198
Кешкенім еовет көшесін,
Кеудемді ашып құрбыма,-
деп жас шағының қнмас қызығы қалған қаласын еске
алады.
Сонау бір шетте, сонау уй,
Кетер ме, сірә, көңілден?
Алушы ед тартып мені ылғи
М а х а б б а т , ж а с т ы қ лебімен.
Терезе алды - ж а с терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп?
Ж ү р екен кімдер еркіндеп,
Ж ү р е г і н ұстап үйге еніп?
Шыншыл лирика емес пе? Образ қандай? Бұдан та-
лай жастар терекке сүйеніп өткізген талай ләззат кеште-
рін есіне түсірсе керек. Ақынның жеке сезімі оқушының
сезімімен табысып жатады дейтініміз де сондықтан.
Майданға аттанып бара жатқан Қасым Оралға деген
бар ынтасын, ықыласын, мейрімін, сағынышын ақтара
салады.
Сағындым сені, Оралым,
Күндер ж о қ бейбіт бұрынғы
Келгенше қайта оралып,
Алып қ а л осы ж ы р ы м д ы .
Бұрын көрмесең де Байқалдың Қасым суреттеген та-
мылжыған табиғатына ғашық болсаң, Оралға осы өлең
арқылы ғашық боласың. Осындай сыршыл өлең тудыр-
ған жерді әдейілеп барып көргің келеді, ақын аунаған
Шағанның көкорайына сенің де аунағың келеді. Шын
поэзияның күші осындай болмақ!
«Орал» былай аяқталады.
Қ о ш болш ы енді, Оралым ,
Мен үшін сен күл, сайранда..,
Айтпақшы Х а й д а бораның? .
Кетейін алып майданға.
Өлеңнің әлеуметтік сыры терең әрі нәзік ашылған.
Бейбіт елдің майданға бара жатқан ақыны бақытты
өлкесін қия алмай, елжірей қоштасады. Қөңілінде мұц,
кезінде жас бар. Бірақ, ол жасық та, күйреуік те емес.
Қайсар жан. Сондықтан да өз даласының боранын май-
данға ала кеткісі келеді. Бұл боран туған жердің ыза-
кегі еді. Ол жеңіп шығуға тиісті де еді. Сол Отан кегі
Қасымның майдандық өлеңдерінің лейтмотиві деп айту-
ға болады. Бұл кек, әсіресе, «Абдолла» (яки «Ақын өлімі
туралы аңыз») поэмасында әте-мәте күшті көрінеді.
199
Қапылыста калың жаудың ортасына түсіп калған
жауынгер «көкірегінің көкті зілін қорғасынға қоса тү-
йіп», тас бекінеді. Жалғыз өзі жаумен қолма-қол арпа-
лысады. Отан намысын жыртқан жауынгер көзсіз ерлік
көрсетеді. Жасақты жау төніп келгенде:
Құдірет күші ж е р - ж а һ а н н ы ң
Қ анаты н бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Ж ү р е г і н бер жолбарыстың:
Күллі әлемнің ашу, кегі,
Орна менің кеудеме кеп
Ж а у жолына атам сені,
Бомба бол да ж а р ы л ж ү р е к ,
дейді ол.
Бұдан артық айбар, ашу болар ма! Қасым суретте-
ген жау осал жау емес, Тегеурінді, шеңберлі, ызғарлы,
мейрімсіз жау. Қасиетті жерімізде «жындай қаптап»,
«махаббатты шаштан сүйреп» келе жатқан (қандай тап-
қыр теңеу десеңізші) қанқұйлы жау ол. Бұл жаудың
жарағы да сұмдық.
Түсіргендей көктің миын,
Зіркілдеді зеңбіректер,
Естігендей дозақ күйін,
Көрден ытқып шықты өліктер,
Сол жауға ымыраға келмейтін, солқылдамайтын, мо-
йымайтын ұлы кекті ғана қарсы қоюға болатын еді. Ком-
мунистік партиямыз да жауды жаныңның барлық күші-
мен жек көре білуге, сол арқылы жеңіп шығуға ұран
тастаған еді. Қ. Аманжолов сол рухта өткір жыр жаза
білді.
Ашулы Аманжолов ешуақытта ақындық нәзік сезім-
нен қол үзіп керген емес. Кек қазандай қайнаған «Аб-
долла» поэмасының өзінде нәзік сыр молшылық.
Қ ар а тол қ ы н орма н шашы н
Ж ұ л д ы т а л д а п снарядтар.
Осынау екі жолда қаншалық сыр жатыр. Бұл жерде
орман тікелей табиғат күйінде бір көрінсе, бағанағы жау
шашынан сүйреген махаббатты да еске әкеліп түсіреді.
Солардың екеуіне де ақынның жаны ашиды. Ақын орыс-
тың «ойшыл орманын», «ақырын ғана сырнай тартып,
сыр шерткен ну қарағайын» сүйеді. Сол қарағайды са-
тыр-сұтыр от жалап жатыр. Бұл от ақынның геройын қо-
са жалмағалы келеді.
200
Ы з а боп ж а у жіберді өрт,
Кідірді ол оқ таусылып.
Автоматы ең соңғы рет
Алды демін тынды сулық...
Осыдан кейін лажы таусылған герой жау қолына түс-
кенше, өртке жем болғанды артық көреді.
Қ ызыл-жасы л киінген өрт
Көрінді оған боп қ ы з о й н а қ :
Толқып торғын, ж а й н а п букет,
Тым сиқырлы билеп, ойнап.
Айтып ж ұ м б а қ өлеңдерін,
Аңыз болып бір сұлу ж а р ,
Ж е л п і п ж а л ы н желектерін,
Келе ж а т т ы от сұлулар.
Осындай ғажайып сиқыр суретті көргенде, ақын-герой
Абдолла шошымайды.
Ашып отқа омырауын,
- Естісін,- деп,-
қ ырсы қ ж а у ы м ,
Айтты ол шырқап өрт ішінде
Сүйген әні «Қарғам-ауын...»
Герой есер жауды мазақтап, сақ-сақ күліп, өлім қой-
нына өлеңдете кіреді. Бұдан артық оптимистік бола ма?
Қасымның поэзиясы күллі Отанды, соның ішінде ту-
ған жерді сүюге, қастерлеуге үндейді, қайсарлыққа, та-
бандылыққа, қаһармандылыққа баулиды. Ақынның өмір-
ге, келешекке артатын үміті, сенімі мол жатады. Под-
полковник Альпинге жазған өлеңінде:
Б а л т ы р ы н таңған, сұр шинель киген
Осы бір солдат өтер өрттен
Тасқындай еркін поэзиясымен
Ш ы ғ а р бір барып келешектен -
дейді.
Осы мотив басқа өлеңдерінде де бар. Өлеңмен Ғаб-
долға жазған хатында ақын майдандағы өмірін:
Қ ып- қ ызы л дари я майданғ а
Басымен сүңгіп келемін.
Бойлап бір шығып қ а й р а ң ғ а
Ойлап бір кешіп тереңін,-
деп суреттеп келеді де:
Білмеймін қайда ж о ғ а л т т ы м
Сескену, қ о р қ у дегенді?
201
Есігін қ а қ т ы м д о з а қ т ы ң
Өлеңмен келіп мен енді.
Ж а н ы м д ы салсам ж а л ы н ғ а ,
Ж а н а д ы - а у деп те сескенбен.
Ж а п - ж а с ы л балғын ш а ғ ы м д а
Шомылып өртке өскем мен,-
деп ұрыстан жасқанудан аулақ екенін сездіреді.
Ақынның осындай батырлығы көктен түсе салмайды.
Алуан түрлі себебі бар. Соның бірі - манағы айтқан
Отан кегі, ел намысы.
Ж ү р е г і м шоққа көмілді,
Ж а н ы м д ы ж а й д ы м өртеңге:
С ұ м д ы қ т а кеткен кегімді
Қ а й т а р а алма й өтем бе?
Бұл босаңдық емес, шымырлық; өкіну емес, өзін
өзі қайрау, сол арқылы майдандастарын қайрау деген
сөз.
Қасым - қайда жүрсе Отанын, ел-жұртын, халық
тағдырын ойлап, пида болған азамат ақын, ойлы ұлан.
Ол қамыға да біледі, ширыға да біледі. Советтік еліне
туған халқына мейлінше ынтық ақын сол елдің, сол ха-
лықтың көңіл-күйіне қарай бірде күрсініп, бірде шат-
танады.
Аспанымды бұлт торлап,
Қ ұ рыстырд ы денемді.
Көзімнен ж а с домалап,
Төктім сонда өлеңді.
Ж ы р ы м д ы д а ж а с ы м д ы
Бір сығып мен тастадым.
Ж а й н а п қ а й т а а ш ы л д ы
Ойым менің, аспаным.
Шіркін, ақын осылай жырласын да! Поэзия еріккен-
нің ермегі, яки немесе күнелтудің көзі емес. Әсіресе ел
басына қатер төнгенде поэзия көздің жасынан, көңілдің
жалынынан пайда болады. Екінің бірі ер емес. Әу деген-
нің бәрі ақын емес. Ақын халықтың асыл қасиетінен
туып, алдағы арманына қызмет етеді. Солай болғандық-
тан да соғыста жүрген Қасым қас-дұспанның ұлан-бай-
тақ жерімізде «жындай қаптап» басынып қара күштің
салмағын салғанына, пак санамызды уландырмақ бола-
тынына ызасы келеді, зығырданы қайнайды.
Ж е д і ғой іштен өкініш,
Қ а й р а т ы м д ы үңгіп, қуыстап,
Кеудеде тынған д а у ы л күш
Ш ы ғ а с ы ң қай күн ту ұстап?
202
Жүрегінің түгі бар, осыншама сарқылмас жігері бар,
сыршыл парасаты бар солдат ақынның жеңіп шығаты-
нына кәміл сенесің. Кейін сол жеңісті де Қасым өз ора-
йымен тамаша жырлады.
Асылы, Қасым Аманжолов шыншыл, реалист ақын
еді. Адам сезімін жан-жақты жеткізе білетін-ді. Оның
шыгармаларынан бір шындық ерекше анық ұғылады.
Адам ерлік іс жасау үшін ең әуелі өз жүрек батыры бо-
луға керек. Бұл дүние сырына толық қанудан туады. Ар
не, намыс не, абырой не, мәртебе не, парыз не, бақыт не,
бишаралық не - соның бәрін іштей терең ұғынған жан
ғана қаһармандық жасай алмақ. Ондай адамның мейрі-
мі де, шаттығы мен сағынышы да мол болмақ.
Өрт шарпыған орыс орманымен бірге күйзелген Қа-
сым Ғалиға жазған бір хатында былай дейді:
Ж а н ы м н ы ң ж а л ы н ш а л ғ а н ж а п ы р а ғ ы н
Ж і б е р д і м салып хатқа, а ғ а ж а н ы м .
Ж и д а ғ ы достарымды көрсет өзін
Ж а п с ы р ы п кеудесіне домбыраның.
Осындай жарасымды сағыныш сарыны Қасымның
майданда жазған талай өлеңінен байқалады. Мұның
сөкеттігі де жоқ. Өмір мен өлімнің шекарасында жүрген
адам елін, дос-жаранын, құрбы-құрдасын, үй ішін, сүй-
ген жарын, ата-анасын сағынуы әбден табиғи нәрсе. Бұл
жай Алексей Сурков, Константин Симонов сияқты озық
орыс ақындарының да майдандық шығармаларынан мол
табылады.
Бірақ, соғыс тұсындағы Қасымның қайсыбір өлең-
дерінде жеке бастың өткінші сезім күйіне талғамай еріп
кетушілік фактылары да болды.
Соғыс кезінде әр халық өткендегі қаһармандық дәс-
түрін еске алды, мақтан етті, ұлттық намысын ту ғып
көтерді. Мұның өзі ұлы орыс халқымен тізе қоса оты-
рып, қас дұшпанды тойтаруға жәрдемдесті. Біздің елде
әрбір халықтың ұлттық мақтанышы әлдеқашан интер-
националдық мақтанышымызға айналады. Соғыс тұсын-
дағы Қасымның осы шындықты шала түсінгенін байқай-
мыз. Мұны кымтау тарих үшін қиянат болар еді.
Қ. Аманжолов 1943 жылы Қиыр Шығыстан Батысқа,
майданға өтіп бара жатып жазған «Сарыарқа» атты
өлеңінде Сарыарқа табиғатының сұлулығын жырлап ке-
леді де:
С а р ы а р қ а , сағындырдын, ата мекен,
С а р дала анам едің, құшағың кең:
203
Тұсыңнан т о қ т а й алмай б а р а м өтіп.
Артта - сен, алда - майдан, қайтсем екен?
деп бітіреді. Жалпы совет жерін қорғауға бара жатқа-
нын ұмытып, жорықтан лоблығандай болады. Ұлы орыс
жерінсіз Сарыарқа сәнді өмір сүре алмайтыны ақын
қиялынан тыс қалып қояды. Сол сапарда жазған "Ертіс"
атты өлеңінде: «Арқада аққан күміс, алтын арна, ер ерке
Ертісімдей өзен бар ма?» деп, Ертісті бөлек бөліп алып
жырлайды. Және ондай өзен кайда, деп қате пікір айта-
ды. Осының салдарынан өлең идеясы тым аласа, шеңбе-
рі тым тар болып қалған. «Ертістің толқынына тербеліп,
ән салып өскен қазақ ұлы қайтып сорлы болсын» деп
сарқады ақын бар ойын.
Әрине, өз халқының ырысты, құтты, қайырлы, та-
лантты жақтарын жіті көріп, оқушы жұртшылығына
толық таныту әрбір патриот әдебиетшінің парызы. Бі-
рақ, сол қасиеттер Ертісте туғандықтан ғана пайда бол-
ды деу, ең сыпайылап айтқанда, аңғырттық болады.
Жалпы соғыс атаулының екі түрлі болатынын да Қасым
байыптай бермейді. Отан жерін азат ету үшін барған
ақын:
Мен кеттім, сол кеткеннен кеттім ұзақ,
Б а з а р ғ а келіп түстім қ а н д ы қасап.
Қ а н ж а л д а п ш а л п ы л д а т ы п кете бардым ,
Серігім болды менің азап, михнат, -
деп соғысты «қанды қасапқа» теңейді. Мехнат - азапты
баса суреттейді. Социалистік реализм әдісін жатырқай-
тын жабайы натурализмге ұрынады. Сөйтіп келеді де:
Мың есе білдірдің ғой қадіріңді,
Атыңнан айналайын, ата қазақ,-
деп зор ақын ұлттық тар шеңберге қысылады. Оқушы
жұртшылыққа ескерте кететін бір нәрсе, Аманжолов
творчествосында осындай азын-аулақ сәтсіз жолдар
ақынның толық жинағында түсіп қалыпты. Ептеп тігісін
жатқызушылық та сезіледі. Бұл шығарушылар алқасы-
ның істеген бір ағаттығы деп білемін. Неге десеңіз, ле-
нинизм тарихты әрле демейді. Кезінде талай-талай ба-
сылып, қалың бұқараға кең таныс болған, бертінде
партия жұртшылығының, әдеби жұртшылығының әділ
сынына ұшыраған өлеңдерді, жеке жолдарды мұраға
енгізбей, үрку орынды болмайды. Әрбір ақынның қате-
сін, кемшілігін қымтасақ, өзге авторларды міннен сақ-
204
тандырмаған болып шығады. Және, бұл орысша айт-
қанда, никелировкаға апарып соғады.
Некен-саяқ сәтсіз жолдардан үркудің қажеті жоқ
дейтін себебіміз, күңгірт көңіл күйлері соғыс тұсындағы
Аманжолов творчествосынан ішінара ғана ұшырайды.
Ағат жазылып қалған жолдар Қасым поэзиясынын жал-
пы идеялық, көркемдік сапасына нұқсан келтіре алмай-
ды. Мұны ақынның басындағы қайшылық деп атауға да
болмас еді. Өйткені, коммунист ақын Қасым Аманжолов
тұңғыш өлеңінен бастап өмірінің ең ақырғы күніне дейін
советтік отанын жырлап өтті. Коммунистік партияның
ұлы идеясын берік ұстанды. Бұл ақынның соғыстан ке-
йінгі творчествосынан да толық көрінеді.
Қасымның 1948 жылы шыққан «Дауыл» атты жинағы
қазақ совет әдебиетінде тың оқиға болды. Мұнда ол еш-
кімге де ұқсамайтын өз бетін, өз үнін, өз орамын толық
танытты. «Дауылға» соғыс алдындағы, соғыс тұсындағы
және соғыстан кейінгі шығармаларынын ең шырайы, ең
нәрі енді. Бұл кітаптың оқушы жұртшылыққа өшпес
әсер етуі де сол себептен-ді.
Қасым - орыс тілінде екі жинағы шыққан, орталық
газет, журналдарда талай жарияланған ақын. Ол бүкіл
орыс жұртшылығына, күллі одақ жұртшылығына түгел
танылған.
Қасым Аманжоловтың поэзиясы совет жазушылары-
ның бүкілодақтық Екінші съезінде жоғары бағаланды.
Сондай-ақ ол туралы соғыстың соңғы жылдарында Алек-
сандр Фадеев те жоғары пікір айтқан болатын. Аман-
жоловтың поэзиясы туралы, соның ішінде әсіресе «Аб-
долла» атты поэмасы туралы жазушы, ақындардың
кезінде айтқан батыл да әділ пікірлерін әдебиет зерттеу-
шісі Есмағамбет Исмаиловтың жинаған деректері бойын-
ша толық еске ала кеткім келеді. Бұл ретте, мысалы,
Ғабит Мүсрепов «Абдолла» туралы бірінші боп пікір
айтып, былай деген:
«Қазақ әдебиетінде Қасымның ағасы да бар, інісі де
бар, кұрдасы да бар. Солардың ішінен Отан соғысының
тақырыбына жазамын деушілердің бәріне де «Абдолла»
жаңа бір қырқаны меңзейді. Жаңа тақырыпты жақсы-
лап жазайық дейді. Қасымның ең бір жете ұғынатын
жақсы ойы осында. Қасым поэмасын жете ұғынғың кел-
се, мұнда көп нәрсенің дұрыс бейнесі көрсетілген. Соны-
мен бірге, сол бейнелерді калай көрсету керектігін де
анықтап кетеді...»
Көп шығармаларымызда «Отанын сүйген, елін сүй-
205
ген» деп келеміз де, соны шын әдебиет тілімен айта ал-
маймыз. Отанын сүйді дедік, міндет атқарылды дейміз.
Ал осыны Қасым қалай берген? Ол Абдолланың жан
жалынын, сезім толғануын көрсету арқылы бере алған,
жалт-жұлт еткен жау отының бір шоғы келіп Абдолла-
ның жүрегіне түскендей болады. Сонда Абдолла қай-
теді?
«Ер күрсініп алды демін,
Қ ы з ғ ы ш болып қ ызғанышы .
Қ има й ж а у ғ а көл арнасын
Ж а л ы н шарпып демалысы,
Ж ү р е г і н д е й сол аймақтың
Аласұрды намысты ұлан!»
Міне, Отанын сүйген адамның жан тұлғасы осылай
болуға керек. Жазушы адам жанының инженері, осы
жан құбылысын көрсете алу керек. Сыртты емес, ішті
көрсете алсын. «Сайтан отын» жағып, өктемдей күлген
жаудың күлкісі Абдолланың жүрегіне қанжардай қа-
далды.
«Ашуын бер арыстанның
Ж ү р е г і н бер жолбарыстың,
Күллі әлемнің ашу-кегі
Орна менің кеудеме кеп!
Ж а у жолына атам сені,
Бомба бол да ж а р ы л жүрек! -
дейді Абдолла.
Шынын айту керек, біздің әдебиетте бұл әлі айтыл-
маған сөздер.
«Сол аймақтың жүрегіндей тулап, намысты ұлан
аласұрды!» деген өте мағыналы теңеу. Осылай жан тол-
ғанысы бар намысты ұлан:
« Ж а у ж о л ы н а а т а м сені,
Бомба бол да ж а р ы л жүрек!» -
десе, ақын айтам деген сөзін барынша-ақ жеткізе айта
алғаны! Мұнда соны теңеу де бар, мұнда терең ой да
бар, мұнда жалынды ақын да бар! Поэманың ең күшті
жері Абдолланың өлер жері...
«Тудыны» айту қанша қуанышты, қанша оңай болса,
«өлдіні» айту сонша қиын, сонша қайғылы нәрсу. Ақын
Қасым осы жайды мынадай бір шебер суреттеп берген:
«Кейде сағым, кейде ж а л ы н ,
Арбады елес көз ж а н а р ы н ,
Көрді бәрін, құшты бәрін:
Туыстарын, ж а н достарын..,
Кенет осы сұлу сурет
206
Тұрған жайнап, көзді т а р т ы п
Сұп-сұрланып, уа, керемет
Орны-орнында қ а л д ы қ а т ы п » -
дейді.
Поэма майданда ерлік көрсетіп елі үшін қаза тапқан
ақын жайында. Ақын Қасым ақын жанының бар тол-
ғауын, кек күшін, сезім тереңдігін түгел бере алған.
Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімінен жас
тамшылатар ақын сөзі өзгені өртеп, жүрегін тербеп
шыққан.
«Әдебиет және искусство» журналында (1947 ж-но-
мері) ақын Қалижан Бекхожин былай дейді:
«Қасымның бұл поэмасынан қанды майданда жара-
ланған жолбарыстай жау отымен жағаласқан «өрт жа-
нарлы» жауынгердің бейнесін көреміз.... Поэма оқушыны
тартып, геройына ыстық сезім тудыратын, оның ерлік
істеріне сүйсіндіретін шығарма. Поэманың негізгі қа-
сиеті ақынның бейнелеу, суреттеу жағына өтімді, қо-
нымды теңеу табуында. Қасым келе жатқан сұмырай
жаудың сипатын аз сөзбен әсерлі, айқын етіп суреттей
білген».
«Социалистік Қазақстанда» (18/У-1948) ақын Әбділ-
да Тәжібаев былай деп жазды:
«Ақынның соғыс тақырыбына жазылған көп жақсы
өлеңдерінің ең биік шоқтығы «Абдолла». Бұл батырдың
қанымен жазылған, әр сөзі оқ боп атылып, от боп ша-
шылып тұрған оптимистік трагедия. Өлімді жеңіп өлген
намысты, саналы совет жауынгерінің өшпес образы, ер-
лік шені... Ақын мен кейіпкердің жаны тепе-тең. Расын-
да да әрбір сөз қыранның қанатынан, арыстанның
ашуынан, жолбарыстың жүрегінен алынғандай. Сол қа-
сиеттің арқасында ақын жүрегі жау жолына бомба
болып жарылған. Осы бір өлеңнің өзі Қасымды ең күш-
ті ақынымыз етеді».
Белгілі орыс жазушысы Л. Соболев былай дейді:
«Ол қаптаған жауға қасқайып қарсы тұрып, жалғыз
оғы қалғанша жалынға өртенген өзінің шебін қорғап
соғысып, ерлікпен қаза табады. Осы туралы Қасым
Аманжолов «Абдолла»... («Ақын өлімі туралы аңыз»)
атты поэмасын жазды. Бұл шынында да терең сезімге
және жарқын образдарға лық толы салтанатты, ұлы бей-
нелі аңыз» («Солнечный день» 1949, 5-бет).
Ақын Тайыр Жароков былай деп жазады:
«Қасым Аманжоловтың «Дауыл» атты өлеңдер жина-
ғы, негізінен алғанда, өскен ақынның қаламынан жар-
207
қылдап, тың сезімінен құрылып жазылған жылы лири-
калар. Соны, тың теңеулер арқылы, үлкен ойлар ойлап,
оқушының сезімін қозғай біледі. Оның «Абдолла» -
атты шығармасы осы айтқанымызды дәлелдейді». («Со-
циалистік Қазақстан» 2 / І V - 1 9 4 9 ) .
Совет мәдениетінің көрнекті қайраткері, белгілі ақын
Н. Тихонов былай деп жазды:
«Қазақ ақындарының жырларында өмірдің кең ты-
нысты лебі өзінің табиғи түйсігімен елестейді... Қасым
Аманжолов «Абдолла» поэмасында батыр Абдолла Жұ-
мағалиевтің ерлігін жырлады, геройдың отты өлімін
бейнелеуге шебер ақындық сөздер, бояулар таба білген».
(«Казахстанская правда» 25/V -1949).
Қасым Аманжоловтың жеке өлеңдері халықтық де-
мократия елдері тілдеріне де аударылды. Соғыстан соң-
ғы шығармаларында Қасым өмір көріністерін, өмір
шындығын бұрынғыдан да кең қамтиды. Бұл жылдары
оның творчествосында актуалдық, оперативтілік басым.
Заман қарқынынан қалысқысы келмегендей құлашын
жан-жақты сермейді. Ақын «Соғыстан соңғы бесжыл-
дық» деген өлеңінде:
Қ айғырма , туға н жеріміз ,
Жиренген ж а у ы н жеңілді.
Бөлейміз нуға сені біз,
Ж а й қ а л т ы п алтын егінді,—
десе, осыдан кейінгі шығармаларында сол туған жері-
міздін қалайша жаңарып жатқанын суреттейді. Ақын бұ-
рынғы «құлазыған Қарағандының», «жап-жалаңаш Бал-
қаштың», «сарғайған Сырдың», «бедірейген Бетпақ
даланың» бүгінгі құлпырған көркін көз алдыңа алып
келеді. «Шарасында шайқалған» Аралды жырлайды.
«Асқар таудың басына қысты қуып тастаған» көңілді
көктем суретін жасайды. «Сауыншы жеңгейдің жырын»,
«Жылқышы жырын» тудырады. Колхозды ауылдың сан-
алуан шалқыған байлығын жыр етеді. «Дүние дұшпан-
дарына», «Дүние симас бомбаға» тәріздес өлеңде-
рімен бейбітшілік қозғалысына айбарлы үн қосып
отырады. Сонымен қатар ақын бөбектерге арнап көпте-
ген дәмді өлең жазды. Көркем аудармамен көбірек
айналысты.
Бұл жылдары шоқтығы биік «Біздің дастан» поэма-
сы туды. Бұл жалпы қазақ совет поэзиясына қосылған
тың қазына еді.
«Біздің дастан» - еліміздің азаматтық тарихына құ-
208
рылған, совет құрылысының жеңімпаз күшін, коммунис-
тік партияның ұлылығын, Лениннің данышпандығын
жырлайтын нағыз әлеуметтік шығарма. Шығармада
Владимир Маяковскийдің «Владимир Ильич Ленин»
поэмасының ықпалы басым. «Біздің дастанда» совет
қоғамын бастаушы коммунистік партия тарихының елеу-
лі-елеулі кезеңдерін суреттеуге құрылған. Мұнда да дәм-
ді лирикаға ұласып жатқан әлеуметтік зор пафос бар,
кең серпін бар; сөзі өткір, образ тың, ырғақ тегеурінді,
ұйқас қиыннан қиысады. «Біздің дастанда» коммунистік
партияның, Лениннің образы сәтті шықты. Поэмада со-
вет адамдарына деген қадір-құрмет мол. Жұмысшылар
мен шаруалардың одағы шебер жырланады.
Октябрь!
Ж а ң а дүние тұңғышындай,
Өмірді туға бөлеп қызыл шымқай,
Ш а й қ а л т т ы Россияның ойын-қырын
Сол кезгі ш а р у а л а р мен ж ұ м ы с ш ы д а й .
Ақын Октябрь революциясы орнар қарсаңында «Тү-
йілген жұдырықтай тұрды мезгіл, немене, жауға қарсы
сілтемеске» деп келеді де, тарихта жаңа дәуір ашқан
ұлы шайқасты суреттейді.
Түн тұрды
Тәңірекке қ а р а п қалт-құлт,
П е т р о г р а д б а т ы р л а р ы басты сарт-сұрт
Түсті сұлқ былқ-сылқ еткен б у р ж у а з и я
Архивке л а қ т ы р ы л д ы біткен паспорт
Д ү н и е қасапшысы
капитал карт,
Алдыңнан ш ы қ т ы қ міне,
енді қысқарт!
Дегендей еді осында әр ж ұ м ы с ш ы
Ж а у ы з д ы қ ш а ң ы р а ғ ы сынды кеп шарт.
Сол күйреген ескі дүниенің орнына орнаған Жаңа
дүниеге шат-шадыман болған ақын:
Д а р и ғ а , сондағы ел қуанышы!
Ж а р қ ы р а п толды нұрға а д а м іші,
Үстінде х а л қ ы м ы з д ы ң ұшты сайрап
Б а қ ы т т ы ң от қ а н а т т ы ғ а ж а п құсы,-
деп шалқиды.
Бұл ғажайып жаңа дүние адамдарымызға бостандық,
дәулет, бақыт алып берді. Ой-санасын оятып, көңлін
шайдай ашты. «Кеудеге қанат біткен секілденді... Асқар
таулар бұлт көрпесін лақтырды, өзен кернейлетіп, ерке-
Достарыңызбен бөлісу: |