1
Поль С. Брэгг
Ашығу кереметі: дәрісіз емделу.
Толықтар мен арықтарға
Алматы 2006 жыл
2
Жасару құпиясы, ширақта шырайлы ұзақ өмір сүрудің шарты,
ауру-сырқаусыз ғұмыр кешу әдісі.
Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың : Поль Брэгтің «Денсаулық ережесі»
немесе «Ашығу кереметі» атты аса құнды кітабын аударып шығып
қазақша сөйлеткеннен кейін түсінгенім, әлемдік деңгейдегі ұлы ғалым,
адамзаттың ғұмырын ұзарту мен жасартудың құпиясын ашқаны былай
тұрсын, кітаптың бірнеше бетін оқығанның өзінде-ақ кітаптың
құдіреттілігі таңырқатқанымен қоймай, тамсандырып өзіне баурай
түседі.
Пенденің бақытты болуы мен денсаулығының өз қолында екенін
санаңа сіңіріп, миыңның қыртысына қашап жазып беруі, бұрынғы денсаулық
туралы түсінігіңе түбегейлі төңкеріс жасайды.
Поль Брэгтің ғылми еңбегі – адамзат даналары жазған әдеби көркем
шығармаларының інжу-маржанының біреуі екеніне еріксіз иланып,
ақиқаттығына шек келтіре алмай қаласың.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының, Ресей ауыл
шаруашылық ғылымдары академиясының, Украина аграрлық ғылымдар
академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы,
профессор Рақым Алмабекұлы Оразалиев.
Жалпы редакциясын басқарған: Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет
Шымкент қаласында ашығу арқылы емдеу орталығының негізін қалаған –
ақын, ҚР Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанға
еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі.
3
Кітаптың кілті
Поль Брэгг және «Ашығу кереметі»
– 1 –
Өмір кешкен жағымды,
Америка ғалымы,
Айтқан екен Поль Брэгг,
«Аштықпенен тәніңді,
Аптасына бір рет,
Тазалап тұрғын», – деп,
«Қоюлатпай қаныңды,
Сақта!» – депті жаныңды.
«Спирт, арақ, виноны,
Коньяк, шампан, пивоны,
Залалы бар тұнбаны,
Минералды суларды,
«Ішпе», – депді қайдағы.
«Бар денсаулық, қуатты
Алдырмастан бойдағы,
Сақ бол!» – депті жан-жақты.
«Наша, көкнар, темекі,
Жұмсақ нан, сүт, сүр етті.
Жай су, май, шай, кофені,
Құрт, тұз, қант, конфетті,
Қалбырдағы көп дәмді,
Же, іш, шек», – деп айтпағын.
«Қайта оны жеп, ішпе.
Шекпегін!» – деп тойтарған.
«Аң, құс, малдың етінен,
Кесіп майлы жерінен,
Тамақ жасап күніге,
Жей бермегін көп» деген.
«Кепкен балық сақталған,
Көкөністі тұздалған,
Қуырған ас, дәмдерді,
Еш жемегін!» – деп айтқан.
–
2 –
«Жасамайтын апатты,
Ішіп-жегін тамақты,
Жерден шыққан өнімді,
Денсаулыққа сенімді,
4
Ішкін суды қайнаған,
Кепкен нан же аздаған»
«Сонда, – деген, – денсаулық
Мықты болар сақталған».
«Денсаулығым мықты» деп,
Жалқауланып жатпастан,
Қимыл жасап, жүргін көп,
Желеу, сылтау айтпастан»,
Деп жазыпты Поль Брэгг,
Адамзатқа зор көмек,
Ақ пейілді жүректен,
Берсем деген ниетпен.
–
3 –
Қолға кітап тигеннен,
Көп ауырып күйгеннен,
Поль Брэггтің айтқанын,
Көріп, біліп, жазғанын,
Оқып, бірден мойындап,
Бұлжытпастан орындап,
Нашарлаған саулықты,
Жөндеп алдым дұрыстап.
Пенде деген ұмытпақ,
Не болмаса ұрыншақ,
Денсаулықты жақсартқан,
Қанша еңбек, күшті сап,
Бір күндері ұмытып,
Өз-өзіме болмай сақ,
«Жазылдым ғой енді», – деп.
Өз-өзімнен мастанып,
Отырғанда достар көп,
Лепіріп кеп мақтанып,
Ішіп салдым арақты,
Бәле содан басталды.
Сол сол екен, кәніки,
Жеңе алмай әлімді,
Поль Брэггті тастадым,
Ішіп, жеуді бастадым.
«Ішіп, жемді қоям», – деп,
Күнде ертең деуменен,
Өз-өзімді алдадым.
Сылтауларым болып көп,
Күнде ішіп, көп жеуден,
Өзім тоқтай алмадым,
5
Сөйтіп ауру қоздырдым,
Жүйкемді де тоздырдым.
Зор кінә бар өзімде,
Бой берместен ешкімге,
Денсаулыққа қарамай,
Біреулерді жұмыста,
Отырғанда қаламай,
Бас айналып табанда,
Зорғадамнан қозғалдым,
Құлап қала жаздадым.
Тілім жаңа шыққандай,
Сөйлей алмай қиналдым,
Аяқтарым сынғандай,
Тобан аяқ боп қалдым.
Әупіріммен құламай,
Далбасалап сандалдым,
Жәрдем етіп бір Құдай,
Есті зорға жинадым.
–
4 –
Үйге келіп өлшесем,
Өзім көрмей сенбес ем,
Қан қысымы толыпты,
Жүз тоқсан да жүз отыз,
Асты, үсті болыпты.
Шындықты тек айтқанда,
Соққы алғаш ұрғанда,
Құламай жан қалыпты.
Ешкім де жоқ жазықты,
Қолдан жасап шатақты,
Өзім тапқан аурудан,
Көріп жаман азапты,
Емделумен жатырмын,
Жақсы болсам осыдан,
«Бастаймын», – деп отырмын,
Поль Брэггті қайтадан.
–
5 –
Баз біреулер ойлайды,
«Құдай өзі бергеннен,
Артық өмір болмайды», –
Деп дәлелдеп қоймайды.
6
Дауласпайды ешкім де,
Құдай білер дегенге.
Бірақ «пенде сақтансаң,
Сақтаймын мен», – деген де,
Құдай сөзі емес пе?
Соны білген, жамағат,
Тәңірден көп шапағат,
Тілеп, Польдің айтқанын,
Істеп жүрсең қанағат,
Ұзақ өмір тірлікте,
Болар еді аманат.
Бірақ соны ойламай,
Өзін-өзі аямай,
Қу құлқынның құлы боп,
Денсаулыққа қарамай,
Ішіп, жейді, тоя кеп,
Кейбір адам байқамай.
Содан бір күн ауырса,
Зар қағады ойланбай.
Әңгімені бастадым,
Таңдап алғын дұрысын,
Артық кетсем тастағын,
Алып сөздің бұрысын,
Айтпасам да білесің,
Кейде көріп жүресің,
Қалсаң ұзақ ауырып,
Айтшы, кімге керексің?
Туыс түгіл, дос түгіл,
Жора, жолдас, қас бүкіл,
Қарамайды ауырсаң,
Керек десең деп шүкір.
Жатқаныңда өлместен,
Жарың, балаң, келінің,
Қашқақтайды келместен,
Дұрыс мұны білгенің,
Біліп қам жеп жүргенің.
–
6 –
Мен айтамын сол үшін,
Бар кезінде ой күшің,
Денсаулықты сақтағын,
Жарымжан боп қалмағын.
Шал мен кемпір боп жатсаң,
7
Оның жөні бір бөлек.
Мүгедек боп жас қалсаң,
Оның болар бір әлек.
Өмірде сен қимастан,
Ешкімге де сыймастан
Жәутеңдеп тек қаласың,
Ар, намысты сатасың.
Басқа Құдай салмасын,
Тынып іштен жатасың.
Оу! Жарандар, жарандар,
Денсаулықты жасаңдар,
Өз байлығың қолыңда,
Содан бекер қалмаңдар.
Өмірге еш тоймаңдар,
Денсаулықты ойлаңдар.
Жазғанымды оқып ап,
Күліп қана қоймаңдар.
Кітаптарын тауып ап,
Поль Брэггті оқыңдар,
Аштықпенен емдеуді,
Кешіктірмей бастаңдар,
Сүйсең егер саулықты,
Әрекетті жасаңдар,
Жеңетін көп ауруды,
Аштықпен дос болыңдар.
–
7 –
Хабар беріп айтайын,
Әңгіменің мән жайын
Келе жатқан баяғы,
Түркістан үй қонағы
Болған қазір мекеме.
Аштықпенен емдеуге,
Арнайылап ашылған,
Шымкенттегі қаладан.
Жәрдем тілеп Алладан,
Ойланбастан көп адам,
Келіп жатыр осыған,
Он күн жатып емделіп,
Кетіп жатыр жазылған.
Бас маманы Құттықыз,
Біліп оны алыңыз
Қуат беріп жөндейді,
8
Жазыласың алаңсыз
Алла жар боп сақтасын,
Сынықтардан басқасын.
Барлық ауру түрлерін,
Шөп дәрімен емдейді.
Тастап кеткен ауруға,
Аздап теңге төлейсің,
Бастағанда сауыға,
Емнің түрін «жөн» дейсің.
Поль Брэггтің кітабын,
Егер іздеп таппасаң,
Денсаулықтың сауабын,
Аламын деп қамдансаң,
Ешнәрседен қорықпа,
Келгін, аштық орнына,
Жақсы емді аласың,
Тез сауығып қайтасың. Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі
«Орталық 1995 жылдан бері елге қызмет көрсетіп келе жатыр. Қазір 42
науқас жататын орны бар, ауруларға заңды түрде бюллетень беретін толық
қанды аурухана. Орталықтың мекен жайы: Шымкент қаласы, Гагарин көшесі
№ 56, «Халықтық емдеу орталығы». Тел: 8(325-2) 56-23-21, 56-57-04.»
Шетел әдебиеттерінде «табиғаттанушы», «табиғатпен үндесуші» деген
сөз тіркестері жиі қолданыла бастады. Табиғи тағамдармен
тамақтанатындарды осылай деп атайды. Олар осылай өздерінің қазіргі
қорапталған, консервленген, жансыздандырылған, құрамында көміртегі өте
көп ет, май және тәтті тағамдар өнімдеріне наразылықтарын білдіреді.
Бұлай тамақтануға алғашқы қарсы шыққандардың бірі Поль Брэгг.
Брэгтің ең атақты кітабы «Ашығу кереметі» батыста көптеген миллиондаған
даналармен басылып, көпшіліктің сүйіп оқитын оқулық кітабы болып,
қолдан қолға тимей таралды.
Кітаптарының, лекцияларының, басылымдарының ең тамаша
жарнамасы Брэгтің өзі, жеке тәжрибесі және өмір сүру қағидасы болды. Ол
90 жасында күшті, шапшаң, иілгіш, шыдамды, қысқаша айтқанда
қылшылдаған бозбала сияқты болатын.
Поль Брэгг күнделікті 3...5 шақырымға жүгірді, тауға шықты, көп
малтыды, теннис ойнады, биледі, жаяу ұзақ жүріп, гантель, гирь көтерді,
серфингпен (тақтайдың үстіне тұрып алып толқында сырғанау) шұғылданды.
Жұмыс күні 12 сағатқа созылды, бірақ шаршауды, ауруды білмеді,
әрқашанда сергек, тың, өмірге құштар және адамдарға көмектесуге дайын
тұратын.
Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында суда
сырғанап жүргенде алапат толқын басып кетіп, қайғылы қазаға ұшырады.
9
Оны 5 баласы, 12 немересі, 14 шөбересі және мыңдаған ізбасарлары
жоқтады. Паталоганатомдар тексергенде оның жүрегі, қан тамырлары және
басқа іш құрлыс мүшелері өте жақсы, керемет жас баланыкіндей болған.
Брэгг бір сөзінде «менің тәнім жас мөлшерін білмейді» – деп айтқан.
Поль Брэгг денсаулықты түзеу негізіне дұрыс тамақтану жүйесін
басшылыққа алған, етті мүлдем жемеген, балықты өте сирек пайдаланған.
Өзінің жүйесінде ашығу бағдарламасына көп көңіл бөлді. Шоғырланып
қалған улардан, қалдықтардан, маңқадан, тұздан ағзаны тазалау үшін:
аптасына бір тәулік, 3 айда бір қабат апталық ашығу бағдарламасын ұстауды
ұсынды, ашығу кезеңінде тек таза буланған су ғана (дистилированный) ішу
керек деп үйретті.
Біздің замандастарымыз нағыз аштық дегенді, ағзаның нақ тамақты
сіңіру қабілетін ұмытып кетті. Қазіргі адамдар, тамақ ішкісі келмесе де,
күніне бірнеше рет тамақтануды әдет еткен, созылмалы гастритінің
салдарынан болатын қобалжуды «аштық» деп қабылдайды. Осы әдетті
өзгертудің түкте қиындығы жоқ, тек санаң тәніңді басқарса болғаны.
Брэгг таңертең мүлдем тамақ ішпеген, адам өзінің тамағын денелік күш
қуат жұмсап барып ішуі керек, қазақша айтсақ: «Таңғы ас Тәңірден» – деп
есептеген. Оған күніне екі мезгіл тамақ ішу жеткілікті болған.
Адам баласына ғажайыпты армандау тән қасиет! Тамақтың, дене
шынықтырудың, ашығудың нақтылы мүмкіншіліктерін білмей, олар
ғажайыпты өздері түсінбейтін айдаладан іздейді.
Поль Брэгг: «Табиғаттың ұлы заңдарымен өмір сүрудің еш қиындығы
жоқ. Аурудан азап шегіп, мезгілсіз қартайғандар, тез жазылу мен жасарудың
жолын армандайды. Есіңізде болсын: денсаулықты еңбектенсең ғана
табасың! Оны сатып алуға болмайды, ешкімде оны сізге сатпайды. Мен
табиғат заңдылықтарын зерттеймін, бұзбаймын, нәтижесінде денім сау және
өте қуаттымын. Табиғи тамақтану, ашығу арқылы өзіңді-өзің тазалау
жолдары, дене шынықтыру – қартаймайтын, солмайтын, әр күніңізге шаттық
силайтын өмірге алып келеді».
«Адам ата мен Хауа ана заманынан бері ең маңызды мәселе – адам
ғұмырын ұзарту. Бір де бір адам баласы өлім тырнағынан қашып құтылған
емес, бірақта белгілі тамақтану және тазалық ережесін сақтап өз өмір
жасыңды ұзартуға болады. Әрқайссың осыны: ең алдымен өзің үшін, туған
туыс пен достарың үшін және өзіңнің елің үшін жасауға міндеттісің. Әр
адамның өзінің денсаулығын, өзінің тәнін жетілдірудің денсаулықтары
жақсы қалыпта табиғи жасын жасаудың қоғам үшін зор маңызы бар. Әр адам
120 жыл не одан көп өмір сүруге міндетті және осыған толық құқысы барына
мен сенемін. Денсаулықты сатып алу мүмкін емес, оны өзіңнің тікелей
еңбегің арқылы ғана табасың. Тек қана өзіңнің табанды еңбегің ғана шексіз
денсаулық пен қуатты ұзақ жасаушылардың қатарына алып келеді. Мен өз
денсаулығымды өз еңбегіммен ғана таптым. Менде ауру, шаршау деген
болмайды және денем болбыр емес, жылдың 365 күнінде саумын. Осы
нәтижеге сіз де жетесіз! »
10
Өзінің сауықтыру жүйесінде, Брэгг дұрыс тамақтануға зор мән берген.
Оның көзқарасының негізі мынада болған: күнделікті қолданатын тамақтың
60 пайызы шикі көкеністер мен жемістерден құралған. Қалған бөлігіне
таңдау мүмкіншілігі кең ауқымда, бірақта өндірісте химиялық әдіспен
өңделген тамақтардан ауаша болу қажет. Тамақ неғұрлым табиғи түрде
болғаны жөн, тұзы мен рафинадталған қанты, жасанды қоспалары неғұрлым
аз мөлшерде болғаны дұрыс. Брэгг біржақты болмаған, егер адам ет жеуге
үйренсе жей берсін, бірақ аптасына 3-4 қабаттан артық емес. (кейбіреулер
сияқты күніне 3-4 қабат емес). Ол шұжық (колбаса), консерві, қуырылған
және майлы етті пайдаланбауды ұсынған. Жұмыртқаны аптасына 2-3 рет
қана жеуді жөн деген. Ересек адамдардың сүт, кілегей, ірімшік, сары май,
малдың майларын көп қолданбауды жақтаған. «Аурулардың 99 пайызы
дұрыс тамақтанбаудан зардап шегеді. Адамдар өздерінің денелерінің
қаншалықты ласталғанын түсінбейді, дұрыс тамақтанбағандықтан ағзасы
улы заттар мен маңқаға лықа толы екенін сезбейді» – деп жазады Брэгг. Тағы
айтады: «Ашығу белгілі бір аурудың емі емес, ашыққанда ағза өзінің өмірлік
қуатын тазалауға және сауықтыруға жұмсайды. Ашығудың арқасында ағза
өзін өзі емдеп жазады».
Ауру адам ылғида жазылмаймын деп ішінен қайталай берсе, ол
ешуақытта жазылмайды, оның ойлағаны дәл келіп, өзінің зардабын көрге
бірге ала кетеді.
ТӘН АҚЫМАҚ. Осыны еш уақытта есіңізден шығармауыңызды
сұраймын. Сондықтан осыны тағы да қайталаймын. Бізді нақ басқаратын
санамыз. Міне, сондықтан да, сіз ылғи жақсы ойларды ғана ойлауыңыз керек.
Тәнді әрқашанда жан басқаруы тиіс.
Тән мынадай жалған философиямен басқарады: «Іш, же, көңіл көтер,
ертеңгі күнді ойлама». Бұл – адасу. Сіз ертең өлмейсіз, бірақта осы
бағдарламамен жүріп 10...20 жылдан кейін күндіз-түні аурудың азабын
тартатын, мезгілсіз қартайған адамға айналасыз.
Есіңізде болсын, сіз жаман әдеттер үшін жазаланасыз. Бұл заңдылық.
Ауру, азап, тәннің зардап шегуі сіздің қандай адам екеніңізді көрсететін
көрсеткіш. Сіз өз денеңізге қарсы қылмыс жасадыңыз, себебі сананың және
табиғаттың заңдары басқару мүмкіндігін пайдаланбадыңыз.
Ауру – сіздің ағзаңыздың улы заттар мен маңқаға толы екенін
көрсететін табиғаттың әдісі. Өлілерде ауру болмайды. Сіз ашығу арқылы
денеңізде жиналған тағам қалдықтары мен уларды шығаруға табиғатқа
көмектесесіз. Бұл әрбір хайуанға белгілі. Ашығу – хайуандардың емделуінің
жағыз ғана жолы. Бұл таза хайуандарға тән болмыс. Біз, адамдар өркениет
дамудың нәтижесінде, ауырған кезде ашығу болмысынан айырылып
қалғанбыз. Қатты ауырған кезіңізде тамаққа тәбетің тартпайтынын байқаған
шығарсыз. Сіз, одан тіпті жиркенесіз. Ал білмейтін жанашыр туыстарыңыз
бен достарыңыз: «күшің көбейеді іш, же!» – деп зорлайды. Осы кезеңде
тамақтың керегі жоқ екенін санаңыз хабарлап жатты. Байсалды қалыпта
ағзаны тазалауға қуатты жұмсау үшін, табиғат осы кезде сіздің
ашығуыңызды қалады. Табиғат ананың сыбырлаған даусын естіп, түсіну
11
қиын. Ашыққан уақытта сіздің сезімдеріңіз өте ұшқырланады. Ашығу
санаңызды ұшқырлайды, табиғаттың нәзік даусына бағдарлайды.
Егер қорқыныш пен үрейді жеңіп шықсаңыз, ашығуды аптасына 24
сағаттық ашығудан бастау керек, онда келесі аптада 36 сағаттық ашығуға
кірісіңіз (екі күн бір түн), содан кейін осыны келесі аптада тағы қайталаңыз.
Осының бәрі ағзаны 48 сағаттық және 3 тәуліктік ашығуға дайындау. Мұны
саналы да сауатты түрде өткізсеңіз, ашығу өте жеңіл өтеді. Саналы адам
ашығудың пайдасын, денсаулығының жақсара бастағанын бірден сезеді.
Табиғат жаратылысының бірде-бір тіршілік иесі адам сияқты қомағайланып
тамақтану заңдылығын бұзбайды. Сіз 24 не 36 сағат немесе үш...он күн
ашыққан уақытыңызда, ағзаңызда денсаулық күші жұмыс істей бастайды,
осы күштер сіздің ағзаңызды жаңалайды. Бұл қуат әрқашан да сізбенен. Сіз
таза сумен толық ашыққан уақытыңызда, шайнауға, жұтуға, қортуға,
сіңіруге, шығаруға жұмсалған өмірлік күшіңіз, енді сіздің ағзаңызды
тазалауға кіріседі. Міне сондықтан ашығу – терең ішкі тазалау, өмір күшін
қалпына келтіретін физиологиялық демалыс.
Тіпті бір күн ашыққанның өзінде де, ағзаңыздың тазаланғанын
білуіңізді қалаймын. Қартаймайтын, аурмайтын, шаршамайтын дене құрып
жатырмын деген ойдың өзі, ашығу кезеңінде жігеріңізге жігер қосып, рухани
қуатыңызды еселей түседі. Өзіңді өзің мүсіркеу тәрізді, керітартпа ойларды
басыңнан қу!
Осы сөздерді қайталай отырып, сіз өз ағзаңыздың әр жасаушасын
басқарасыз. Басқару сана арқылы жүреді. Міне сондықтан да, жеке ашығу
бағдарламаңызды
достарыңызбен,
таныс-туыстарыңызбен
талқыға
салмауыңызды сұраймын! Ашығу әркімнің жеке ісі. Ағзаңыздан улар
шыққан кезде аздап қиналасыз. Бірақ сіз қайталап айтыңыз: «Бұл қайтсе де
кетеді» – деп. Алған бетіңізден қайтпаңыз, бірбеткейлік танытып, тазаланып
болғаннан кейін ағзаңызда болатын ғажап өзгерістер жайлы ойлаңыз. Осыған
қуаныңыз.
Өмірдің ұлы шындығын уағыздау алдында Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед
пайғамбарлар, сондай-ақ Будда мен Гандилер де 40 күннен ашыққан.
Мысырда ұлы Александрияда, әлемнің мәдениет орталығы болған кезде,
шеберлікке үйрену үшін шәкірттер 40 тәулік ашығуға тиіс болған.Ұлы
Пифагор өзінің философиялық ілімін үйренетін шәкірттерінен, 40 күндік
аштық ұстануын талап еткен. Оның пайымдауынша 40 күн аштықтан кейін
ғана шәкірттерінің ой-өрісі мөлдірленіп, санасы нұрланып, өмірдің терең
құпиялы ілімін меңгеруге қабілеттері сонда ғана жетеді деп есептеген.
Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі, ақын – Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш
рет Шымкент қаласында «Ашығумен емдеу орталығының» негізін қалап,
ашушы. ҚР Жазушылар мен Журналистер Одақтарының мүшесі, Қазақстанға
еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты.
12
Поль С. Брэгг
Ашығу кереметі, дәрісіз емделу, толықтар мен арықтарға. Жасарудың
құпиясы, ширақ та ұзақ өмір сүрудің шарты, аурусыз ғұмыр сүрудің
әдісі.
Ой елегінен өткізіп көр
Ең ауыр күнә – қорқыныш.
Ең жақсы күн – бүгін.
Ең жақсы жер – ісің алға басып, асығың алшасынан тұрған жер.
Ең жақсы жұмыс - өзің сүйіп, ұнататын ісің.
Ең жақсы демалыс – жұмыс істеу.
Ең үлкен қателік – үміт үзу.
Ең үлкен әлсіздік – көре алмаушылық.
Ең үлкен мазасыздану – мылжыңды тыңдау.
Ең келеңсіз мінез – басқаның пікірімен санаспау.
Ең қауіпті адам – өтірікші.
Ең қажет нәрсе – адамдармен араласу.
Ең зор байлық – денсаулық.
Ең зор силық – өзің бере, ала алатын махаббат.
Ең жақсы досың және жолдасың, жақсы кітаптар.
Сенің жауларың – іш тарлық, дүние қоңыздық, өзіңнің әлсіздігіңді әйгілеп,
өзіңді өзің мүсіркеу.
Өміріңдегі үлкен оқиға – тәніңді, ақыл ойыңды, санаңды, рухыңды жаңарту.
Ең жаман әдет – дандайсу.
Ең жеккөрнішті қылық – жауыздық.
Ең пасықтық – адамды менсінбеу, менменсу.
Ең бөгет, алдыға жылжытпайтын ол – надандық.
Ең ақылды адамдар сол – ол керекті, пайдалы істі біліп, оған батыл
кірісетіндер, яғни осы ережелерді қабылдауға қабілеті жететіндер.
1 –
ТАРАУ
Өмірден бәрін алу
Әрбір ойланатын адам, бір сәт өзіне сұрақ қоюы тиіс: «Маған өмірде ең
қымбат не?». Мен әзіл қалжыңның ұлы актері Эда Уинның сөзін келтірейін:
«Байлық пен даңқ – денсаулығың болмаса, түкке тұрмайды!». Өзі белгілі бай
болса да, ауру адам дегеніміз не, тәйірі? Байлар өзіне бақыт сатып ала
алмайды. Адамның әйгілі болуы оның бақытты болуы емес. Мен байлықты
бағаламай тұра алмаймын. Біздің заманымызда ақша мен жағдай, менің
ойымша, басты орында. Рахат пен жайлы жағдай, көптеген адамдарға өте
маңызды. Пенденің бар байлығын тартып алып, денсаулық беріңізші, оның
бірінші мақсаты жоғалған байлықты қайтару болады. Қашан да екеуі бар, біз
13
айтуға қорқатын, өзімізден аластататын ой, өкініш, қайғы, ауру әкелетін сөз -
ӨЛІМ.
Тіпті өмір сүру қандай қиын болса да, адам оған жанталаса жармасады.
Өліммен айқаста қандай рухани күштер жұмсалады. Қандай өлермендікпен
өмірге жабысады. Адамзаттың ұлы арманы – денсаулық және ұзақ өмір.
Адам бұл әлемде өз үйіндегідей сезінеді, осы жерде мәңгілік өмір сүргісі
келеді, ол үшін дені сау болып, жастық жігері жалындап тұрса ғой.
Достарыңызбен бөлісу: |