Қашықтықтан өткізілген ата –аналар жиналысы Хаттама



Дата29.10.2023
өлшемі9,39 Kb.
#121104

Қашықтықтан өткізілген ата –аналар жиналысы
Хаттама 21.05.2021 ж
Watsap желісі арқылы онлайн түрде қатысқан ата-аналар -23
Қатыспағаны : 2
Күн тәртібі:

  1. Оқу жылының қорытынды есебі.

  2. Оқу жылының жетістіктері

  3. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі,жолда жүру ,суда шомылу,техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру .(Ата-аналардан қауіпсіздік туралы қолхат алу)

  4. Сыныптан сыныпқа көшу туралы

  5. Әр түрлі мәселелер.

Тыңдалды:
1-2 мәселе бойынша:
Елімізде төтенше жағдайға байланысты 4-тоқсанда балалар қашықтықтан және аралас оқыту арқылы мектепте білім алып түрлі платформаларды қолдана отырып ,білімдерін жетілдіріп отырды.Сонымен қатар Watsap желісі арқылы балалардың сабақтарын қадағалап ,оқу жұмыстарын орындалу барысын сынып жетекші қадағалап басты назарда ұстады.Нәтижесінде балалар да бұл оқуға төселіп оқуда қиындықтар орын алмады.Платформалар арқылы үй тапсырмаларын орындап отырды.Дарын онлайн,Bilim land платформасы оқушылардың білімдерін жетілдіріп отыруына септігін тигізді. Bilim land платформасына сынып оқушылар қатысып, тапсырмалар орындап отырды.Мониторинг арқылы оқушыларды бағалап,қадағалап отыруды сынып жетекші басты назарда ұстады.
3-ші мәселе бойынша ата-аналар ескерту хатпен танысып, ата-аналардан тііл хат алынды.
Ескерту хат
Құрметті ата-ана және оқушы!
Елімізде COVID – 19 короновирустық инфекцияның таралуына қарсы шектеу шараларына және күннің жылуына байланысты және баланың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі жайттарды ескертеміз. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта және мереке күндері қала сыртына “Арыс” өзені , “Көксарай”,Сырдарият.б су қоймаларына ата-анасыз шомылуға, темір жол жағалауларына, кафе–барларға, ойнханаларға шығуға сонымен қатар Түркістан қаласына, “Машат”, “Біркөлік”,“Қасқасу” т.б демалыс орындарына баруға, жиын отырыстарын өткізуге ҚАТАҢ ТИЫМ САЛЫНАТНЫН ЕСКЕРТЕМІЗ.
Сонымен қатар жол қауіпсіздігі , өрт қауіпсіздігі туралы үнемі балаға ескертіп отыру керектігін естеріңізге саламыз.
Жоғарыда айтыылғандарды ескеріп, балаңыздын өмір қауіпсіздігіне бейжай қарамауынызды сұранамыз! Сабақтан тыс кезіндегі баланың өмір қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігі өз мойындарынызда екенін ескертеміз!


Мектеп әкімшілігі
Шешім :
1.Оқу жылының қорытынды есебі қанағаттанарлық деп танылсын, оқушылар 3-сыныпқа көшірілсін
2.Жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі ата-аналар жауапкершілігінде болсын

Сынып жетекші : Шиндалиева М.



Тіл хат
Мен ата-ана_____________________________________________________________
_______ сынып оқушысы (қызым,ұлым)____________________________________
25.05.2021ж бастап 1.09.2021ж аралығындағы жазғы демалыс кезіндегі (қызымның ,ұлымның)
- өмірі мен қауіпсіздігіне
- денсаулығына
- пандемия кезіндегі барлық санитарлық талаптарды сақтауына
-гигиенасына, балаға жауапты заңды тұлға ретінде өз жауапкершілігіме аламын.


Ата-ана қолы ____________ Күні ___________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет