Қашықтықтан оқыту әдістемесі



бет3/6
Дата03.12.2023
өлшемі426,14 Kb.
#134123
1   2   3   4   5   6

ЭОӘК қойылатын талаптар


1) Дидактикалық талаптар.
Оқудың ғылымдығы, қолжетімділігі, көрнекілігі, жүйелілігі және реттілігі талаптары, оқу үрдісінде студенттердің белсенділігі мен саналылығын қамтамасыз ету талаптары, ОӘК көмегімен жүргізілетін оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің бірлігі талаптары жатады.
Back
Next

ЭОӘК қойылатын талаптар


2) Мазмұн құрылымына қойылатын талаптар.
Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептеледі, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.
Теориялық материал таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектілерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiнде детальды талдауын қамтамасыз етуi керек.
Back
Next

ЭОӘК қойылатын талаптар


3) Функционалдық талаптар.
Құрылатын ЭОӘК-нің мазмұны ЖОО-лардың оқу-әдістемелік бірлігі ұсынған Мемлекеттік білім беру стандартының және типтік оқу программаларының талаптарына толыққанды сәйкес келу керек. ЭОӘК құрамына сәйкес пәнді білім беру мекемесінің консультациялық қолдауымен өз бетінше оқу үшін қажетті білім беру ресурстарының толық жиыны кіру керек. ЭОӘК модульдік принцип бойынша құрылуы тиіс, оған сәйкес әрбір модульдің құрамында бір пәнді меңгеруге қажетті білім беру ресурстарының жиынын жинақтаған жөн.
Back
Next

ЭОӘК қойылатын талаптар


4) Рәсімдеуге қойылатын талаптар.
ОӘК-де интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болумен қатар, пайдаланушы қате іс-әрекеттер жібермеу үшін бүтін ОӘК-нің және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
ОӘК-нің рәсімделуі оқу материалын жеңіл меңгеру үшін қолайлы және эстетикалық түрде берілуіне мүмкіндік жасауы керек. Мәтіндік материалдың көлемі оқушыны жалықтырмау үшін сөздердің саны шектеулі болу керек. ОӘК-дегі түстер ақпаратты жақсы және шаршамай қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс және материалдың жеңіл игерілуі мен эстетикалық түрде ұсынылуына көмектесу керек. Қара фон ешқандай жағдайларда болмау керек. Шрифтің түсін стандартты қара, қою-жасыл немесе қою-көк қылып жасау керек.
Back
Next
Кері байланыс:
- Сабақтың әр кезеңінде қолданылады;
- Мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асырады;
- Нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Back
Next


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет