының бәріне уақытым де, күшім де жетеді. 
      
Барлық бос уақытымды өзіммен құрдас сияқты араласып сөйлесетін, тәні 
де,  жаны  да  жас  балалар,  қыз  –  жігіттермен  өткіземін.  Ерте  қартайған 
адамдардан ауаша жүремін, себебі маған жаман әсер етеді. Олар өздерін ұзақ 
уақыт  бойы,  қартайып  біткен  адамбыз  деп  иландырып  алып,  нәтижесінде 
осыдан  қартайып  кеткен  адамдар.  Осылардың  көпшілігі,  осыдан  30  жыл 
бұрын  рухани  өліп  қалған  адамдар,  жерлеуімізге  шығын  шығармайық  деп, 
жер бетінде текке жүр. 
       
Мен  спорт,  теннис,  малтыу,  альпинистік,  би  үйірмелерінде 
шұғылданамын.  Маған,  көңілдің  көтеріңкілігін,  қимылдың  жылдамдығын 
сақтайтын  твист  сияқты  шапшаң  билер  ұнайды.  Мен  гавай  әуездерінің 
ырғағымен билегенді ұнатамын. Гавай аралдарында лекция оқығанымда, би 
кештеріне жиі қатысамын. 
      
Сіздің денеңіз ашығумен тазаланғаннан кейін, өзіңізді әрқашанда керемет 
сезінесіз,  табиғи  қалыпта  өмір  сүретін  боласыз.  Табиғат  адамды  бақытты 
болу  үшін  жаратты,  оны  мамыражай  етіп,  қорқыныштан,  келеңсіздіктен, 
езілуден азат еткен. 
 
Кітаптың жақсы қызметі, хабарлап қана қоймайды, ойлануға мәжбүр 
етеді.  
ЭЛБЕРТ ХАББАРД 
 
9 – 
ТАРАУ 
 
 
 
24 сағаттық ашығуды қалай өткізу керек 
       
Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе  кешкі 
тамақтан,  ертеңгі  кешкі  тамаққа  дейінгі  аралықта  болу  керек.  Осы  кезеңде 
жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек 
таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір – ақ нәрсеге рұқсат. Егер 
қаласаңыз  бір  стакан  таза  суға  кішкене  қасықтың  үштен  бір  бөлігі 
мөлшерінде табиғи бал немесе лимон шырынын қосуға болады. Бұл қоспалар 
улар  мен  маңқаны  еріткіш.  Сонда  судың  дәмі  кіріп,  бүйректегі  сүзгілерден 
жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне сондықтан 
да,  ашығудың  қай  түрінде  болмасын  қайнатылған  бу  суын  көп  ішу  керек. 
Мен алдында айтқанмын, 24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны 
құтыға құйып, салқын жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен 
шыққан уларды, маңқаны, қиыршықтарды көресіз. 
 
 
 
 
Ғажайып мүшелер 
             
Біздің  екі  бүйрегімізде,  қалыпты  жұмыс  істейтін  миллиондаған 
сүзгілер  бар,  ағза  ашыққан  кезде,  қос  бүйрек  улы  заттарды  қарқынмен 
шығара  бастайды.  Барлық  өмірлік  күштер  мен  жүйке  қуаты  ағзада  талмай 
жұмыс  жасайды,  себебі  олар  бұрынғыдай  бос  тамақ  шайнау,  жұту,  қорту, 

 
48 
сіңіру  жұмыстарын  атқарып  жатқан  жоқ.  Сіздің  ағзаңызда  қандай  алапат 
өмірлік  күш  бар  екенін,  өзін  көрсететін  мүмкіндік  бермей,  болжай  да 
алмайсыз. 
      
Ашығу кезінде өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін, себебі улар әлі шыққан 
жоқ.  Бірақ  өмір  күші  осы  уларды  бүйрек  арқылы  біртіндеп  шығара 
бастағанда,  өзіңізді  жақсы  сезіне  бастайсыз.  Дүркін,  дүркін  ашығу  арқылы 
ағзаңызда көп жыл бұрын көміліп қалған ескі дәрілерден құтыласыз. Рұқсат 
етсеңіз,  алғашқы  ашыққан  кезімдегі  бір  оқиғаны  айтып  берейін.  Менің 
ағзамның  қышқылдануы  сонша,  бала  күнімде  балалар  ауратын  аурулардың 
бәрімен  аурдым.  Осы  кезеңдерде,  құрамында  сынап  бар  «каломель»  деген 
дәріні көп іштім. 
 
 
 
 
Швейцарлық дәрігер – менің құтқарушым 
        
Лозанна  қаласындағы  атақты  дәрігер  Август  Ролльенің  демалыс 
емханасында,  денсаулығымды  түзеп  алып,  дүркін,  дүркін  ашығу 
бағдарламамды жүзеге асыруға кірістім. Осылайша 5 жыл өтті. Бір кезде 10 
күн  ашыққанымда  ғажап  жағдай  болды.  Мен  өзімнің  ескі,  ата  бабамнан 
мұраға  қалған  Вирджинидегі  фермамда  болдым,  ашығуымның  7  күні  күн 
сәулесі мен таза ауада рахаттанып жеңіл қайықпен суда сырғанап жүргенмін. 
Кенеттен,  өмірі  болмаған  ауру,  асқазаным  жан  шыдатпай  бұрай  бастады, 
жағаға сүйретіліп әзер шықтым да, ішімді босаттым, үлкен дәреттің орнына, 
кесенің үштен бір бөлігіндей, «каломель» дәрісінің құрамында болған, бала 
күнімде ішкен сынап шықты. Осы күннен бастап, керемет денсаулықтың не 
екенін  білдім,  денсаулығым  күрт  жақсарды.  Менің  өмірлік  күшім,  ашығу 
бағдарламасын  ұстанып,  табиғи  тамақ,  таза  ауа,  күн  шуағы,  дене 
шынықтырулардың арқасында көп ұлғайды. Мен осы жылдары бала күнімде 
ішкен талай дәрілердің қалдықтарынан, улардан құтылғаныма сенімдімін. 
 
 
 
 
Өзіңіздің рухани күшіңізді жоғары деңгейде ұстаңыз 
        
Тіпті  бір  тәулік  ашықанның  өзінде  де,  сіз  ағзаңыздың  тазаланғанын 
білуіңізді  қалаймын.  Қартаймайтын,  аурмайтын,  шаршамайтын  дене  құрып 
жатырмын  деген  ойдың  өзі,  ашығу  кезеңінде  жігеріңізге  –  жігер  қосып, 
рухани күшіңізді еселей түседі. Өзіңді өзің мүсіркеу, т.б. керітартпа ойларды 
басыңнан қу. Күнделікті ашыққан әр күні қайталаңыз: 
1.
 
Бұл  күні  мен  өз  тәнімді  табиғаттың  қолына  тапсырдым.  Мен, 
Жаратушыдан  ішкі  тазалығымды  тазалауын  және  жаңартуын 
сұраймын. 
2.
 
Мен,  ашыққан  кездегі  әр  минутымда,  өз  ағзамнан  қауіпті  уларды 
қуамын. Әрбір ашыққан сағатымда, бақытқа кенеле беремін. 
3.
 
Сағаттан сағат өткен сайын, менің ағзам өзін өзі тазалайды. 
4.
 
Мен,  ашыққан  уақытымда,  адамзат  ұстаздары  ғасырлар  бойы 
қолданған тәнді, рухты, сананы тазалау әдісін қолданамын. 
5.
 
Мен,  ашығу  кезеңінде  өз  жағдайымды  толықтай  бақылаймын. 
Ешқандай өтірік қарын ашу сезімі, менің ашығуымды тоқтата алмайды. 
Мен өз ашығуымды сәтті аяқтаймын, себебі табиғат күшіне сенемін. 

 
49 
Осы сөздерді қайталай отырып, сіз өз ағзаңыздың әр клеткасын басқарасыз. 
Басқару  сана  арқылы  іс  жүзіне  асады.  Міне  сондықтан  да,  жеке  ашығу 
бағдарламаңызды  достарыңызбен,  таныс  –  туыстарыңызбен  талқыға 
салмауыңызға  шақырамын!  Ашығу  әркімнің  жеке  ісі.  Ағзаңыздан  улар 
шыққан кезде аздап қиналасыз. Бірақ сіз қайталап айтыңыз: «Бұл қайтсе де 
кетеді!».  Алған  бетіңізден  қайтпаңыз,  бірбеткейлік  танытып,  тазаланып 
болғаннан  кейін  ағзаңызда  болатын  ғажайып  өзгерістер  жайлы  ойлаңыз. 
Осыған қуаныңыз. 
     
24  сағат  ашығып  болғаннан  соң,  сіздің  бірінші  тамағыңыз  ұсақталып 
туралған  көкөніс,  яғни  сәбіз  және  капуста  болуы  керек,  (осыларға  қоспа 
ретінде  лимон  не  апельсиннің  шырынын  араластыруға  болады).  Осы  салат 
ішектің  ішін  сыпыртқы  сияқты  сыпырады.  Асқазан,  ішек  жүйесіндегі 
бұлшық  еттерді  жұмыс  істетеді.  Салаттан  кейін  қайнатылған  көкөніс  – 
памидор. Егер бұқтырылған памидорды, ақ нансыз жесе қышқылдық әрекет 
бермейді. 
     
Есіңізде болсын, ашығуды мынадай тағамдармен үзуге болмайды: ет, сүт, 
сыр,  май,  балық,  жаңғақ  және  дәндермен.  Сіздің  бірінші  ауыз  ашар 
тамағыңыз көк салат немесе бұқтырылған, пісірілген капуста, памидор, сәбіз, 
қызылша т.б. көкеністер. Келесі тамағыңыз еттен бола берсін. 
 
 
Үш күндік, жеті күндік, он күндік ашығуды қалай өткізу керек 
      
Үш  тәуліктік  ашығуға  кіргенде  барлық  жағдай  жасалуы  керек.  Егер 
ағзаңыздан удың кетіп жатқанын сезсеңіз, қай уақытта болмасын, тынығатын 
орныңыз  дайын  болуы  керек.  Осы  кезеңде  сіз  өзіңізді  жайсыз,  нашар 
сезінсеңіз,  жатып  демалатын  мүмкіншілік  жасаңыз.  Ағзадан  улар  шығып 
болғанша,  жатқанда  өзіңізді  сабырлы  және  бос  ұстаңыз.  Кітап  оқымаңыз, 
теледидар  көрмеңіз,  радио  тыңдамаңыз  және  ешбір  пендемен  әңгімелесіп 
сөйлеспеңіз.  Жатқан  жеріңізде  толық  тыныштық,  мамыражай  қалып  болуы 
керек. Алғашқы жайсыздық, ағзадан улар шығып болған кезде жоғалады. 
       
Тағы  да  қайталаймын,  ұзақ  ашыққан  кезде  немен  шұғылданып 
жүргеніңді  елге  жая  бермеңіз,  басқалардың  жанының  жаман  толқыны 
(аурасы)  сізге  кері  әсер  етіп,  сіздің  ағзаңыздағы  ашығу  кезеңінде  болатын 
ғажап  құбылыстар  туралы  ойыңызды,  ынтаңызды,  мақсатыңыздың  быт  – 
шытын шығаруы мүмкін. 
      
Ашығу  тек  қана  менің  жеке  ісім  болғандықтан,  мен  бұрынырақта 
Калифорнияның Санта – Моника тауындағы Топанга шатқалының жанынан 
лашық тұрғызып алдым. Осы жерде өз еркіммен қудалануда ашығуымды жиі 
өткіздім.  Егер  сізде  осындай  жағдай  бар  болса  таза  ауада,  жападан  жалғыз 
ашықсаңыз керемет нәтижеге жетесіз. 
     
Біздің елде тамаша жағдай жасалған бірнеше демалыс үйлері бар. Тұрақты 
түрде  ашығатын  менің  көптеген  шәкірттерім,  өздерінің  демалыстарында 
тыныш жерлерге кетіп қалып пәтер жалдайды. Ашығу үшін үйіңнен безіп кет 
деп айта алмаймын, үйіңіз – қамалыңыз, бәрібір өз үйің, өлең төсегің. Менің 
жанұям түгел ашығады, егер біреуміз ашықсақ, қалғанымыз қолдан келгенше 

 
50 
қолпаштап,  жігерлендіріп  отырамыз.  Ашығу  барысында  бір  біріміздің 
көңілімізді сұрамауға келіскенбіз. 
     
Ашығу әркімнің жеке ісі екендігі соншалық, сізге бөтен ешкім де жәрдем 
бере  алмайды.  Сондықтан  да,  жанашырларыңыздың  арасында  талқыға 
салмаңыз.  3  –  10  тәулік  немесе  одан  да  көп  ашыққанда  сіз  табиғаттың 
операция  столындасыз.  Табиғат  сізді  артықтарыңыздан  -  әсіресе  маңқадан, 
улардан т.б. ағзаңыздағы бөгде заттардан арылтады. 
     
Өмірлік  күшіңіз,  ішкі  тазалау  мен  уларды  шығара  бастағанда,  төсекте 
жатып тынығудың сіз үшін маңызы өте зор. Сіздің таза ауада, күн шуағына 
шомылғыңыз келсе, әліңіз болса ғана шығыңыз. Күн көзіне көп шықпаңыз, 
себебі жүйкеңізді жұқартып, өзіңізді шаршатады. Қуатыңыз шығындалатын 
жұмыс  жасамаңыз!  3  –  10  тәуліктік  ашығуды  төсекте  жатып  өткізу  жақсы 
нәтиже беретінін шәкірттеріме ұзақ  жылдар бойы айтып келемін. Ашыққан 
адамның  көп  ұйықтағаны  жақсы.  Егер  ұйықтай  алмасаңыз,  денеңізді  жәй 
мамыражай  қалыпқа  келтіріңіз.  Осы  кезеңде  барлық  жұмысты  ысырып 
тастаңыз. Еш нәрсе ойламаңыз, мазасыз ойдан құтылуға тырысыңыз. 
 
 
 
Ашығу кезінде ішектің жұмысына алаңдамаңыз 
        3  – 
10  тәулік  ашыққан  адамдарды,  көбінесе  ішегінің  жұмыс  істеуі 
алаңдатады.  Шегелеп  айтайын:  бұл  жөнінен  мазасызданбауыңызға  болады. 
Ашығу аяқталғаннан кейін ішек өзінің қалыпты жұмысын жалғастыра береді. 
Мен  өзім  ашығу  кезеңінде  қойылатын  клизмаға,  іш  босатуға  сенбеймін. 
Клизма  –  табиғатқа  қарама  қайшы,  табиғатты  зорлаудың  қандай  түріне 
болмасын  мен  сенбеймін,  қарсымын.  Осының  іш  өткізетін  дәрілерге  де 
қатысы  бар.  Ішектің  өзінің  санитарлық  және  залалсыздандыратын  құралы 
бар,  ішекте  қалған  тамақ,  ашығу  аяқталғанша  бейтараптандырылады. 
Табиғаттың  табиғи  жұмыс  жасауына  бөгет  жасамасақ,  оның  шығару 
жүйесінде мін жоқ.  
     
Ашығуды  аяқтағаннан  кейін,  қоймалжаңдығы  мен  ылғалдылығының 
көлемі теңестірілген тамақ ішесіз, тамағыңыздың тең жартысы табиғи салат, 
көкеністерден  болғандықтан,  сіздің  ішегіңіз  бұрынғыдан да  табиғи  қалыпта 
жұмыс жасай бастайды. Ет пен балықты аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. 
Белоктың  қажеттілігін  жаңғақ,  дән,  жемістер  қанағаттандырады.  Жейтін 
наныңызды,  крахмал  тез  сіңетін  қантқа  айланғанша  кептіріп  жеңіз. 
Ашығудан кейін бидай тұқымын бөртіріп, өсіріп жеңіз, өте пайдалы. 
 
10 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Мен жылына төрт қабат 7 – 10 тәуліктен ашығамын 
       
Мен өзімнің ашығу бағдарламама сенемін. Осының пайдалы әсерін, мен, 
менің  жан  ұям,  достарым  және  дүние  жүзіндегі  шәкірттерім  көрді.  Менің 
бағдарламама  апта  сайынғы  және  жылына  ұзақ  мерзімге  ұстайтын  4  қабат 
ашығу  кіреді.  Әр  жылдың  басында,  өзімнің  ашығуыма  ыңғайлы  7  –  10  күн 
ашығатын күндерімді белгілеп аламын. Неге 7 – 10 күн деп айтамын? Менің 
7 тәулік ашығуымның себебі, осы уақыт өзімнің ағзамның толық тазаруына 
жеткілікті екенін сеземін.  

 
51 
      
Мен  ашығумен  шұғылданып  жүргеніме  сонша  болды,  оның  маған 
тиігізетін әсеріне өте сезімталмын. Қай мезетте ашығуды тоқтату керектігін, 
ішкі сезім даусы өзі айтады. Әдетте ашығуды қаңтардың басынан бастаймын. 
Кей кезде 7 – 8 не 9 – 10 тәулік ұстаймын. Келесі ашығуымды ерте көктемге 
белгілеймін.  Менің  көктемгі  ашығуым  10  күн,  себебі  қыстан  шыққан  «өз 
үйімді  толықтай  тазалап  алуым  керек».  Мен  қапырық  бөлмелерде  жиі 
лекциялар  оқуға  мәжбүрмін.  Өкінішке  орай,  көпшілігі  салқынға 
үйренбегендіктен отырған орындарын желдетуден қашқақтайды. Сондықтан 
маған қазіргі заманның балалары үйренген, қапырық залдарда болуыма тура 
келеді. 
 
Жаратушы жаратқандарына ауа мен су және жарық берді. Адамдар сонда 
да, қапырық үңгірлерге тығылып өздерін өздері өлтіруде.   
ОЛИВЕР 
УЭНДЕЛЛ ХОЛМС 
 
Ашығудың  адам  ағзасын  тазалайтыны  соншалық,  барлық  жүйенің  жұмыс 
жасауы күшейіп, ағзаның жылу реттеу жүйесі керемет болады. Мысалы, мен 
қаңтар айында Калифрниядағы Палм Спрингс маңындағы күндіз +27, түнде -
16  градус  Цельсия  бойынша  болатын  үйімнен  шығып,  ұшақпен  Миннесота 
штатындағы Миннеаполис қаласына, немесе Канададағы Торонто қаласына, 
күннің суықтығы -25 – 35 градус Цельсиядан төмен болатын барамын. Үзбей 
ашығудың және дұрыс тамақтануымның арқасында менің ағзам, шыңылтыр 
аязға  тез  бейімделеді.  Мен  осы  жердің  тұрғындарымен  салыстырғанда,  ауа 
райының қолайсыздығына шыдамдымын. 
      
Ауа  райына  бейімделушілік,  ашығу  кезінде  ағзадан  уларды  шығарып, 
өмірлік күшті қалпына келтірген кезде болатын ғажайыптардың біреуі ғана. 
Өзім айтқандай, ауа райы суық қалаларға келгенімде, олардың бөлмелері мен 
залдары ыстық, желдетілмеген. Ондағы ауа адамдардың дем алу нәтижесінде 
көмір  қышқыл  газымен  қанықтырылған,  міне  осыған  байланысты  көктемгі 
ашығудың  мен  үшін  маңызы  зор.  10  тәуліктің  ішінде,  мен  өз  ағзамды  қыс 
бойы жиналған улы, зиянды заттар қалдықтарынан тазалаймын.  
      
Үшінші ашығу уақыты жаз айлары шілде мен тамызда өтеді. Бұл ашығу 
жеңіл  өтеді,  себебі  жазда  атыздан  тікелей  жаңа  үзіп  алыңған  жемістер  мен 
көкеністерді  қалауымша  жей  аламын.  Осы  ашығудан,  басқа  ашығулармен 
салыстырғанда  ләзатті  көп  аламын.  Осы  мезетте  де  бұрынғыдай 
тынымсызбын, рухани жігерлімін. 
     
Менің күзгі ашығуым қазан айының аяғы, қараша айының басына келеді. 
Ашығудың  пайдалы  әсері  жинақтала  беретінін  айтқанмын.  Көз  алдыңызға 
елестетіңізші, жалпы жиыны 75 тәулік тамақ ішпей, ас қорту жүйеме қандай 
физиологиялық  демалыс  беретінімді.  Бауырым,  өтім,  гормондық  жүйем 
толық  демалады.  Инсулин  бөлетін  бездерім  дем  алып,  асқазанымның 
тамақты  жақсы  қортатын  сөлі  мол  мөлшерде  бөлінеді.  Аузымдағы  сілекей 
көбейеді.  Аузыңызда  тәтті  дәм  болып,  демалысыңыз  тазара  түседі.  Көп 
ашыққан сайын, сізден жаман истің шығуы азаяды. 
 

 
52 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет