ІІ. Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны – ендік және бойлық (ϕ және λ) географиялық координаталарының көмегімен анықталатыны белгілі. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды. Аспан координаталры географиялық координаталарға ұқсас, бірақ астрономдар географтарға қарағанда әр түрлі зерттеу мәселелеріне байланысты аспан координаталарының бірнеше жүйесін қолданады. Солардың екеуімен танысайық.
1.Координаталардың көкжиектік жүйесі. Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына қатысты көрінерлік орналасуын қарастыратын болсақ, онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы.(3-сурет). Бұл жүйедегі негізгі жазықтық – математикалық көкжиек жазықтығы. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш – азимут (А).Бұл бұрыш астрономияда, әдетте оңтүстік нүктеден батысқа қарай, ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді. Екіншісі – вертикаль бойымен өлшенетін (3-сурет) шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы – шырақ биіктігі (h).
Шырақ биіктігінің мәні -900-тан +900-қа дейін болады. Бұрыш өлшегіш құрал көмегімен (мысалы, теодолит) аспан денесінің көкжиектік координаталарын анықтау оп-оңай.
Зениттік қашықтық пен биіктік бірін-бірі 900 толтырады. Z+h=900 Z=900-h
2.Координаталардың экваторлық жүйесі. Аспан сферасын көрінерлік айналыста болатынын білдік, әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан да онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол – экваторлық координаталар жүйесі. (4-сурет)
Оның негізгі жазықтығы – аспан экваторының жазықтығы. Жер бетіндегі географиялық ендік сияқты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін координата еңістік деп аталады да, δ әрпімен белгіленеді. Ол еңістік дөңгелегі бойымен өлшенетін доға ұзындығына тең. Еңістіктің аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы «оң», мәні 0-ден +900-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда – «теріс», 0-ден -900-қа дейін.