Қашықтан оқу қатарыңнан қалмау



Дата11.01.2023
өлшемі125,56 Kb.
#61027
түріҚұрамы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шебер –педагог.
Қашықтан оқу - қатарыңнан қалмау
Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырылмай-ақ қашықтан оқытудың алғы шарттары асығыс жасалса да, аяқталуға жақын тоқсан жұмысы нәтижесіз емес. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленетінін ескересек, мұғалімдердің көтерген жүгі жеңіл болмады. Әр оқушының оқу процесіне уақытылы қосылуы мұғалімнің қадағалауы мен ата-ананың мүмкіндігіне қарай іске асырылды. Алматы қаласы, Түрксіб ауданы аймағындағы ата – аналардың да әлеуеті әрқилы. Қалада тұрақты мекен – жайы жоқ ата – аналар балаларын тұрғылықты жерден оқытуды жөн көрді. Өйткені олар еңбек етіп жүрген уақытша жұмыс орны жабылғандықтан, қаладағы күнкөріс, пәтерақы мәселесін шешу проблемасы қоса туындаған еді. Көктемгі демалыста атасы мен әжесіне асыққан немерелер қалаға кіре алмай, оқуды Қызылордадан, Тараздан, Шу мен Сарағаштан жалғастыруға көшті. Қолында кітабы, қалам - қағазы жоқ оқушыны оқыту – мұғалімге жүктелді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдерде мемлекет тиісті деңгейінде оқыту процесін қаржыландырады. Ал біздің мемлекеттік ұйымдар бұл мәселеде көп балалы отбасы мен аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмек бере алды. Өзім жетекшілік ететін сыныпта бірнеше отбасы елу мың теңге көмек алса, бір оқушыма Теле 2 желісінің мегабайты сыйға берілді. Азық – түлік берілген көп балалы отбасылардың алғысы шексіз еді. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыру қажеттіліктен туындады. Қиындық мұнымен шектеліп қоймады, кейбір оқушылардың жағдайы телефонға бірлік құюға да жетпеді, тағы да бірлескен мұғалімдер сол оқушыға өз қаражаттарынан көмек бердіБұл жағдай оларға әрі ауыр тисе де адамгершілік тұрғысынан қарады. Көп жылғы еңбек өтілі бар ұстаздардың жас, сағаты аз мұғалімдердің оқушыларына көмек беруге асыққаны ұжымның татулығын арттыра түсті.
Қашықтан сабақ беру де оңайға түспеді. Әр ұстаз қашықтан оқыту бағдарламасын жасап, қысқа мерзімді жоспар құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып, бейімдеді. Мектеп әкімшілігі оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, мұғалімге өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындауы жөнінде ұсыныстар жасады. Ол ұсыныс тапсырманы орындағанда оқушыға еркіндік беру еді. Әкімші ретінде мұғалімдерге де сенім білдірілді. Бұл ретте қалалық Білім беру басқармасының басшылығымен әдістемелік кабинеттер қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгендей нұсқаулықтар әзірлеп, тәжірибелі ұстаздарды ұйымдастырып, оқушының өздігінен орындайтын тапсырмаларын барлық пән бойынша әзірленді. Бұл үлгі жоспарлар барлық мектептерге таратылды.
Оқушылар көктемгі демалысқа шыққанымен үйде болып, уақыт өткізе алмағандықтан, алғашқы сабақтарды үлкен ынтамен қызыға орындады. Кейбірі «Балапан» арнасынан өз мұғалімдерін іздегені де анық еді. Бірте – бірте олардың көңіл-күйі, психологиялық қарым-қатынастары қалыпқа түсіп, білімді өздігінен орындауға табандылық көрсетті. Көп жылғы тәжірибем қашықтан оқытуға келгенде тұйыққа тірелгендей болғаны рас. Көктемгі демалыста күн – түн демей қашықтан оқытудың әртүрлі платформаларын ютуб арқылы жедел үйрене бастады. Әрі өзіме тимдісін таңдадым, ZOOM бағдарламасы бойынша бірнеше сабақ әзірледім. Бірақ сабақ беретін сыныптарымдағы оқушыларымның әлеуеттік жағдайы, телефон-смартфондары бұл бағдарламаны көтермеді. Педұжыммен кеңесе келе WhatsApp  смартфондарға арналған мессенджерге тоқталдық. Әншейінде телефоны қолынан түспейтін оқушылардың хабарлама алу, хабарлама жазу дағдылары жоқ екенін де байқадық. Бәрін жаңадан үйренуге тура келгендері де бар. Бірақ игердік.
Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін әр оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт еді. Сондықтан оқушылар да мұғалімдер де әртүрлі оқыту платформаларында өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейдегі білімді өз бетімен толықтыруды көздеді. Қашықтан нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білу міндеті тұрды. Мұғалімдер оқыта жүріп, оны да меңгерді. Оқушыға тапсырма беру, оған кері байланыс беру жұмысымызды қиындатпаса, жеңілдеткен жоқ. Өз әріптестерімнің табандылығына тәнті болдым. Әріптестер қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  • оқытуды даралауды;

  • оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыруды көздедік;

  • дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін басқаша ұсына да алдық.

Қашықтан оқыту кезінде оқушы сұранысын қанағаттандыруды мақсат еттім. Өзім сабақ беретін сыныптарда қашықтан оқыту жүйесін тиімді ету үшін тәжірибелі ұстаз Әсем Аманжанқызының үш күндік курсына жазылып, «Bandicam» - сценарийлерді түсіруге немесе экранға жазба түсіруге болатын бағдарламаны, үй жағдайында сабақ дайындау мақсатында «Camtasia Studio – 8» бейнесбақтар жасау программаларын үйрендім. «Мен мұғалімнің түсіріп жүрген бейнесабақтарын үзбей қараймын, себебі мұғалімнің дауысын естіп, бейнесін көре отырып, сабақты үй жағдайында жылдам, әрі сапалы меңгере аламын» деген оқушымның пікірі қанат байлағандай болды. Қашықтан оқу – қатардан қалмауды талап етті. Алдымызда алар асуымыз көп. Мақстым – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүздеген оқушыға емес, мыңдаған оқушыға қажетті білімді ұйымдастыру. Осындай қиын сәтте ұстаздарды қолдағанн, сенім бере отырып сенімділік қалыптастырған Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке алғыс айтамын. Әрқашан әр істе қолдайтын мектеп әкімшілігіне, аудандық, қалалық білім басқармаларының мамандарына, қолдаушы ата-аналарыма рахметімді айтамын. Білімқұмар шәкірттерімді мектеп партасынада жолықтырсын. Мен үйренген бағдарламалар кез келген жағдайда мұғалім мен оқушы байланысын оңтайлы қалыптастыра алатынына сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет