Асқорыту мүшесі Қоректік заттар дегеніміз



Дата10.02.2022
өлшемі62,75 Kb.
#25219
түріҚұрамы



Асқорыту мүшесі


  1. Қоректік заттар дегеніміз – нәруыздар,көмірсулар,майлар,минералды тұздар,су мен витаминдер

  2. Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым,организмге сіңімді заттарға ұсақталу және ыдырау процестері – асқорыту

  3. Ферменттер – нәруызтекті заттар

  4. Ферменттер асқорыту безінде түзілетін асқорыту сөлдерінің құрамында болатын ферменттер – протеазалар,липазалар,амилазалар

  5. Протеазалар ыдыратады – нәруыздарды аминқышқылдарына дейін ыдыратады

  6. Липазалар ыдыратады – майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін

  7. Амилазалар ыдыратады – көмірсуларды глюкозаға дейін

  8. Ферменттер нақты бір ортада қызмет етеді – қышқыл не сілтілі

  9. Адам организімінде орташа есеппен - нәруыз – 15 - 20%,көмірсу – 0,6%,майлар - 19%,минералды тұздар – 5,8%,су – 60 - 65%

  10. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен нәруызды қабылдауы – 100 – 120 грамм

  11. Адам тәулігіне орта есеппен майды қабылдау мөлшері – 70 – 100 г

  12. Кейбір майлардың құрамындағы витаминдер – А,Д,Е,К

  13. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен – крахмал,қант

  14. Адамның күнделікті көмірсуды тұтыну мөлшері – 400 – 500г

  15. Витаминдер – адам организіміне қажетті заттар

  16. Адам тәулігіне қажетті пайдаланылатын ас тұзы – 5 – 6 грамм

  17. Витаминдердің жеткіліксіздігі – авитаминоз

  18. Судың адам организіміндегі мөлшері – 60 – 65 %

  19. Тәулігіне адамға су қажет – 1,5 – 2,5 л

  20. Адамда асқорыту жолының ұзындығы – 8 – 10 м

  21. Ас қорыту мүшелері – ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,асқазан,ашішек,тоқішек,тікішек

  22. Асқорыту жолының қабырғасы үш қабаттан тұрады – ішкі,ортаңғы,сыртқы

  23. Асқорыту жолының ішкі қабаты – сілемейлі қабықшамен

  24. Асқорыту жолының ортаңғы қабаты тұрады – бірыңғай салалы бұлшықеттен

  25. Асқорыту жолының сыртқы қабаты тұрады – дәнекер ұлпалы сірнелі қабаттан

  26. Ауыз қуысы алдыңғы жағында сыртынан – ерін мен ұрт

  27. Ауыз қуысы ішінен – тіс пен қызыл иек,жоғарғы жағы – қатты және жұмсақ таңдай,төменгі жағы – тіл,ауыз түбінен артқы жағы жұтқыншақпен жалғасқан

  28. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі – бөбешік

  29. Тіл сілемейлі қабықпен жабылған,қандай ұлпадан тұрады – бұлшық ет ұлпасынан

  30. Тілдің құрылысы – түбі,денесі,ұшы

  31. Тіл – дәм сезу мүшесі

  32. Тіл түбі – ащы,тіл ұшы – тәтті,тіл бүйірлері – қышқыл,тұзды

  33. Жұмсақ таңдай арасында қатпарлар арасында орналасады – таңдай бадамшалар

  34. Ауызды өңешпен жалғастыртын мүше – жұтқыншақ

  35. Асқорыту және тынысалу жолдарының қиылысуы – жұтқыншақ

  36. Жұтқыншақтың ұзындығы – 11 – 13 см

  37. Өңеш ұзындығы – 25 см

  38. Өңештің жоғарғы үштен бір бөлігі – көлденең жолақты бұлшық еттен,ал төменгі бөлігі – бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады

  39. Өңеш көкет арқылы өтіп,нешінші омыртқа тұсында асқазанға ашылады – ХІ

  40. Асқорыту жолының кеңейген көлемді мүшесі – асқазан

  41. Асқазанның сыйымдылығы – 2 – 3 л,пішіні – алмұрт және қапшық тәрізді

  42. Қарынның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшықеттер үш түрлі бағытта орналасқан – ішкі қабаты – қиғаш,ортаңғы қабаты – сақина тәрізді,сыртқысы - ұзын

  43. Сақина тәрізді бұлшықеттер Ұлтабарға жалғасатын жерінде түзеді – сфинктер(қыспақ)

  44. Асқазанда бездер болады,олар үш түрлі жасушалардан түзілген – біріншісі – ферменттер,екіншісі – тұз қышқылы,үшіншілері – сілемей

  45. Қарын сөлі – қарынның ішкі сілемейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді

  46. Ересек адамда тәулігіне шамамен – 2 л қарын сөлі бөлінеді

  47. Қарын сөлінің құрамы – су - 97 - 98%,ағзалық заттар - 1%,минералдық тұздар - 0,5%,тұз қышқылы – 0, 7 %

  48. Қарын сөлімен араласқан тағамды атайды – жентек(химус)

  49. Тамақ ауызға түскеннен бастап қарын сөлі шартсыз рефлекс арқылы көп бөлінеді деп атаған – И.П.Павлов тәбет сөлі деп атаған

  50. Темекі құрамындағы никотин уы сілекей арқылы қарынға түсіп – сілемейлі қабықтың қабынуын туғызады

  51. Темекі тартатын адамдарда қарынның ойық жара ауруына шалдығады – 90%

  52. Асқорыту жолының едәуір ұзын бөлігі – 5 – 6 м

  53. Ашішектің бөлімдері – ұлтабар,ашішек,мықынішек

  54. Ашішектің қарыннан басталған 25 – 30 см-дей бөлімі – ұлтабар(он екі елі ішек)

  55. Ашішектің сілемейлі қабығында жіңішке өсінділері – ішек бүрлері

  56. Ішек бүрлерінің жалпы саны – 4 млн

  57. Ішек бүрлерінің биіктігі – 1 мм

  58. Ішек бүрлерінің қабырғалары – бір қабатты эпителий

  59. Ашішек пен мықынішектің қызметі – астың қорытылуы мен астың сіңірілуі

  60. Астың қорытылмаған қалдығы өтеді – тоқішекке

  61. Тоқішектің ұзындығы – 1,5 – 2 м

  62. Тоқішектің өкілдері – соқырішек,жиекішек,тікішек

  63. Тоқішектің аш ішектен басталған жері - бүйен

  64. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісінің ұзындығы – 8 – 15 см,оны қалай атайды – аппендикс

  65. Соқырішекке қорытылмаған астың қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскендегі қабыну процесі – аппендицит

  66. Тоқішекте болмайды – бүрлер

  67. Тоқішек аяқталады – тікішекпен аяқталады

  68. Ұйқы безінің ұзындығы – 10 – 12 см

  69. Асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқа тұсында орналасқан – ұйқы безі

  70. Ұйқы безінің салмағы – 60 – 80 г

  71. Ұйқыбездің сөлінің қызметі – нәруыздарды,майларды,көмірчуларды ыдырату

  72. Ұйқыбезден бөлінетін сөл – панкреатин

  73. Ересек адамда тәулігіне панкреатин бөлінеді – 1,5 – 2 л

  74. Ұйқыбездің ішкі бөлігінен – инсулин,глюкагон

  75. Адам организіміндегі ең үлкен без – бауыр

  76. Бауырдың салмағы – 1500г

  77. Қоңырқай түсті ірі без - бауыр

  78. Бауырдың қызметі – өт бөлу,А витамині және қанның ұюына қатысатын протромбин қан плазмасына басқа да нәруыздарды түзіледі;гемоглобиннің синтезінен қажетті темір жинақталады; 95% улы заттарды тұтып,зиянсыздандырады

  79. Ересек адамда тәулігіне өт бөлінеді – 0,5 – 1 л

  80. Өттің құрамында болады – 95 – 98 % -су,өт пигменттері,өт қышқылдары,холестерин,минералдық тұздар

  81. Өттің негізгі қызметі – майлы тағамдарды қорытуға әсер ету

  82. Қарында тағам неше уақыт қорытылады – 3-6 сағат

  83. Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте ұсақ түйіндер – бүрлер

  84. Астың ауызда қорытылуы – механикалық,шайнау

  85. Тағамды уатып,майдалайды – тістер

  86. Тістердің пішініне қарай – күрек,ит,үлкен және кіші азу тістер

  87. Ересек адамның жалпы тісінің саны – 32

  88. Жалпы тістердің саны – күрек тіс – 2,ит тіс – 1,кіші азу тіс – 2,үлкен азу тіс – 3

  89. Тістің құрылысы – тіс түбірі,тіс мойыны,қаптамасы

  90. Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің түбірі – 2 түбір,ал үстіңгі жақ сүйекте – 3 түбірлі

  91. Сүт тістердің түсіп аяқталуы – 6- 7 жаста басталып 15 жасқа дейін

  92. Сілекей бездері адамда үш жұп – екі шықшыт,екі жақ асты,екі тіл асты

  93. Шықшыт бездерінің өзегі ашылады – ұрттың сілемейлі қабығына

  94. Жақ асты мен тіл асты бездері ашылады - тіл астына

  95. Тәулігіне сілекей бөлінеді – 1,5 – 2 л

  96. Сілекей – әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық

  97. Сілекейдің құрамы – 98-99% су ,1,5 % тығыз қалдықтар

  98. Сілекей нәруыздары – муцин,лизоцим

  99. Сілекейді желім тәрізді жабысқақ ететін нәруыз – муцин

  100. Сілекей құрамында зиянсыздандыратын қасиеті бар нәруызды зат – лизоцим

  101. Ауызға тағам түспей,тағам иісін сезгеннен,тағамды көргенде рефлекс – шартты рефлекс

  102. Асқазанның сөлі – иісі жоқ,түссіз сұйықтық

  103. Асқазанның сөлінің құрамында – 97 – 98 % су,1 % ферменттер,тұз қышқылы,минералды тұздар

  104. Асқазан сөлінің ферменті – пепсин

  105. Сүтті ірітетін фермент – химозин ферменті,емшек сүтіндегі майды ірітетін фермент – липаза ферменті

  106. Асқазандағы сөлді тәбет ашатын сөл деп атаған – И.П.Павлов

  107. Трипсин ферменті ыдыратады – қарапайым нәруыздарды аминқышқылдарына дейін

  108. Липаза ферменті ыдыратады – майларды май қышқылы мен глицеринге дейін

  109. Амилаза ферменті ыдыратады – көмірсуларды глюкозаға дейін

  110. Адам ішегінің әр см2 –де неше бүрлер бар – 2000 – 3000

  111. Белгілі бір тағамды қажетсіну – тәбет

  112. Улану белгілері – іштің ауруы,құсу,іш өту,бас ауыру,бастың айналуы,асқазанды жуып,іш айдатқы дәрі қабылдағаннан кейін ауру адамның қолы мен аяғына жылытқы басып,ыстық сусын беру

  113. Жәй заттардан күрделі заттардың түзілуі – пластикалық алмасу

  114. Пластикалық алмасудан кейін жүзеге асады – жасушаның бөлінуі,дамуы мен өсуі

  115. Жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп,тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс – энергетикалық алмасу

  116. Пластикалық алмасу – анаболизм,ассимиляция

  117. Энергетикалық алмасу – катаболизм,диссимиляция

  118. Организм ұлпаларының жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрылыс материалы – нәруыз

  119. Гемоглобин нәруыз қызметі – ұлпалар мен мүшелерге оттек тасымалдау

  120. Қорғаныш қызметін атқаратын нәруыз – антиденелер

  121. Адам денесін нәруыз құрайды – 25%

  122. Нәруыз ыдырағанда пайда ьолатын энергия- 17,6 кДж

  123. Алам денесіндегі майдың массасы – 10 – 20%

  124. 1 г май көмірқышқыл газы мен суға толық ыдырағанда – 38,9кДж энергия

  125. Көмірсу адам дене массасын құрайды – 1 – 2 %

  126. Қандағы глюкоза мөлшері салыстырмалы түрде тұрақты – 0,08 – 0,12 %

  127. 1 г көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия – 17 ,6 кДж

  128. Адам организіміндегі судыі мөлшері – 60 – 65 %

  129. Адам тамақ ішпей – 40 – 50 күн,сусыз бірнеше күн өмір сүреді

  130. Қалқанша без гормонының құрамында – йод,гемоглобин молекуласының құрамында – темір,сүйек құрамында - кальций мен фосфор,ұйқы без гормонында – күкірт,мырыш,жасуша мембранасында – калий мен натрий,тұз қышқылы құрамында - хлор бар

  131. Адам денесіндегі минералды тұздар мөлшері – 4,5%

  132. Организмнің тіршілік әрекетіне қажетті органикалық заттар – витаминдер

  133. Витаминдерді ашқан – 1881 ж Н.И.Лунин

  134. Тазартылған күріштен қоректеніп сал ауруына ұшыраған көгершінді күріш кебегінен алған затпен емдеп жазған ғалым – 1911 ж К.Функ

  135. Суда еритін витаминдер – С,Р,РР және В тобының витаминдері

  136. Майда еритін витаминдер – А,Д,Е,К

  137. Қандайда бір витамин жетіспегенде,организмнің әлсіреуіне себепші – гипоавитаминоз

  138. Тағамда қандай бір витаминнің болмауы зат алмасудың бұзылуына организмнің тіршілігін жоюға себепші – авитаминоз

  139. Организмнің улануы мен витаминдердің артық мөлшерде болуы – гипервитаминоз

  140. С витамині (аскорбин қышқылы) - қарақатта,қырыққабат,итмұрын,пияз,ақжелкен,цитрус

  141. С витаминінің жеткіліксіздігінен болатын ауру – құрқұлақ(цинга)

  142. Адам тәулігіне қажетті С витамині – 75 – 105 мг

  143. В1 витаминінің (тиамин) жетіспеуінен болатын ауру – бери-бери

  144. Тәулігіне В1 витаминінің мөлшері – 2 – 3 мг

  145. В6 витамин(пиридоксин) қызметі – нәруыздар мен көмірсулар алмасуна қажет

  146. В6 витамин(пиридоксин) мөлшері – 2 – 3 мг

  147. В12 витамині (цианкобаламин) жетіспегенде – қаназдық ауруына шалдығады

  148. В12 витамині (цианкобаламин) тәуліктік мөлшері – 0,001 мг

  149. А витамині(ретинол) қызметі – көздің қалыпты көруін,жетіспегенде – ақшам соқыр ауруына шалдығады

  150. А витамині – өсу витамині

  151. А витамині тәуліктік мөлшері – 1 мг

  152. Д витамині(кальциферол) қызметі – кальций мен фосфор алмасуына қатысады

  153. Д витамин жетіспесе – мешел(рахит) ауруына шалдығады

  154. Мешел ауруы – аяқ сүйектері қисаяды,қабырға құрылысы мен кеуде қуысы өзгереді

  155. Д витаминінің тәуліктік мөлшері – 0,025 мг

  156. РР витамині(никотин қышқылы) қызметі – организмде тотығу-тотықсыздану қызметін атқарады

  157. РР витамин жетіспесе – пеллагра ауруына шалдығады

  158. Пеллагра ауруы - әлсіздік байқалып,адамның психикасы өзегереді,теріде дақтар мен көпіршіктер пайда болады

  159. РР витаминінің тәуліктік мөлшері – 20 мг

  160. Консервілеу латынша – сақтау деген мағына білдіреді

  161. Органикалық қосылыстардың соңғы өнімдері – сода,көмірқышқыл газы,аммиак

  162. Энергетикалық алмасу кезеңдері – дайындық,оттексіз,оттекті

  163. Дайындық кезеңін басқаша – асқорыту деп атайды

  164. Дайындық кезеңінде күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды – нәруыз – аминқышқылына,көмірсу – глюкозаға,крахмал,гликоген, майлар – май қышқыл мен глицеринге

  165. Оттексіз кезеңдегі маңызыдсы – гликолиз

  166. Оттекті кезең- тыныс алу кезеңі

  167. Оттекті кезең жүреді – митохондрияда

  168. Глюкозаның бір молекуласы ыдыраса – 3048 кДж энергия бөлінеді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет