Аскорбин қышқылы



бет4/6
Дата02.11.2022
өлшемі24,01 Kb.
#47003
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суда еритін витаминдер

В2 витамині (рибофлавин) адамның барлық тіндеріндегі тотығу реакцияларында маңызды рол атқаратын, сонымен бірге көмірсу, белок, май алмасуларын реттейтін ферменттердің құрамына кіреді.
Ересек адамның В2 витаминіне тәуліктік қажеттілігі – шамамен 2 мг [6]. Ол негізінен сүт өнімдері, нан мен ет (В2 витамині құс еті мен балықта- 0,2 мг%, жұмыртқада-0,4 мг%) арқылы қанағаттандырылады. Әсіресе сүт өнімдерінің (сүтте - 0,15 мг%, сүзбеде - 0,3 мг%, ірімшікте - 0,4 мг%) орны ерекше.
Өсімдік өнімдерінен В2 витаминіне бұршақтар (0,15 мг%) ірі тартылған ұннан жасалған нан (0,1 мг%) бай. Көкөністер мен жемістердің көпшілігінде В2 витаминінің мөлшері 0,01-0,06 мг%. Өнімдерді асшеберлік жылумен өңдеуде 15-30% витамин жойылады.
Елімізде В2 витаминінің жаппай жеткіліксіздігі байқалмайды, дегенмен тұтынудың орташа адам санына (1,5 мг/тәу) шаққанда [1], қалыпты жағдайдан азғантай төмен (2 мг/тәу). Профилактикалық мақсатта еліміздің кейбір аудандарында жоғары сұрыпты ұнды В2 витаминімен байытады.
Тамақтануда B2 витаминінің жеткіліксіздігін рационды дұрыс құрастырумен, ішінде міндетті түрде сүт өнімдерін қосумен түзетуге болады.
В9 витамині (фолацин) – оның жеткіліксіздігі қан жасау мен асқорыту жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.
Тамақтануда фолациннің негізгі көзі - нан. Сұрыпына байланысты 100 г нанда 20-30 мкг фолацин кездеседі. Нан күнделікті тағам өнімі болғандықтан және оны көп мөлшерде тұтынғандықтан, нан арқылы осы витаминнің қажеттілігі шамамен 50% қамтамасыз етіледі. Фолациннің көп мөлшері жасыл көкөністерде кездеседі. Мысалы, ақжелекте 110 мкг%, саумалдақта - 80 мкг%, салат жапырағында - 48 мкг%, пиязда - 32 мкг%, ерте орамжапырақ пен жасыл бұршақта 20 мкг% фолацин болады. Балауса саңырауқұлақта - 40 мкг%, ет пен балықта оның мөлшері көп емес (4 - 9 мкг%). Ал шошқа мен сиыр бауырында - 230 - 240 мкг% дейін, сүтте - 5 мкг%, сүзбеде біраз көбірек - 35 - 40 мкг%, ірімшікте - 10 - 45 мкг% фолацин кездеседі. Осы витаминге өте бай өнім – нан пісіретін жаншылған ашытқы - 550 мкг% дейін.
Фолацин жылумен өңдеуге өте сезімтал.
Ересек адамның фолацинге қажеттілігі тәулігіне 200 мкг [91]. Ол қалыпты диетамен қанағаттандырылады (күніне 190 мкг) [1], сондықтан фолациннің жаппай жеткіліксіздігі байқалады. Адамның бауырында фолациннің 3-6 айға жететін қоры бар.
Жүкті әйелдерде фолациннің жеткіліксіздігі құрсақтағы нәрестенің жүйке түтікшесі дамуының туа біткен ақауларына әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет