Асылбаева Аяулым Кумаровна


Жаһанданудың ерекше үлгілері



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі79,5 Kb.
#15755
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Жаһанданудың ерекше үлгілері:

Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыруымыз керек.



Жаһандану туралы бір туысымнан сұрағанда ол маған былай деп жауап берді: «Жаһандану (глоболизация) — дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика, өмір салты (киім, өнер, тамақтану, т.б.), мәдениет пен ақпарат құралдарының ортақ бола бастауы. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, Махаббат күнін тойлаймыз, Фейсбукқа тіркелеміз және сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады»

Өзекті болып тұрған ғаламдану құбылысын біржақты талдау мүмкін емес сияқты. Яғни не біріңғай жағымды, не біріңғай жағымсыз үдеріс, идеология деп кесіп айту қиын. Өйткені, әлемдік тарихта нақты орын алған оқиғалар сарыны глаболизмді біржақты дәріптеп жақтаушылар ғана бар деуден аулақ етеді. Күні кеше ғана көз алдымызда шаңырағы ортасына түскен социолизмнің жүйе ретінде күйреуі оның ашық жүргізген глаболистік саясатының жасындылығын паш етпеді. Демек, жаһандану шым – шытырығы, қалтарысы көп күрделі де жауапты жол таңдау деп түсіндірілсе керек. Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір деген тарихи тұлғалар жер-дүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан. Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің «мысы» басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың «жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады», яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады. Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениет ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстың нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми – техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге кеек емес. Себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға жезөкшелік, түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл әсіресе жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шартыәрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр. Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу — әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту біздің айқын міндетіміз.

«Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы тарихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.«Жаһандану» терминін алғаш рет 1983 жылы «Гарвард бизнес ревью» журналында жарияланған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын [1]. Осы ұғым арқылы ол «жаһандық фирмалар» деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышандағы іс-әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның пікірінше, жаһандану және технологиялар халықаралық қатынастарды анықтайтын басты екі факторға айналды. Сол жылы жарияланған «Тһе Магкеtіng Іmаgіnаtіоn» атты монографиясында Т.Левитт технологияларды «әлемді біркелікке қарай жылжуға итермелейтін қуатты күш» деп бағалады. Мұның арқасында жаңа коммерциялық шындық дүниеге келіп, барынша бірқалыпқа түскен өнімдер үшін жаһандық нарықтар пайда болады. Олардың көлемі мен ауқымын бұған дейін көзге елестету де мүмкін болмаған.


«Жаһандану» ұғымының одан кейінгі дамуы белгілі жапонзерттеушісі және басқару стратегиясы саласындағы маман, осы сөздіңбарынша кең таралуына себепкер болған Кеничи Омаэніңеңбектерінен көрініс тапты. Өзінің «Триада билігі» («Тгіаd Роwег»)деген 1985 жылы жарық көрген кітабында, ол «Триада» деп ойшажасалған үшбұрышты, яғни АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаныңөздеріне жататын жағрафиялық аймақ бойынша құрылып, 600 млн.тұтынушысы бар, әлемдік технология өнімінің 3/4 астамын тұтынатын нарықты атады. Аталған еңбегінде ол Триада елдерінде қалыптасқан жаңа нышанды қатаң бәсекелестік жағдайында өмір сүру үшін көпұлтты корпорациялар жаһандық көрегендікке ие болып, жаһандық өлшемде әрекет етуі тиіс депкөрсетті [2].

«Жаһандану» термині 1980 жылдардың ортасынан бастап акпарат пен коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы, сондай-ақ биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады. Сонымен, 1980 жылдардың соңында «жаһандану» үғымы экономикалық және қаржы саласына қатысты ғана айтылып келді.


XX ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи-қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-қатерлер, біртұтас ғаламшардың ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, жағрафиялық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет