РР витамині (ниацин) жасушаның тыныс алуына, белоктың алмасуына қатысатын, жоғарғы жүйке жүйесі мен асқорыту жүйесінің қызметін реттейтін ферменттердің құрамына кіреді.
Ересек адамның ниацинге немесе оның эквивалентіне қажеттілігі шамамен күніне 19 мг. Ол негізінен ет өнімдерімен (құс етінде - 6-8 мг%, сиыр етінде - шамамен 5 мг%, қой етінде - 4 мг%, шошқа етінде - 3 мг%, бауырда - 9 -12 мг%) толтырылады. Ірі тартылған ұннан жасалған бидай нанында 3 мг%, қарақұмықта - 4 мг%, бұршақ тұқымдастарда - 2 мг%, нан пісіретін жаншылған ашытқыда - 10 - 20 мг% РР витамині кездеседі. Дәнді-дақылдардағы РР витаминінің біраз мөлшері ауыр қорытылатын түрде болады.
РР витамині асшеберлік жылумен өңдеуге салыстырмалы түрде тұрақты –орташа есеппен витаминнің 20% жоғалады.
Қазіргі таңда РР витаминінің жаппай жеткіліксіздік жағдайлары кездеспейді. Осы витаминді тұтынудың орташа адам санына шаққандағы мөлшері тәулігіне 15 мг тең, яғни ол қалыпты мөлшерден азғантай төмен. Ниациннің жеткіліксіздік (жеткіліксіздіктің ауыр түрі пеллаграмен – терінің зақымдануымен сипатталады) жағдайлары жиі ауылдық жердің ересек тұрғындарында, дәнді-дақылды көп тұтынатындықтан кездеседі. Себебі, дәнді-дақылдарда, әсіресе жүгеріде ниациннің көп мөлшері байланысқан түрінде ("ниацитин") болады, ол адам организмімен қорытылмайды. Витаминнің бұл бөлігі тек жылумен немесе сілтімен жақсылап өңдегеннен кейін тиімді болады. Бұршақ тұқымдастарда және жануар текті өнімдерде ниациннің байланысқан түрі болмайды. Күн сәулесімен сәулелену де РР витаминінің жеткіліксіздігін өшіктіреді.
РР гиповитаминозының алдын алуда, әсіресе көктемде, осы витаминге деген қажеттілік жоғарылаған кезде рационға көбірек ет өнімдерін қосу керек. Сонымен бірге РР витамині адам организмінде алмастырылмайтын амин қышқылы – триптофаннан да түзілетінін ұмытпаған жөн. 60 мг триптофаннан 1 мг ниацин түзіледі деп есептеледі. Осыған байланысты осы витаминге қажеттілік ниацин түрінде емес, триптофанның мөлшерін ескеретін «ниацинді эквивалент» түрінде сипатталады.