4.Сипаттама берген аймақ жайында экологиялық туындаған проблемалар
Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.
Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары – бензапирен, альдегидтер) бар. Олардың ішінде зиянсыздары – азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары – көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен, күйе, күкіртті түтін т.б. Бұл физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды. Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды.Машина тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді. Ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына түсетіндігі белгілі. Автокөлік түтіні жасыл желекке зиянды әсер етуде – лас ауадан өсімдікте аурулар пайда болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды. Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына тікелей байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген тексерулер бойынша автокөліктің 80%-да түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары болған.
Ия, атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылады. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. Қалада көлік тасқынының жыл сайын өсуі экологиялық жағдайға, тұрғындардың денсаулығы мен қала экологиясына кері ықпалын тигізуде.
Өкінішке қарай, автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтар утилизацияланбайды, себебі оларды қайта өңдейтін өндіріс жоқ. Көлікке пайдаланылатын улы сұйық заттардың қалдықтары жерге төгіліп, олар топыраққа сіңіп, зиян келтіруде. Соңғы жылдары автокөлік құралдарының қоршаған ортаны ластауы жағдайы барынша үдеп барады. Бүгінде еліміздің ірі қалаларындағы қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың 60 пайызы осы көліктерден келеді. Бұл мәліметтер жөнінде бүгін елімізге тасымалданатын көліктерге халықаралық Еуро стандарттарын енгізу мәселесіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік коммуникациялық кешенін дамыту департаментінің директоры Болат Жансүгіров мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, көліктердің ауаны ластау жағдайы, әсіресе, Алматыда қиын болып тұр. Ондағы көліктерден атмосфераға тасталатын зиянды заттар тәулігіне 507 тоннаны құрайды. Ал жылдық көрсеткіш 150-200 мың тонна немесе ауадағы зиянды қалдықтардың 90 пайызына жетеді. «Ескірген көліктердің двигательдерінде 170-тан астам зиянды қоспалар бар. Мысалы, жалғыз ғана көліктің 1 жыл ішінде ауаға тастайтын қалдықтарының ішінде көмірқышқыл оксиді 800 киләні, азот оксиді 40 киләні құрайды. Олардың арасында аталғаннан өзге 20 киләдан астам түрлі қөмірқышқыл заттары бар. Осылайша көлік түтінімен қоршаған ортаға 200ден астам зиянды заттар түседі», – деді департамент директоры. Оның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш заттардың денсаулыққа тигізетін әсерінен онкологиялық және тыныс алу жолдарына байланысты ауруларға шалдыққандар саны артып отыр. Сондықтан да Еуро стандарттарын енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Темір тұлпар сатып алу жағынан талпынысымыз тәп-тәуір көрінеді. Оған мына бір дереккөздер дәлел бола алады: еліміз бойынша 2007 жылы 1,45 миллион көлік тіркелсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 3,13 миллионға жеткен. Жақсы. Жаманы, жол апатынан болатын адам шығыны да соғұрлым артқан. Бүгінде Алматы қаласында 550 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Салыстырмалы түрде айта кетсек, 1990 жылы Алматы қаласында тіркелген көліктер саны 100 мыңды құраған. Алматы облысында 2399120 автокөлік тіркелген. Оның 371427 жеке тұлғалардікі болса, 27 693 заңды тұлғалардікі. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол көлік саны 10 пайызға артқан.
Көлік тығынының көптігін елімізге шетелден ағылып келіп жатқан, ескі-құсқы көліктер санының жыл санап арта түсуі мен осыншама ағынға төтеп бере алмайтын көшелердің тарлығынан іздестіріп, бас қатыратын жұртшылық кейбір кәсіпкерлердің жер телімдерін өз беттерінше иемденіп, мақсатсыз пайдалануы, құрылыс нысандарының жұмыстарын тиісті құжаттарсыз жүргізуі, көлік құралдарын ретсіз қою секілді өзге де толып жатқан заңсыздықтардың көше қозғалысын тежейтіні басты кедергілердің бірі екеніне онша ынта қойып, мән бере бермейді. Сондықтан да көлденең келген кедергінің алдын алып, жіті қадағалап отырмаса болмайды. Осы кептелістің тағы бір себебі, бүгінде көпшілік қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайлары жақсарған. Бір үйде бірнеше көлігі бар отбасыларда аз емес. Әрине оларға ешкімнің де қарсылығы жоқ. Дегенмен, жүргізушілер мәдениет дегеннен жұрдай болып барады. Бірін-бірі сыйлаудан қалған. Кейбіреулер бәсекеге түсіп, ерегескенде өзгелерге зардабымыз тиеді-ау деп еш ойламайды. Тіпті, қоғамдық көлікті игеріп келе жатқан жүргізуші, ішіндегі отырған халыққа қарамай, бірбірімен жарысып, көліктерін тоқтатып қойып, жұдырықтасып жататындар да жоқ емес. Тіпті жолдың рұқсат етілмейтін жерлерінде де көліктер қай кезде де қаңтарылып тұрғаны. Рас, қазір жолдарды кеңейтіп жатыр. Алайда мұнымен бар проблема шешіле қоймасы анық. Осы көлік кептелісінің басты себепшілері жүргізушілер екенін айта кеткен жөн.
Еліміздегі басқа қалалармен салыстырғанда Алматы қаласындағы көлік кептелісі үлкен проблемалардың біріне айналған. Дереккөздерге жүгінсек, Алматыға сырт аймақтардан күніне мыңдаған көлік қатынайды екен. Бұл Алматы үшін ауыр. Сол себепті де қала әкімшілігі сол көліктердің қозғалысын шектеуді қолға алуы керек. Көлік кептелісін азайтуға бұл да өзінше бір септігін тигізері сөзсіз. Алматы қаласының тұрғындары көлік кептелісіне күнде тап болады. Қорыта келгенде Алматы қаласының экологиясына зиянын тигізетін басты факторлар мыналар:
Автокөлік және жол-көлік ережелері заңдық жағынан реттелгенмен, іс-әрекет жүзінде жүзеге аспайды. Яғни заңнаманың, нормативтік құқықтың актілердің орындалмау салдары. Мәселен Заң жүзінде 2011 жылы шығарылған мәслихаттың шешімі бойынша аталмыш 5 жолда (Төле би, Райымбек, Абылайхан, Тимирязев, Абай) көшелері бойында көлік қоюға тыйым салынды. Бірақ іс жүзінде бұл шешім жүзеге асқан жоқ.
Қала ішінде орнатылған бағдаршамдар көбінесе экономикалық монополистердің ыңғайына қарай қойылған. Мәселен, Алматы қаласынан Райымбек даңғылы бойымен кіріп шығатын күре жол бойындағы Момышұлы көшесінен «Алтын орда» базарына дейінгі аралықтағы жасанды көлік кептелісін ерекше атап айтуға болады.
Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жүргізу мәдениетінің жоқтығы. Жол ережелерін білмеуі, жүргізуші куәлігін сатып алып жатқандығы.
Көліктердің көптігі
Жанармай-бензиннің сапасыздығы.
Алматы қаласындағы 50% ескірген көліктер. Олардан шығатын улы газдар ауаны ластайды.
Достарыңызбен бөлісу: |