Сабақ №4 Қазақ санамақтарындағы әдістемелік-математикалық білімдер



Дата29.09.2023
өлшемі18,63 Kb.
#111789
түріСабақ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Реферат

Тақырыбы: Қазақ санамақтарындағы әдістемелік-математикалық білімдер
Орындаған: Киваш Жаңылсын

Алматы 2023


Практикалық сабақ №4


Қазақ санамақтарындағы әдістемелік-математикалық білімдер

1. Кіріспе


2. Негізгі бөлім
- Арифметика, алгебра және геометрия жайлы
- Оқулық жазу мәселесі
І. Қорытынды

Әрине, қай халықтың да болмасын санау және есептеу мәдениеті бірден пайда болған жоқ, ол – жүздеген жылдардың нәтижесі. Алдымен пайда болғаны – саусақпен санау. Саусақпен оннан аспайтын санға ғана амалдар жүргізуге болады. Алайда, сан үлкейгенде ол жарамсыз болып қалатыны түсінікті. Сондықтан алғашқыда, Антика дәуірінде есептеулерді таяқшаларды пайдалану арқылы жүзеге асыру қолға алына бастады. Оны Рим санағы (цифры) деп атаған. Кейін келе бұл жүйенің де кемшіліктері байқалды. Өйткені сандық мөлшер біртіндеп өскен сайын оны таяқшалармен кескіндеу үлкен қиындық әкелді. Содан келіп адам баласы санақ жүргізудің басқа, жеңіл жолын іздестірді. Осының барысында сандарды таяқшалар мен олардың арасындағы бұрыштарға негіздей отырып таңбалау пайда болды. Айталық, бір дегеніміз – «1» (бір бұрыш); екі – «2» (екі бұрыш); үш – «3» (үш бұрыш; төрт – «4» (төрт бұрыш); бес – «5» (бес бұрыш); алты – «6» (алты бұрыш); жеті – «7» (жеті бұрыш); сегіз – «8» (сегіз бұрыш); тоғыз – «9» (тоғыз бұрыш) және ноль – «0».


Орта ғасырда әл Хорезми бұларды икемдеп, араб жазуына ұқсатып, бұрыштарды өзгертіп қазіргі цифрлар жүйесін жасады. Олар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0. Аса ыңғайлы болғандықтан, бұл цифрлар бүкіл дүниежүзіне таралды. Осы жерде еске алатын тағы бір мәселе тұр. Ол бұдан бір мың жүз жыл бұрын әл Фараби арнайы бір еңбегінде әрбір сөйлемдегі сөз, өлең ұйқастығы есептен тұрады деген.
Әр халықтың ежелден бастап қалыптасқан өзіндік математикалық білім беру мәдениеті бар. Кітапты оқи отырып, біз қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын өзіндік математикалық білім беру мәдениеті болғандығын білдік. Мыңдаған жылдар мал бағып өмір сүрген біздің халқымыз тұрақты түрде жұмыс істейтін мектебі болмаған кездің өзінде-ақ ұрпағының математикалық сауаттылығына ерекше мән беріп отырған. Математикалық білімнің қажет екендігін санға байланысты мақал-мәтелдер арқылы ұғындырып отырған және ол үшін түрлі санамақтарды, санға байланысты жұмбақтар мен жаңылтпаштарды және ауызша есептерді математикалық білім берудің әдістемелік құралдары ретінде аса шеберлікпен пайдалана білген.
Қазақ даласынан математика саласы бойынша Әбунасыр әл Фарабиден де басқа атақты ғалымдар шыққан. Олар өздерінің сан салалы математикалық трактаттары арқылы әлемдік математика ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Неліктен олардың есімдері мен мұралары әлі де болса халыққа танылмай келеді? Кітапты оқи отырып, осы сұрақтарға жауап беру үшін арнайы ғылыми -зерттеу жұмыстарын жандандыру арқылы Ұлы даланың математикалық мәдениетін жарқыратып көрсетуге күш салуымыз керек деген ой туындайды.
Жалпы арифметика, алгебра, геометрия және т.б. ғылымдар Таяу Шығыстан басталған. Кеңес дәуірінде оқып, білім алған кейінгі ұрпақтың санамызда «Қазақ еліне математикалық білім Ресей арқылы келді», «Өзіміздің математика оқулықтарымыз болған жоқ», «Математика оқулықтарын орыс тілінен аударып алып, пайдаландық» деген сияқты пікірлер берік орнығып, қалыптасқаны белгілі. Осы кітап бұл пікірдің толығымен қисынсыз екендігін дәлелдейді. Кітапты оқи отырып, осы мәселеге қатысты бұған дейін белгісіз болып келген көптеген жайттарға көз жеткіздік. Шынында да XX ғасыр басында мектеп математикасының барлық дерлік салалары толық мағынасындағы қазақ тіліндегі төл оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген екен. Бұл орайда әсіресе, Алаш қайраткерлерінің тыңғылықты істер атқарғанын атап айтуға тиіспіз. Өйткені авторлардың басым көпшілігі солар. Кітапта математиканың бастауыш қазақ мектебіне арналған 13, қазақ орта мектебіне арналған 5, орта дәрежелі қазақ мектебіне арналған 5 және қазақ жоғары мектебіне арналған 1 төл оқу құралдары келтірілген .
Математикадан ұлттық сипаттағы мұншама төл оқулықтар мен оқу құралдарының табылып, жариялануы аса қуанарлық жағдай. Бұл жерде авторлардың оларды мұрағат қорларынан тауып қана қоймай, әрқайсысына жүйелі талдаулар жасай отырып, оларды ғылыми айналымға түсіргенін аңғардық. Қысқасы, еңбекті оқу барысында жоғарыдағы сыңаржақ пікірлердің қисынсыз екендігін ұғындық. Қазақ еліндегі математиканың төл оқулықтарын дайындау ісінің өзіндік бай тәжірибелерін математика саласы бойынша өзіміздің классикалық оқулықтарымызды жария етуге болатындығына көзіміз жетті. Бұл көңілімізді марқайтып, кеудемізде ерекше бір мақтаныш сезімін тудырды.
XX ғасырдың 30-ыншы жылдарынан бастап, қазақ мектептерінің бүкіл Кеңестер одағына ортақ оқу бағдарламаларына көшірілуіне және авторларының басым көпшілігінің алашордашылар болғандығына байланысты бұл оқулықтар қазақ мектебінің тәжірибесінен алынып тасталып, олардың орнына аударма оқулықтар пайдаланыла бастағаны белгілі. Алаштың марқасқалары бұл үрдістің ертерек басталуына тосқауыл болып, оның орын алуын аттай он бес жылға кейін шегіндірген екен. Бұл да еңбекті оқу үстінде туындаған ойларымыздың бірі десек болады.
Кеңестік дәуірде мектептерімізде математика пәнін оқытуда жаппай аударма оқулықтардың пайдаланылғанына қарамастан, математиканы оқытудың әдістемесі ғылымы өзінің ұлттық сипатын жоймаған екен. Оның айқын дәлелі, осы ғылым саласы бойынша ұлттық кадрлар дайындалып, бірқатар еңбектер жазылыпты. Бұл істе әсіресе, Абай атындағы КазПИ-дің «Математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының жетекші роль атқарғанын атап айтуға тиіспіз.
Математикадан ана тілімізде оқулық жазу мәселесі еліміз егемендік алғалы бері дұрыс жолға қойылды. Тәуелсіздік жылдары математикадан төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындауда ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды.Бұл саладағы атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Жоғары білім институтының директоры, Жалпы білім беру институтының директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі «12-жылдық білім беру» ғылыми-практикалық орталығының директоры, «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті ретінде педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор А.Әбілқасымова жетекшілік жасады. Ол мектептерге математика оқулықтарын дайындау мәселесімен ғана шектеліп қалған жоқ, математиканы оқыту әдістемесі ғылымының өркендеуіне зор үлес қосты. Ғалым ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен математиканың оқу бағдарламаларын әзірлеп, әртүрлі деңгейдегі ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарлар өткізді. Монографиялық еңбектер жазып, математика пәні мұғалімдерінің съездерін ұйымдастырды. Ана тіліндегі математикалық терминологияны жүйеге келтіріп, «Математиканы оқыту әдістемесі» оқулықтарын пән мұғалімдерін дайындаудың сапасын арттыру, математиканы оқыту әдістемесі саласы бойынша ұлттық ғылыми кадрларды дайындауға еңбек сіңірді.
Қазір А.Әбілқасымова әдістемелік-математикалық ғылымның орталығы болып отырған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі ретінде ғылым саласының қарыштап алға басуы мен дамуына күш салуда. Ең бастысы, оның шәкіртімен бірге Қазақстандағы математиканы оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолын тарихи-педагогикалық үдеріс ретінде тұтастай бір жүйеге келтіруі және математиканы оқытудағы түйткілді мәселелерді шешуде өткеннен көп нәрсені ескеруге ұмтылуы ерекше қуантады.
Кітапты талдайтын болсақ, онда ол бірнеше томға айналар еді. Біз тек кітапты баяндап отырған жоқпыз. Керісінше, одан туындаған ойларды ғана айтып отырмыз. Басқа ғылымдардан математиканың ерекшелігі міне осында. Жалпы біз жарық көрген кітапта көтерілген мәселелерді талдап, оның артық, кемін көрсету емес, керісінше, оның мағынасына мән беріп, одан туындайтын ойларды қозғай отыра пікір айтпақ болдық.
Оқулық жасөспірімдерді білімге тартатын құрал ғана емес, ол өмірде болып жатқан түрлі ғылыми-техникалык жаңалықтарды тиімді әдістемелер арқылы өмірге баулитын жұмыс. Сонымен қатар, математиканың алғашқы ғылымдардың бірі ретінде орны бөлек екенін баса айтқанымыз жөн .


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет