Қасым а м а н ж о л о в поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі онда



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата01.01.2017
өлшемі441,33 Kb.
#927
  1   2   3   4   5

ҚАСЫМ  А М А Н Ж О Л О В 

Поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі — онда 

ақын өзінің атынан сөйлеп кететін шағы жиі болады. 

Лирикалық поэзияда автор көбінесе өз сезімін береді. 

Бірақ оның өз көңіл күйі жалпы адамға тән жәйтті, жан 

сырын ашып отырады. 

Пушкин өлеңдерінің түсініктерін оқығанда, әрқай-

сысының ақын өміріне байланысты жеке-жеке тарихы 

барын аңғарасыз. Лирикалық өлеңдері тікелей өз көңіл 

күйінен туған. Бұл жай Бернс пен Байронда да, Гейне 

мен Гетеде де, Петефи мен Абайда да баршылық. 

Сергей Есенин өзінің өмірбаяны туралы жазған бір 

мәліметінде  қай жылы,  қай жерде туғанын айтып келеді 

де: «Енді  қалған өмір тарихым — менің өлеңдерімде,— 

дейді. 

Тауып айтылған сөз. 



Әрине, мұндай тапқырлығымен  қатар Есениннің ірі-

ірі идеялық  қателері болды. Ол өз алдына мәселе. Біздің 

бұл арада айтқалы отырғанымыз: нағыз ақынның твор-

чествосынан өзінің өмір тарихы, адамдық табиғаты, ха-

лықтық  қасиеті байқалмай  қалмайды. 

Ақын, ең алдымен, өз  қоғамының мүшесі және мей-

лінше белсенді мүшесі болуға тиіс. Олай болса, шын 

ақын өзінің тағдыры арқылы да, өзгелердің тағдыры ар-

қылы да,  қоғамдық шындықты суреттейді. Екінші сөз-

бен айтқанда, ол әлеуметтік маңызы бар шығармалар 

ғана жазады. 

Азаматтық өмір тарихы кедей автордың шеңбері, 

тынысы кең шығарма тудыруы  қиын. Ондай авторлар өз 

басы жете білмейтін, жан-жақты зерттелмеген тақырып-

тарға лажсыз барады да, «шамасы осылай шығар» деп 

долбарға  ұрынады. Содан барып өмір шындығы ақсайды. 

.177 


Әрине, басыңнан кешкен, жақын байқаған шындық-

тың бәрі, өзін сезінген әсерлердің бәрі шетінен сәтті 

табысқа алып барады деген ойдан аулақпыз. Бірақ, бұл 

айтылғандар жазушылық еңбектің негізі екені де дау-

сыз. Творчестволық лабораторияға үнемі  қосылып, оны 

байытып отыратын мол  қор да солар. Жөнді зерттелме-

ген бейтаныс тақырыптарға барудың, әдетте, сәтсіздікке 

ұшырататыны да сондықтан деп білеміз. Өмір шынды-

ғын бұрмалап, ойдан оқиға жасау,  қоғам тіршілігіндегі 

көріністердің мәнін диалектикалық жүйемен шебер аша 

білудің орнына көз жұмып, жорамал жасау сияқты жәйт-

тер автордың теорнялық әзірлігінің жеткіліксіздігінен 

ғана тумайды, өмірден алған әсерінің, соның ішінде, әсі-

ресе, балалық жасөспірімдік әсерінің аздығынан да 

туады. 

Әлбетте, әсердің  ұдайы  ұлғайып, байып отыратыны 



да түсінікті. Тәжірибе ақылға ақыл  қосады. Бұл жерде 

көркем творчество үшін азаматтық өмірбаянның маңы-

зы мол екенін, өмірді жете зерттеу жазушы үшін ауадай 

қажет екенін айтып отырмыз. 

Көрнекті ақындарымыздың бірі  Қасым Аманжолов-

тың үлкен бір  қасиеті — сол, ол ылғи жүрегінің  қалауы-

мен ғана жазды. Бірақ оның жүрегі, Михаил Шолоховша 

айтқанда, халыққа, партияға, үкіметке шексіз берілген 

жүрек еді. Сондықтан да оның шығармалары отаншыл 

болды. 


Шамалап айтқанда, Аманжоловтың әдеби мұрасы кө-

лемі жағынан 75 баспа табақ.  Қасымның творчестволық 

аз жылдың ішінде осыншалық мол мұра жасап кеткенін 

енді ғана біліп отырмыз. Көзінің тірі кезінде өлең жи-

нақтары сирек шығатын бұл ақын өзін өзі  қайталамау-

шы еді. Бұл — ақынның өз басына  қойған талабы сон-

дайлық жоғары болғанын да танытса керек. 

Бірінші томға ақынның  қалыптасып болмаған ша-

ғында жазған шығармалары енген. Мұның ішінде әрі 

ысылмаған орамдар, шеберленбеген машықтар, шәкірт-

тік лебіздер де бар. Солай бола тұрса да, сол алғашқы 

томның өзі ақынның талантын және әдебиет дүниесінде 

мейлінше адалдығын танытады. 

Бұдан біз тағы бір шындықты аңғарамыз. Өзінің 

творчестволық мүмкіншілігі мол, күші зор екенін кәміл 

сезінетін жазушылар, әдетте, өткендегісін олқысынады, 

бүгінгісін місе тұтпайды; ашар асылы әлі де алдында 

болады да тұрады; бар дәмесі, арманы, ықласы, есіл-



178 

дерті  ұдайы соған ауады. Сондықтан да, ондай жазушы-

лар өткенде жазған шығармаларын жұртшылықтын тө-

релігіне  қалдырып, бересісін болашақтан іздейді. Әрине, 

жасы  ұлғайған кезінен гөрі балауса шағында көп еңбек 

тудырып кететін жазушылар, әсіресе, ақындар бола бе-

реді. Бірақ олардың үміті, іңкәрі келешектен  қол үзбей-

ді. Жолы болсын, болмасын, аңшының дәмесі үнемі 

алда болатыны белгілі. Бұл үміт кешкі арайда ғана 

өшеді. 

Өз басына талабы күшті, халық алдында кішіпейіл 



мұндай жазушылардың кейін артына  қалдырған мұрасы 

да мейлінше  қызғылықты болмақ. Байқалмай келген мү-

ліктер байқалмақ, тың дүниелер ашылмақ,  құпия сыр-

лар жарияланбақ. Мұраның  ұлылығы мен кішілігі,  қыра-

ны мен ояңы, күнгейі мен теріскейі түгел көріне баста-

мақ. Оған, В. Белинскийдің ойымен айтқанда, әр  ұрпақ 

өз бағасын беріп, өз төрелігін шығарып жатпақ.  Қан-

шама заман өтсе де ескірмей, жаңа  ұрпаққа әр жақтан 

жараса беретін, үздіксіз зерттелетін жазушылар да со-

лар. 


Мезгілсіз  қайтыс болған ақынымыз  Қасым Аманжо-

лов осындай жазушылардың бірі еді. Әрине, оны клас-

сиктердің  қатарына сүйреп әуре  қылмаймыз. Бірақ 

дарынды жазушылардың творчествосының озық жақта-

рына тәнті болуымыз, сүйсінуіміз ләзім деп білеміз. Тау-

лау мен шоқылардың арасында аздаған  ұқсастық бола-

тыны да белгілі. Далада әлдеқалай сарқылып  қалған 

қақтан гөрі кішігірім көк теңізге көбірек  ұқсайтыны та-

лас туғызбайды. 

Қасым Абай сияқты шалқыған теңіз бола алған жоқ. 

Бірақ ол  қазақ сахарасындағы теңізге талпынған санау-

лы көлдердің бірі еді. Сондықтан да, оның мұрасын бек 

қадірлейміз, өз мұғдарына  қарай әділ бағасын беруді 

мұрат санаймыз. 

Бірінші томға ақынның жас шағындағы, яғни 1940 

жылға дейінгі шығармалары енген. Онда көптеген өлең-

дерінен басқа «Жамбыл тойында», «Құпия  қыз», «Би-

кеш» атты үш поэмасы бар. Прозалық шығармалардан 

бірнеше мақаласы, сыңар актылы екі пьесасы, очеркі 

бар. Томның соңғы бөлімі ақынның Пушкиннен, Лермон-

говтан, Маяковскийден, Низами Ғанджевиден аударған 

шығармаларынан  құрылған. 

Қасым Аманжолов соғыс жылдарында жазған бір 

өлеңінде: 



179 

Өз жүрген  ж о л д а р ы м а келем  ж а з ы п 

Сырымды,  б а р л ы қ өмірбаянымды,— 

деген. Сол жай оның творчествосынан мол  ұшырайды. 

Бұл арада ақынның творчестволық биографнясымен 

сондайлық тығыз табысып жатқан өз өмірбаянына да, 

бір-екі сөзбен болса да, соға кету орынды. 

Қасым Аманжолов 

қазіргі  Қарағанды облысының 

Қарқаралы ауданында, 1911 жылы дүниеге келген. Ол 

жастай жетім  қалып, Семей  қаласындағы интернатта 

тәрбиеленеді. Сонда сауат ашады. 1927 жылдан 1930 

жылға дейін Семейдің малдәрігерлік техннкумында оқи-

ды. Бұдан кейін ол Оралда  қызмет атқарады. Біраз уа-

қыт Ленинградтың орман шаруашылық институтында 

да болса керек. Бірақ оны бітіре алмай кетеді де, 1932 

жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетіне  қызмет-

ке орналасады. 

Осы жылдарда-ақ  Қасымның өлеңі газет бетінде 

көріне бастайды. Ол, әсіресе, Оралдың «Екпінді  құры-

лыс» газетінде жиі жарияланады. Алайда,  қалың оқушы 

жұртшылығы  Қасым Аманжоловты ақын ретінде 1936— 

1938 жылдары барып  қана жыға таныған. Бұл кезде  Қа-

сымның өлеңдері республикалық газеттерде, әдебиет 

журналында басылып жүрді. Ал, 1938 жылы «Өмір сы-

ры» атты тұңғыш жинағы шықты. 

Қ. Аманжолов творчествосында жаңа дәуір тудырған 

Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі бей-

бітшілік жылдарын былай  қоя тұрсақ, ақындық алғаш-

қы  қадамына  ұласқан өмірбаяны, міне, осындай. 

Бұл туралы ақынның өз өлеңдерінде де толық айтыл-

ған. Байыптап оқыған адам оның әр өлеңінен-ақ өмір-

баянын, өсу жолын аңғарады. Мәселен, 1948 жылы жаз-

ған «Советтік менің өз елім» атты өлеңін ақын былай 

бастайды: 

Өмірге ендім еңбектеп, 

Ш а л қ а л а п әкем шықты үйден: 

Ж е т і м д і к тағдыр жетті ептеп 

Қ а б а ғ ы  қ а т у түксиген 

Өмірден үміт  ж о қ өзге,-

Д а л а н ы ң тердім тезегін 

Әкем боп таптың сол кезде, 

Советтік менің ез елім! 

Бұл жолдар  Қ. Аманжоловтың ресми анкетаға жаз-

ған өмір шындығымен тығыз табысып,  қабысып жатыр. 

Бірақ, үлкен ақындардың бір өзгешелігі сол, олар бей-

нелеген өз өмір шындығы өзгелерге де ортақ болып оты-



180 

| рады. Тіпті, оқушы ондай өмір тарихын өз басынан 

өткермесе де, өткергендей болады, автормен бірге  қуа-

нып, бірге  қайғырады, бірге күліп, бірге жылайды. 

Қасым суреттеп отырған жетімдік өмір Октябрь рево-

люциясынан бүрынғы жарлы ауылда жиі  ұшырасатын 

жай. Сондайлық мұқтаждықпен көзін ашқан жетім бала, 

совет өкіметінің мол панасын көреді. Мойнына  қызыл 

галстук байлап, мектепке жүгіреді. Бүғанасы бекіп, сап-

қа тұрады. Кейін әбден кемеліне келіп есейген шақта, 

күллі дүние тағдырына ой жүгіртуге шейін барады. Өзі-

нің советтік елін мақтаныш етеді. 

Дүние бүкіл дөңгелеп 

Көзімнің келді алдына 

Үстіне шықтым өрмелеп, 

Қ а р а д ы м бойла п арғыға , 

Ой жетер жерге көз жетті. 

Арғысын және сеземін: 

Ж а т ы р с ы н алып жер-көкті, 

Советтік менің өз елім! 

Жасы үлкейген сайын ақыл-санасы да толып отырған, 

өмірге, дүниеге көзқарасы кеңейген ақын 1948 жылы 

осылай толғады. 

Қасым әдебиетке келген тұстағы  қ аза қ поэзиясының 

тақырыбы сан  қилы да, күрделі де еді.  Қасым да солар-

ға үн  қоса келді. Ол тырнақалды өлеңдерінен бастап 

Октябрьдің жемістерін, Коммунистік партияны, оның 

көрнекті  қайраткерлерін жырлайды. Советтік конститу-

цияны, Кремльді мақтан етеді. Фашистік басқыншылық-

қа  қарсы жан  қия шайқасып жатқан  қаһарман испан 

халқын мадақтайды. Отан  қорғау тақырыбына көптеген 

өлең жазады. Жастарды жаңа техниканы меңгеруге ша-

қырады. Еліміздіц шаруашылық табыстарына, мәдениет-

тен биіктеуіне шаттанады. 

Осындай ақындардың бәріне ортақ жалпы да, күр-

делі де, маңызды да тақырыпта Аманжолов өз сезінуін, 

өз байқауын, өз үнін, өз мәнерін танытуға талпынды. 

Әрбір ақынның өзіндік ерекшелігі, даралығы да сондай-

лық талпыныстан көрінбек еді. 

Ақын «Ленин және дүние» дейтін өлеңінде ескі дү-

ниенің образын былайша жасайды: 

Б ұ р а ң д а п  ж а т т ы артында  ж о л ы жүрген, 

Ғасырлар бекетінің оты сөнген, 

Ж ұ т ы п  а п  ұ з а қ  ж о л д ы ң  ж о л а у ш ы с ы н 

Қ а з - қ а т а р ескі мола тұр түнерген 

Дүние кәні көзін  қ а д а д ы алға, 

Алыста алтын арай атқан таңға. 

.181 


Сол кең дүниені ақын жан-жақты суреттей келеді де 

қауқары  қашқан сырқат  қартқа теңейді, 

Ж ү р е г і соқты баяу дүниенің, 

Күрсілдеп зорға-зорға алды демін,-

Суынып тұла бойы бара  ж а т т ы , 

Ешкім де таба  а л м а д ы енді емін. 

Дағдарған,  қиналған сол дүние жақсылыққа душар 

болады. Бұл саяси тілмен айтсақ,  қоғамның даму заңда-

рын ашып берген марксизм-ленинизм ілімі еді. Соны 

ақын образ түрінде береді. 

Сол кезде дүниенің докторы боп 

Ш ұ ғ ы л а л ы ту  ж а м ы л ы п келді Ленин.., 

Бойына дүниенің  қ а н жіберіп 

Орнатып берді өз миын, өз жігерін. 

Кейбір әдебиетшілер саяси өлеңде үгітке соқпай ке-

туге болмайды деседі. Асылы, әдебиеттің өзі үгіт емес 

пе? Бірақ, сол үгіт искусствода образбен айтылады. 

Шынайы сезіммен, терең оймен, жарасымды бояумен 

көмкерілмеген үгіт әдебиетте өмір сүре алмайды.  Ж а л а ң 

үгіт, жадағай дидактика оқушы жұртшылыққа азды-

көпті рухани нәр бере алатын болса, оны партияның 

орталық органы «Правда» күн сайын мінеп-шенемес еді. 

Әрине, саяси өлеңнің, айталық, махаббат лирикасы-

нан айырмашылығы бар. Мұнда өлеңнің әлеуметтік мо-

тиві өте-мөте күшті, айқын ашылуға тиіс. Тікелей тол-

ғаулар да болып отырады. Бірақ соның өзі мейлінше леп-

ті, күйлі, әсерлі болуы шарт. Мұның үшін ең алдымен 

ойдың бейнелілігі  қажет. Маяковскийдің пролетарлар 

табын «атакующий класс» деп атаған эпитетінде  қанша-

лықты тапқыр, жарасты образ жатыр! 

Біз жырлайтын екі шындық, немесе екіұшты шындық 

жоқ. Шындық біреу, ол — совет шындығы. Әңгіме сол — 

шындықты искусство шындығына түсіре білуде болмақ 

керек. Ал, бұл дарынның алғырлығына байланысты. Ис-

кусство тілінде кім  қалай сөйлей алады, гәп осында. 

Сол дарын ерекшелігі автордың өзіндік табиғатын 

да, характерін де танытпай  қоймайды.  Қасым «Жолдас 

маршал» дейтін публицистикалық өлеңінде советтік 

Отанын  қорғауға әрқашан да әзір екенін айта келіп, жан 

сырын  қажымас  қайратты жолдарға  құяды. 

Адам болып туғанмын, 

а д а м ш а өтем, 



182 

Аямаймын, 

б а р ы м д ы беріп кетем, 

Д ү н н е тулап  ж а т с а да, 

мұхит мөңкіп, 

Мен емеспін  қ а й м ы ғ а р , 

ж а у д а н  қорқып, 

Ж е к п е - ж е к к е , 

ж а һ а н ғ а шық десе елім, 

Ш ы ғ а р едім, тәуекел, 

ықпас едім. 

Міне, бұл да үгіттің бір түрі. Және мейлінше өткір тү-

рі. Ақын оқушыға «сен батыр бол, жаудан  қорықпайтын 

бол» деген өсиетін  қарадүрсін айтса әсері, мүмкін, онша 

күшті болмас еді. Ол бұлай етпейді. Өз сезімін, өз ойын 

сертке  қайрағандай болып отырып, оқушыны соған же-

тектейді, отаншылдыққа баулиды. Искусствода идея де-

ген осындай астармен берілер болар! 

Ақан жаңа өміріміздің жаршысы Маяковскийдің об-

разын  қалай жасайды деңіз. 

Ескі дүние есігін теуіп ашып, 

Кіріп келді ол жүзінен  ж а л ы н шашып, 

Б о с а ғ а д а түрмады, төрге үмтылды. 

Б ұ з ы п - ж а р ы п , еңсеріп, еркін басып 

Кербез әйел сықылды дүние паң, 

Қылығына жігіттің  б ұ л қ а н - т а л қ а н 

Ала көзбен бір  қ а р а п дүниеге 

Ақын тұрды  а з ы р а қ болып аң-таң. 

Д ү н и е - шексіз  а р а л а п кете  б а р д ы 

Тілін  ұқты, сырын да тез аңғарды. 

Су орнына  ж ұ т т ы да  а қ қ а н жасты, 

Күй орнына  т ы ң д а д ы  қ а й ғ ы - з а р д ы 

Осы шуды  қ а қ  ж а р ы п шықты бір үн, 

Естімеген дүние мұны бұрын, 

Б о с т а н д ы қ т ы ң бүркіті саңқ-санқ етіп, 

Қ анатыме н сыпырд ы дүние кірін. 

Ақын сонда әлемге айтты шынын, 

Деді ол:  « Ж а ң а дүние  ж а р ш ы с ы м е н » . 

Б а р даусымен айқайлап жіберді кеп, 

Ж е р  құлағын тұндырды даусы мұның. 

Міне, мұнда ескілікке, керенаулыққа  қарсы күрес 

уағыздалады, жаңаның жеңісі жырланады. Соның бәрі 

барынша жатық,  қонымды, нанымды образбен бейнеле-

неді. Искусствоның ерекшелігі деп осындайды атаймыз. 

Совет әдебиеті дүниеде теңдесі жоқ, озық әдебиет де-

генде, ойымызда оның жаңа сипаты тұрады,  қоғамның 

санасына мықтап ықпал жасайтын зор  қуатына сүйсіне-

міз. Бұл әдебиеттің тақырыбы да шексіз, формасы да 

шексіз. Сол бай әдебиетте, әсіресе, поэзияның айрықша 



183 

бір ықшам, ширақ, шалымды жанр екені белгілі. Бұл 

жанр араласпаған өмірдің саласы жоқ деуге болады. 

Сол араласудың тәсілдері де сан алуан. Ақын бір ретте 

елімізде болып жатқан жаңалықтарға үн  қосып, түрлі 

табыстарымызды дәріптей түссе, енді бір орайда сол жа-

ңалықтың аяғына шырмау болатын керенаулықты, жұ-

мыстағы олқылықты  қатты сынайды. 

Қ. Аманжолов «Бидайдың арызы» дейтін өлеңінде 

Калинин атындағы колхозда орын алған кемшіліктерді 

поэзия тілімен суреттеп, олақ та салақ басшыларды мыс-

қылмен шымшылайды. 

Қ О З Ы Н Ы Ң

  қ а р а б ұ й р а сауырында й 

Құлпырып көзді тарты п  ж а т т ы егінжай... 

Ойда  ж о қ т а кез болды  а л д ы м ы з д а н 

Ж е р бетінде шашылып  к а л ғ а н бидай... 

Келдік те,  т ұ р д ы қ  қ а р а п болып аң-таң 

Б и д а й д ы аяп, бас шайқап, тұр  Қ а л м а қ а н

Ж а л ғ ы з  қ а л ғ а н жетімдей жер бетінде 



Б и д а й байғұс  қарайды  ж а у т а ң - ж а у т а ң . 

Бұдан кейін ақын сеялканың «сырқат» екенін ол, ке-

зінде ремонтталмағанын ойнақы айтып келеді де,  құнт-

сыз басшы  Қаратаевты әзіл әжуаның астында  қалды-

рады. 

Қ а л ж ы ң сөз ғой бұл,  ж о л д а с  Қ а р а т а е в , 



Татқа  ж о р ы п жүрмеңіз, сыннан тайып, 

Әйтсе  д а ғ ы дәл сол бір сеялканың 

Денсаулығын  қ а й т а д а н  қ а р а т а й ы қ . 

Көркем әдебиетте мұндай формалар да бола береді. 

Бұдан біз, бір жағынан, әдебиетіміздің өмір тарихын 

да байқаймыз. Әдебиетіміз бүгінгі биік дәрежеге  қандай 

сатылармен келді,  қай тұста  қандай тәсілдер тапты, со-

ның бәрі тарихқа өз орнымен кіріп жатады. 

Бірақ  қашан да үлкен әдебиеттің алдында үлкен кри-

терий тұрмақ. Әдебиет шаруашылыққа да  қолқабыс 

тигізіп жатса, оған тек  қуану жөн. Бұл сол әдебиеттің 

формаларының  ұшы-қиырсыз екенін танытады. Бірақ 

әдебиеттің негізгі мақсаты адамның санасын жетілдіру, 

мейірбандылығын молайту, сезімін тереңдету, екені де 

хақ  қой. Тіпті сол шаруашылықты жасайтын адам де-

сек, саналы адамның шаруашылыққа да  қыры мол бо-

латыны мәлім емес пе. 

Бұлай болса, адамның миына, жүрегіне игі  қасиеттер 

1

  Қ асымме н бірге жүрге н  а қ ы н  Қ а л м а қ а н Әбді қ адыров , 



.184 

дарытатын шығармалардың бәрі біздің  қоғамға  қымбат. 

Ал, бұл - поэзияның басты парызы. 

Осыған орай  Қасымныц лирикалық поэзиясына соқ-

пай кетуге болмайды. Отанын, туған жерін, шексіз сүйіп 

соған өмір-бақи іңкәрлігі басылмай өткен патриот ақын 

Қасым Аманжоловтың ержеткен табиғат лирикасы ора-

йына қарай, екінші және үшінші томдарына енгізілген. 

Ол жайында жазылу мерзіміне сәйкес кейінірек сөз ете-

міз. Бұл жерде махаббат лирикасына көбірек тоқталмай 

болмайды. Өйткені, жасырақ шағында ақынның махаб-

бат лирикасын көбірек жазуы әбден табиғи нәрсе. Ма-

хаббаттан тұтанған жалын, албырт сезім жастыққа кө-

бірек жарасады. Жасы жарты ғасырға толған ақын 

«сүйдім, сәулем» десе ерсілеу көрінеді. Сондықтан да ол 

махаббат туралы жаза  қалса да, көбінесе ақыл-парасат 

айтады. Ал, оқушы махаббат лирикасынан жүректі бау-

рап әкететін ыстық сезім көргісі келеді. 

Қасымның махаббат лирикасы, тұтас алғанда, оқу-

шының көңліне  қонатын, жанына жағатын, асыл  қа-

сиетке баулитын лирика. Махаббатқа беріктік, шексіз 

іңкәрлік, тату-достық, рухани фактік -  Қасым лирика-

сының лейтмотиві. Әрине, сүйіспеншілік мәселесінде ал-

бырт жас ақынның оқыс айтқан пікірі, аяғын шалыс-

шалдуар басқан жері жоқ емес. Бірақ бұл оның жалпы 

лирикасына сондайлық мін бола алмайды. 

Екінші бір ескеретін жай, ақынның махаббат тура-

лы өлеңдері көрі болғандықтан ол көрінген шырайлы 

қыз-келіншекке ғашық бола берген екен деген  ұғым ту-

масын. Оның өлеңдері түгелге жуық Марфуға деген 

қызға және кейін косылған зайыбы Сәпенге арналған. 

Әр кезде әртүрлі сүйінші, күйінші,  қызғаныш, сағыныш 

сезімі билеген ақын бір ғашығына әлденеше өлең шы-

ғарған. 

Пушкин мен Лермонтовтан бастап Блок пен Мая-

ковскийге шейін, солардан бүгін Константин Симоновқа 

шейін көптеген орыс ақындарыныц махаббат жайында-

гы жырлары белгілі ғашықтарына арналғанын білеміз. 

Сондай жай біздің Абайда да, Сұлтанмахмұт Торайғы-

ровта да бар. Ендеше, осындай дәстүрлі жатырқауымыз 

мақұл болар ма еді? 

Қасымның бұл  қарайлас өлеңдері көзінің тірі кезін-

де жарияланбаған. Жарияланбауы орынды ма, орынсыз 

ба, ол өз алдына мәселе. Ал, бірақ, өзі өлгеннен кейін 

жарық көруі, әдеби мұрасына  қосылуы әбден орынды. 

Ақынның көзі тірісінде кішіпейілдікке симайтындай кө-

185 


рінетін кей жайлардың кейін мұрасына жарасып кететін 

шағы болады.  Қасымның ғашықтық жырлары сондай 

мұраға жатады. 

Ләйлі мен Мәжнүн, Фархат пен Шырын, Ромео мен 

Джульетта,  Қозы мен Баян, «Евгений Онегин» туралы 

аңыздарды  құмарта тыңдайтын халқымыз бүгінгі ба-

қытты төл жастарының ғашықтық дастандарын, жырла-

рын оқығысы келеді. Совет адамының  ұлылығы бір жақ-

ты көрінбей, жан-жақты көрінсін дейміз. Моральдың 

тазалығы, махаббаттың беріктігі, сезімнің тереңдігі  Қа-

сым поэзиясынан мол табылады. Мұндай поэзия оқушы-

ның жүрегіне игі  қасиет дарытады, көңілдің санасын 

Осы шағын сипаттың төңірегінде көп пікір айтылады. 

1940 жылғы жазған «Орамал» атты романсында ма-

хаббат беріктігі тамаша суреттеледі. Майданға кетіп ба-

ра жатқан жауынгерге сүйген жары орамал  ұсынады. 

Айрылмасқа серттескем, 

Айғағым бұл орамал; 

Орамалға, тілесең, 

Жүрегімді орап ал! 

Кіршіксіз ақ орамал, 

Көз жасыммен жуғанмын; 

Ж а н ы м  с е н д і к — қ а б ы л ал, 

Бір сен үшін туғанмын. 

Жүрегі адал, жаны сұлу адамның ғана аузынан 

шығатын осынау сөздер ерекше шырайлы образ жасап 

тұрғандай. Оқушыға тым ыстық. 

Өлеңнің әлеуметтік мотиві бірте-бірте ашыла түсіп, 

күшейе береді. 

Ж а у д а н елін  қорғауға 

Ж а р ы м , кетіп барасың; 

Бәлкім  ж а р а р орауға 

Білегіңнің жарасын 

Бәлкім осы орамал 

Қ ызы л  қ анғ а боялар ; 

Ж а н ғ а тисе  ж а т хабар, 

Ж а р ы ң шошып оянар. 

Махаббатта осындай тұрақтылық, «бір сырлылық» 

ақынның басқа геройларының да басында бар. «Ғашық 

едім,  қайтейін» деп басталатын өлеңінде ғашық болған 

қызына  қосыла алмай  қалған жігіт бар арманын, бар 

сырын ақтарып: «Қайда жүрсең аман бол, өміріңді ті-

леймін» дейді. Өлең былай аяқталады: 

Ғашық едім,  қайтейін, 

Оны білер  ж а н  қайда? 

186 


Армансыз боп не пайда? 

Шын ғашығына  қосыла алмаған жігіттің жүрегінде 

өмірлік ғазиз арман калады. Тәтті арман! Мұның аза-

бы да бар, ләззаты да бар. Өмірде ғашық болмай арман-

сыз өткенше, ғашық болып, арманда өткен артық. Міне, 

өлеңнің негізгі идеясы осы. 

Әрине, біздің заманымыз Абай мен Тоғжаннын зама-

нынан басқа. Әркім сүйгеніне еркін  қосыла алатыны 

ақиқат. Бірақ жүректің өз заңы бар емес пе? Махаббат 

мәселесінде орайластық  ұдайы табыла бере ме? «Жан-

тәніммен сүйемін, бірақ, мені түсінбейді» деп келетін 

жора-жолдастарымыздың мұңаюлы сырын талай есті-

меп пе едік? Тіпті, кейде, махаббат майданында айным-

паздық, ойнақылық тәрізді  қылықтар да кездеспей ме? 

Қызғаныш  қарлығашы  қайдан  ұшады? Осының бәрін со-

вет жазушысы жап-жатық, жып-жылтыр етіп суреттеуі 

керек пе? 

Жоқ, олай болмаса керек! 

Социалистік реализм әдісі өмір  қайшылықтарын  қал-

тарыста  қалдыра алмайды. Сол әдіске  құрылған  Қасым 

поэзиясы келмеген жерін тіземен келтірем дейтін  қара-

дүрсінділікпен, даңғойлықтан, аңғырттықтан аулақ еді. 

Мейлінше сыршыл поэзия болды. 

Қасым сүйіп, әлде нендей себептермен көп жылдар 

бойы  қол үзіп  қалған ғашығын  қия алмай, асыл арман-

ындай сақтайды: 

Армандамын. Енді мен не тілермін? 

« Ж а т болсаң да, бакытты болшы» дермін 

Сен кайғырсан,- бұлт басып көңілімді, 

Ссн шат болсаң, - масайрап күлімдермін 

Қ ұ шағын а кіргенше  к а р а жердің , 

Ж а с  ш а ғ ы м д ы арнадым, саған бердім. 

Осындай сүйгеніне шексіз берілушілік, албырт іңкәр-

лік, сезім тереңдігі  Қасымның әр лирикасынан-ақ кез-

деседі. 

Ауыпты түн ортасы.  Қ а ш т ы  ұйқым, 

Уһілеп, ән саламын, дүркін-дүркін. 

Ж е л  ж а т т а п осы әнімді, жеделдетіп 

Ж а н ы н а жеткізер ме ед, әттен шіркін. 

Ғ а ш ы к т ы ң  ж а н әуезін тыңдағандай, 

Телміріп тереземнен  к а р а й д ы ай; 

Мен өтіп отырғанда, тереземнен 

Ай болып сен  қ а р а р ма ең, уа,  д а р и ғ а - а й , 

Кім айтар шыны ғашық мен емес деп, 

М ұ н ш а м а ғашық болар  ж ө н емес деп, 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет