Батыс сармат иеліктері Қара теңіз жағалауындағы скифтермен (Еуропадағы сақтарға туыс тайпалар) көрші орналасып, олармен өзара достық қатынаста болды.
Б.з.д. ІІІ ғасырда сарматтар мен скифтер арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Грек тарихшысы Диодор: «Сарматтар скифтердің жерін күшпен иемденіп, халқын қырғынға ұшыратты», -деп жазған Нәтижесінде Шығыс Еуропа далалары мен Солтүстік Кавказ аумағы енді Скифия емес, Сарматия деп атала бастады
Б.з.д. І ғасырда сармат тайпалары Дунай мен Еділдің аралығында үстемдік етті. Батыс сармат тайпалары Рим мемлекетімен шегаралас болғандықтан, тығыз байланыста болды.
Шығыс сарматтары Алдыңғы Азиямен тығыз байланыста болды. Сарматтар б.з.д. І ғасырда Римге қарсы күрескен Понт елінің патшасы Митридатты қолдады. Сарматтар Боспор патшалығымен одақтасып, оның патшаларына қызмет еткен. Кейін сармат тайпалары арасында өзара алауыздық күшейеді.
Грек авторлары: «сарматтарды соғыс құдайы Арестің ұрпақтары» деп санаған.
Сарматтардың ұзын найзасы шайқаста жауды түйреуге қолайлы еді. Олардың ұзын семсері әскери салада жаңалыққа айналып, басқа халықтарға таралды.
Сарматтардың аласа бойлы, төзімді жылқылары көп еді. Антик авторлары: «Олардың жылқылары аласа болса да, асау келеді», - деп жазған.
Катафрактарий – ауыр сауыт киіп, жау шебін найзамен түйреп бұзатын сармат атты әскері.
1 тапсырма: Осы сабақта алған білімдеріңді қолдана отырып, берілген ақпараттың ақиқат не жалған екенін ажыратыңдар: