Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері Қабылдаған: Аширбаева А



Pdf көрінісі
Дата01.03.2023
өлшемі83,6 Kb.
#70758
Байланысты:
эссе акбаян



ЭССЕ 
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері 
Қабылдаған:Аширбаева А. 
Орындаған:1901-11 тобы, Байсейт А. 
Шымкент қ.


Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар 
кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі 
арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы 
білім алу формасы.Кәзіргі кезде дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. 
Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. ХХІ ғасырда ақпарат 
жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз. Сауатты өмір – дамудың 
жаңа фазасы, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап 
етеді. Бүгінгі таңнын талабы – қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан оқытуды 
ұйымдастыру жүйесі оқытушылар мен студенттер арасында, өзара студенттер арасында 
жұмысқа қатысты кез келген форматтағы файлдармен алмасуды қолдайды. 
Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып 
келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып 
жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. 
Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын 
тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің 
біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың 
жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты 
бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады.
Артықшылығы: Оқуға қол жетерлік. Қашықтықтан оқыту қандай да бір объективтік 
себептерге байланысты дәстүрлі оқыту формасын қолдана алмайтын адамдар тобына 
арналған. Осындай топқа, мысалы, денсаулығы жағынан шектелген адамдар, жұмыспен 
оқытуды біріктіретін немесе Қазақстанның регионында халықаралық немесе астаналық 
оқыту орындарымен салыстырарлық оқу орындарының жетіспеушілігі. Сонымен қатар, 
қашықтықтан оқыту формасын Қазақстанның әйгілі жоғары оқу орындарында оқығысы 
келетін, бірақ қажетті қаражаты мен уақыты жеткіліксіз адамдар қолдана алады. Оқыту 
формасы. Коммуникалды технологияны оқыту базасының негізгі артықшылығы: 
конкурссыз оқуға түсуі; оқудың екпіні мен уақытын өздігінен ұйымдастыруы; оқытудың 
бекітілген уақытының жоқтығы; үйде және кез келген жерде интернетке қосылған 
компьютерді қолдану мүмкіндігі; әлемдік ресурстарға, виртуалды кітапханаға және 
мәліметтер базасына қол жетімділігі. Жыл бойы қашықтықтан оқытуға оқушыларды 
қабылдау өткізіледі. Кез келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Өз қалауыңыз бойынша 
білім алу. Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті 
жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео 
дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге 
белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы – аралық және қорытынды 
аттестациядан сәтті өтуге мүмкіндігіңіз бар. Оқушылар үйден немесе кеңседен шықпай-
ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде ғаламторға 
қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің болмауы, 
мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, қол жетімсіз жерлерде тұратын, бас бостандығынан 
айырылып жазасын өтеп жатқан адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар үшін 
белгілі бір қосымша болып табылады. Оқудың жоғары нәтижелері Американдық 
ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім 
беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары деп баға берді. Қашықтықтан 
білім алушы ретінде біз оқу материалдарының көпшілігін өз бетімізше оқып, іздендік. 
Бұл әдіс тақырыптарды есте сақтау дағдысын жақсартып, білімді практикада, жұмыста 
бірден қолдана білу мүмкіншіліктерін сыйлады. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа 


технологияларды қолдану оқу барысын одан әрі қызықты ете түскені тағы бар. 
Мұғалімдермен байланыс әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. 
Электрондық пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден 
гөрі тиімді және жылдамырақ болады.
Кемшіліктері. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда 
әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.Күшті мотивация қажет .Қашықтан білім алушы 
оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұ

л ерік жігер, жауапкершілік пен 
ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді. 
Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. 
Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың бір-бірімен және оқытушылармен жеке 
байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, 
командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.Практикалық білімнің 
болмауы, көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту 
қашықта қиынға түседі екен. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге 
немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.Компьютерлік сауаттылықтың 
жеткіліксіздігі Негізінен, оқытушылар құрамының аға буынынан қашықтан оқыту 
технологиясын меңгеруде қиындықтар туындады. Шалғай өңірлердің қашықтығы 
қашықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің 
көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқтығы біраз қиындық туғызғаны рас 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет