7M05304 «Техникалық физика» мамандығының 1 курс магистранты Амзеев Нұрдаулет Махсатовичтің жылдық есебі 2020-2021 оқу жылы кезеңінде (14.09.2020 – 01.05.2021) мен, 1 курс магистранты Амзеев Н. М. жеке оқу жоспарына сәйкес базалық және бейіндік пәндер курстарынан өттім. Оқу процесіне кедергі келтіретін тәртіпті бұзу және оқытушылармен жанжал жағдайлары менің тарапымнан байқалмады. Оқу үлгерімі мен білімін бағалау "өте жақсы", "жақсы" деп бағаланады.
Ғылыми жетекші, с.ғ. к., доцент И. Е. Тумановпен бірлесіп "Құрылысына жылулық құбыр орнатылынған зәкірдің төменжиілікті тербелістердің үшфаздық электрмагниттік қоздырғышының жұмыс істейтін процесін мультифизикалық модельдеу" магистрлік диссертация тақырыбында жұмыстар жасалуда, магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысы басталды.
Бірінші жартыжылдықта магистрлік диссертация тақырыбына қатысты мақалалар мен шығармаларға әдеби шолу жасалды. Шолу негізінде магистрлік жұмыстың мақсаты мен мазмұны құрылды, ғылыми жұмыстың теориялық негіздері жинақталды.
Оқу жылында мен магистрлік диссертация тақырыбына байланысты мақалаларға, жұмыстарға әдеби шолу жасадым. Ғылыми жұмыстың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы анықталды. Шолу негізінде магистрлік диссертацияның мақсаттары мен мазмұны құрастырылды, сондай-ақ ғылыми жұмыстың теориялық базасы жасалды.
Сонымен қатар 2021 жылдың 8-9 сәуірінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуды атап өтуге болады. «Stock 2 жұлдыздық шоғырдың тасулық құрылымындағы жұлдыздарды анықап, талдау жасау.» тақырыбында баяндама өтті. Конференция материалдары факультеттің сайтында орналастырылған электрондық форматтағы жинақта жарияланған.