САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
134
(сайлаушылардың талаптарын саяси бағдарламаларға
өңдеу) шешім қабылдайтын мемлекеттік, билік
құрылымдарының «кірісіне» береді.
Бұл шешімдер заң, қаулы, жарлық және т.б. түрінде
азаматтық қоғамға қайтарылады, оның тарапынан
бағаланады да, керіс байланыс түрінде, саяси партиялар
мен мемлекеттік құрылымдардың «кірісіне» түседі.
Қоғамдағы өз орнын пайдалана отырып, партиялар
мемлекеттен кейін кері байланыс мүмкіндігін, немесе
екінші кері байланысты қалыптастырады. Әр азамат немесе
әлеуметтік топ өздерінің мұқтаждықтарымен партияға
немесе мемлекеттік құрылымдарға жүгіне алады. Бұл кері
байланыстар бұл жағдайда бәсекелес болып табылады:
біреуінен қаншалықты сигнал өтсе, екіншісі соншалықты
сигналдан құр қалады. Бірақ, жалпы алғанда, екі кері
байланыс та «азаматтық қоғам – партиялар – мемлекет»
жүйесін тұрақтандырады. Кибернетикалық моделге сәйкес,
партияның қоғамдағы басты функцияларының бірі осы.
Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанынан
кейін мемлекеттің қоғаммен кері байланыс арналарын,
саяси процеске деген қоғамдық бақылауды нығайту міндеті
24-сурет.
Партияның жанама рөлі
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНА ХАЛЫҚТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ЖАУАП
ҚАТУДЫҢ ЭФФЕКТИВТІ ЖҮЙЕСІН ҚҰРҒАНЫ АБЗАЛ (ХII СЪЕЗД)
Достарыңызбен бөлісу: