Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
|
|
БҚ-1. ОҚЫТУ
|
БҚ-1.1 Өзін-өзі дамыту: оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгерген.
|
БҚ-1.2 Сыни ойлау және шешім қабылдау: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды.
|
БҚ-1.3 Ақпаратты басқару: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.
|
БҚ-1.4 Компьютерлік технологиялар: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады
|
БҚ-2. ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІПҚОЙЛЫҚ
|
БҚ-2.1 Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.
|
БҚ-2.2 Этикалық принциптер: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.
|
БҚ-2.3 Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.
|
БҚ-3 КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ТОПТА ЖҰМЫС ІСТЕУ
|
БҚ-3.1 Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді
|
БҚ -3.2 Топта жұмыс істеу: әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді
|
|