1 кесте
Этносаралық қатынастардың бағасы (пайыздық % үлес)
Респонденттермен
этносаралық
қатынастардың
бағалануы
саны
пайыздық
қатынасы
өзара толық түсіністік пен ынтымастық орын алады
30
3 %
əртүрлі этнос өкілдері арасындағы қатынастар бір-біріне
деген тұрақтылық пен төзімділік өзара сыйластықтан
көрінеді
70
7 %
араларында өз ара тығыз қатынас байқалмаса да, барлық
халық пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүруде
870
87 %
Қарсытұрушылар
0
0 %
төзбеушілік
0
0 %
толық этносшылдық орын алады
0
0 %
жауап беруге қиналамын
30
3 %
Барлығы
1000
100%
Қоғамдық өмірдегі этносаралық жəне басқа да дау-жанжалдарды бағалау мақсатында
респонденттерге еліміздегі əлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін
негіздер мен құрылымдарды атау ұсынылған. Респонденттердің пікірі бойынша, ұлтаралық
қатынасқа сəйкес келетін анықтамалар «араларында өзара тығыз қатынас байқалмаса да,
барлық халық пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүруде» - 87 %, «əртүрлі этнос өкілдер
арасындағы қатынастар бір-біріне деген тұрақтылық пен төзімділік өзара сыйластықтан
көрінеді» деп санайтындар респонденттердің – 7%, сұралғандардың 3 % қоғамда «толық
өзара түсіністік пен ынтымақтастық орын алады» деп санайды. Алынған нəтижелер
қоғамдағы этносаралық қатынастарды тұрақты жəне оң деп санауға мүмкіндік береді.
Біздің елімізде ұлтаралық қатынастар мəселесі, ұлт мəселесін шеше алмаған жəне
ыдырауына себеп болған Кеңес Одағынан қалды. Кеңестік жүйе тұсында тоталитарлық-саяси
əдістермен біріккен қауым, оның мəдени негізі идеологияландырылған кеңес мəдениетінен
алшақтап, ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету,
империялық
көңіл
күйден
парасаттылық
деңгейіңдегі
əрекеттерге
ұмтылды.
Парасаттылықтың астарында əрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық
екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-
қатынастың жоғары мəдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен
шынайы саяси жəне қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық
патриотизмге негізделуі қажет. Көптеген ұлттары бар Қазақстан үшін аталмыш
патриотизмнің жəне ұлтаралық келісім маңыздылығы зор. Ұлтаралық, этностық топтар
арасындағы келісім - барша азаматтың нəсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда
бір-біріне көмекке келуге əзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-
қатынасын бейнелейді.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Шабаев Ю.П., Садохин А.П. Этнополитология. – M.:ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 319 с.
2. Бауэр О. Национальный вопрос и социал-демократия. - М.: Мысль, 1995. - Т1. – 256 с.
3. Каутский К. Национализм и интернационализм. – СПб., 1918. – 107 с.
4. Мұсатаев C.Тау мен тасты су бұзар, ел м ен жұртты сөз бұзар//Ақиқат №8, 2012. - Б. 46-50
5. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі http://www.kaz.stat.kz ресми сайты
6. Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. - Алматы:Жеті жарғы, 1996. - 334 с.
7. Назарбаев Н.Ə. Сындарлы он жыл. – Алматы:Атамұра, 2003 – 240 б.
8. Назарбаев Н. Ə. Ғасырлар тоғысында / Н. Ə. Назарбаев; жауапты шығ. Б. Ғ. Мұхамеджанов. –
Алматы : Жібек жолы, 2010. – 260 б.
9. Молдакимова А.С. Əлеуметтік саяси сауалнама нəтижелері. Павлодар:Эйкос, 2012. - 120 б.
142
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ –
БІРЕГЕЙ ƏЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
Байғабылов Н.О.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін алғаннан кейін этноəлеуметтік реттеудің жəне
тоталитарлық режімнің салдарын жоюдың жаңа тұжырымдамасы жасалынып, Конституция
мен заң актілері қабылданып, оларға өзгертулер енгізілді. Оларда бəрінен де бұрын орыс
жəне орыс тілді аз санды этникалық қауымдармен қарым-қатынасты жақсарту
қарастырылған [1].
Н.Ə. Назарбаев «Тарих толқыны» кітабында этностық бірлестікке қуатты импулсті
бəрінен де бұрын өзінің тарихи тамырын тануы, қазақстандық өзіндік санасының
қалыптасуы бере алады деп атап өтті [2].
Қазақстанның гүлденуі негізінен барлық қоғамның бірігуінен, біріншіден барлық
этностар мен халықтар өкілдерінің қосқан үлесіне байланысты.
Жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында Президенттің көршілермен татулықты,
халықтар достығын бірінші дəрежелі маңызды деп бағалауы тегін болмаса керек. Алайда,
егер елді ішкі қарама-қайшылық жайласа, онда ол шешусіз қалады.
Одақтан кейінгі кеңістіктегі этносаралық қатынастардың қарама -қайшылығының
жиілеуі Республика Үкіметінен барлық халықтың мүддесі мен жалпы қазақстандық қоғамды
біріктіру идеясының маңызды құрамдас бөлігі этностық саясатты жаңарту үшін негіз
болатын əрекеттің тұтас бағдарламасын жасауды талап етті.
Транзиттік кезеңдегі тұжырымдамаларда өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып,
олардың этностық талаптарын іске асыруға мүмкіндік беретін, этностар мен халықтардың
заңды құқықтарын толық көлемде қалпына келтіру қарастырылды.
Этностық сұрақтарды шешуде негізгі рөлді Республика Президентінің Жарлығымен
1995 жылы құрылған үкіметтік емес құрылым – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
атқарады, оған бірлік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында теңестіруші буынның рөлі
берілген.
Кеңес Одағында «бір қазанда қайнату тəжірибесі» арқылы жаңа қауым «кеңес халқын»
қалыптастыру деп аталатын ескі тұжырымдама Қазақстан үшін тиімсіз еді. Бұл ұлтаралық
қайшылықты шиеленістіруі мүмкін еді. Осындай жағдайда Қазақстан басшылығы басқа
елдер тəжірибесін есепке ала отырып, тыңнан жол іздеді. Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы осындай ізденістен туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру
туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту
мақсатында 1995 жылы наурыздың 1 құрылған. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы (ҚХА)-
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. ҚХА-ның мақсаты -
республикалық оқиғаларға баға беру жəне саяси жағдайларға болжам жасау негізінде
қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тəжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР
Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі
ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея: мəдени-ағартушылық - тілдер мен ұлттық
мəдениеттерді, салт-дəстүрлерді қайта жаңғырту жəне насихаттау; тəрбиелік–қазақстандық
жəне ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде
ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында
достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде
ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
2011 жылы 18 сəуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясындағы
баяндамасында, Н.Ə.Назарбаев: «Біз, еліміздің басты жетістігі - ұлтаралық қатынас келісімі,
біздің ортақ үйіміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы болып саналады деп
айтқанымызда, бұл тек жай ғана ақиқат емес. Бұл тұрақсыз дүниедегі елеулі табысымыз.
143
Мұнда Қазақстан халықтары Ассамблеясының ролі мен еңбегі өте жоғары»,- деп бағалады.
«Біздің жалпы ұлттық бірлігімізді нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруымыз қажет.
Осы жұмыстардың ортасында Қазақстан халқы Ассамблеясы болуға тиіс» деді [3]. Этностық
сұрақтарды шешуде негізгі рөлді, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында
теңестіруші рөл аталмыш ұйымға беріліп отыр.
Еліміздегі ұлтаралық бірлік пен берекені баянды ету жолындағы жүйелі еңбек əлемдік
этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырып отыр. Тəуелсіздік алған
жылдар ішінде қазақ жеріне əр кездері қоныс тепкен 100-ден астам этнос өкілдерінің емін-
еркін өмір сүруіне жан-жақты жағдай жасалып, сан алуан мəдени ұйым- бірлестіктер
аясында қоғамға пайдалы еңбек етуіне мол мүмкіндік берілді.
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастады үйлестіретін
мəртебелі қоғамдық инстиут ретінде танылады.
Қазақстанда бүгінде 471 өңірлік ұлттық мəдени орталықтар жұмыс жасайды. Мемлекет
19 республикалық пен аймақтық этностық газет, радио мен телебағдарламаларды, 6 этностық
театрдың қызметің қолдауда. Республикада əр этностардың мəдениет күндері, діни
мейрамдарымен қатар балалардың шығармашылық фестивальдеріде назардан тыс қалмайды
[4].
Этникааралық қатынастарды конструктивті шешуде Қазақстанның тəжірибесі мол.
Ұлтаралық қатынастарды жетілдіру, үйлесімділікті қалыптастыру Қазақстанның жетістігі
ғана емес, басқа көршілес елдер үшін де жаңа даму үлгісі ретінде қабылданып, бағаланды.
Тəуелсізідік алған жылдардан бергі қоғамдағы жаңарулар, реформалар мен өзгерістер
Қазақстан қоғамындағы əлеуметтік-саяси мəселелерді тыңғылықты зерттеу қажеттігін
көрсетеді. Қазақстандықтар тəуелсіздіктің өткен 18 жылы ішінде қоғамдық тұрақтылық,
ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патриотизм, ұлттық сəйкестілікті қамтамасыз
етудің өзіндік үлгісін жасады. Президент айтып өткендей: «-бұл қазақстандықтардың өзіндік
жаңалығы, біз оны мақтан тұтып, қорғай білуіміз қажет». Əлемде кез келген Қазақстан
секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негігі
шарттарының бірі – оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық
дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады [4].
Экономикалық дағдарысты бастан өткізген жас қоғамның қиыншылықтарына
қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда.
Əрбір ұлт, əрбір этнос қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сəттерден
таныта алады.
Əлемдегі қазіргі кездегі демократиялық көп ұлтты мемлекеттердің дамуына зер салып
қарасақ, онда олардың барлығының қоғамдағы ұлты əр түрлі адамдардың бірлесіп өмірдің əр
түрлі салаларындағы демократиялық тетіктерді нығайту мен полиэтникалылықтығ
сақталуының жəне ұдайы өндірілуінің арасындағы қарама-қайшылықтарды үнемі шешіп
отырудың қиын жолдарынан өткендігін байқаймыз. Дүниежүзінің тарихи тəжірибесі
көрсетіп отырғандай ұлт саясатының қандай кезеңде, қандай жағдайда болмасын мемлекет
пен қоғам алдындағы маңызды проблемаларының бірі болып қала беруде. Сондықтан
елімізде іске асырылып отырған ұлт саясаты ұлттық өмірде бейбіт жолмен реттеудің жəне
дамытудың маңызды факторы болып табылады. Бұл бағыттағы Қазақстанның тəжірибесі,
атқарып жатқан іс-шаралары əлемнің көптеген елдерінде болып өткен конференцияларда
халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағалауға ие болып отыр.
Біздің еліміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен
ұлт құқықтарының парасатты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар
арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық қатынастары, өзара көмек пен
бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылдығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен
жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструктивті ұлттық ерекшелікті
мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың əлеуметтік-
экономикалық жəне рухани-мəдени дамуының теңдігі мен теңестірілуі. Барлық этностар мен
144
халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен
құндылықтардың қалыптасуына себепші болуда.
Біздің елімізде жүргізіліп отырған ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша
демократиялық жəне келісімшілдік, прогрессивті жəне жасампаздық сипатымен ерекшеленіп
келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын алып
отырған қоғам өміріндегі əлеуметтік-экономикалық мəселелерді еңсеруде де маңызды рөл
атқарған басты факторлардың бірі бола алады. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани
құрылым жəне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі-ұлттық
ынтымақтастық пен бірлік. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-
экономикалық жəне əлеуметтік құрылыс қазақ халқымен біргі барлық қазақстандық халықты
өркениетті өмірге əкелетіндігі сөзссіз [5].
Ел Президенті 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «...біздің ең басты
құндылығымыз - берекелі бірлігіміз», -деп атап көрсетті [6].
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі - ұлттық
келісім, ұлтаралық
қарым-қатынас
мəдениетінің
жоғары
деңгейі. Қазақстан
Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала
бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін əділеттік принципі
негізінде ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ
ұлты мен басқа этникалық топтардың əлеуметтік-саяси мəдениетін, жан-жақты дамуын
қамтамасыз етудің маңызы зор.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. – 294 б.
2. Назарбаев Н.Ə. Қазақ тілін білу - əншейін ұран емес//Ақиқат. - №5. - 2011. – Б. 6-.12
3. Қазақстан халықтары Ассамблеясының ресми сайты http://www.assembly.kz/.
4. Шаукенова З.К. Тəуелсіздігімізді тұғырлы ету кез келген қазақстандықтардың
мінднті//Ақиқат - 2011. - №4. - Б.15-18.
5. Лəпбаева Н. Ұлтаралық қатынастардың кейбір аспектілері// №8. - 2010. - Б.22-23
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2011жылғы 28 қаңтардағы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауы
ҚАЗАҚСТАН АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ҮЛГІСІ
Бегімбетова Г. М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің магистрі, Қаратау қ.
Еуразиялық идеяның негізін қалаушылардың бірі болған Л.Н.Гумилев: «Халықтың
күші оның санының көптігінде емес, оның ұрпақтарға жəне басқа əлемге бере алатын рухани
мəдениетінде жатыр», деп айтқан екен. Осыған байланысты ұрпақтар сабақтастығы, оның
ішінде қоғамда этностық, мəдени жəне діни татулықты сақтау тұрғысындағы сабақтастық
мəселесі басым бағытқа ие болып отыр. Жас адамды мəдени құндылықтардың иесі ретінде
қалыптастыруға, ұлттық-мəдени сəйкестік пен мəдениетаралық толеранттылықты
қалыптастыру үдерісін үйлестіруге қабілетті педагогикалық шешімдерді жасап шығару - аға
буын ұрпақтың алдында тұрған міндеттердің маңыздысы. Қазір жастарымыз өмірдегі
алғашқы қадамын бұрын ата-баба жинақтаған бай мұраның үстіне өзінің жаңа білімі мен
құндылығын қоса отырып, аға ұрпақ қол жеткізген биіктен бастай алатындай рухани
трансмиссия тетігін қамтамасыз ету мəселесі аса өзекті бола түсуде.
Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстанда мемлекеттік ішкі саясаттың басты
бағыттарының бірі болып этносаралық жəне конфессияаралық келісім белгіленді.
Азаматтардың ұлттық жəне діни тиесілігіне қарамастан, тең құқылығы қағидаты жоғары
заңнамалық деңгейде бекітілді. Ұлтаралық, дінаралық араздықты қоздыратын əрекеттерге,
145
діни негізде саяси партиялар құруға заң тұрғысынан тыйым салынды. Ұлтаралық
үнқатысуды нығайту, сондай-ақ, мемлекет тарапынан жүргізілетін саясатқа ондағы
этностардың түгелдей қатысуын қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылы Қазақстанның
Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бастамасы бойынша елде бірегей қоғамдық-
саяси институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Конституцияда этностық азшылық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық
өлшемдерге жауап беретін қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың
қазақстандық үлгісінің құқықтық негізі қаланды. 2013 жылы 18-сəуірдегі Қазақстан халқы
Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасында осы жағдайлар талданды.
Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне жəне басқа діндегі
адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық
өркениетті қоғамға тəн құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай
салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дəстүрінің, рухани байлығының
кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық
қарым-қатынастардың белгілі бір дəрежеге көтерілгенін байқаймыз.
Қазақстан Республикасның мемлекеттік, ұлттық саясатының негізгі бес қағидасының
ішінен Ассамблеяның өзі атсалысқан «Толеранттылық пен жауапкершілік» қағидасын
айрықша бөле-жара атауға болады. Бұл қағиданың жалпы қоғамның игілігі үшін жұмыс
істейтіндігіне дəлел ретінде БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның: «Қазақстан
түрлі этностар бір жерде бейбітшілікте өмір сүретін, этникалық əртүрліліктен жамандықты
емес, жақсылықты көре білетін мемлекеттің үлгісі бола алады», – деген сөздерін келтіруге
болады Ассамблея құрылған кезден бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оған тұрақты
төрағасы болуы Ассамблеяның əлемдік қауымдастықтағы беделін арттыра түседі. Əлемдегі
жетекші саясаткер Маргарет Тэтчер республикамыздағы толеранттылық саясатының
нəтижесін бағалай келе: «Тəуелсіздік алған кезден бастап Сіздің алысты көре білетін
саясатыңыз еліңізді бостандыққа апаратын жолға алып шықты. Бəлкім, пессимистер Сіздің
еліңіздегі этникалық жəне діни əртүрлілік қақтығыстардың туындауына себепші болып,
Қазақстанды əлсіретеді деп ойлаған шығар. Алайда, бəрі керісінше шығып отыр, Қазақстан
өзінің əртүрлілігінің арқасында гүлденуде, ол өзіндегі əртүрлі дəстүрлер мен діндер
байлығының арқасында одан сайын мықты бола түсті. Сіздер бұл жағынан көпке үлгі
боласыздар», – деп жазды.
Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын
қазақ халқының саяси мəдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек,
толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тəуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды
жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда
негізінен екі мəдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ
мəдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мəдениеті тұр. Дəл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен
салт-дəстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тір¬лікке
дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық
Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-
байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тəлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік
мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ
еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-
ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып
отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі
радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.
Алдағы уақытта толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына,
дəстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық
болмысымызды жойып алмауға баса мəн берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды
пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал.
Мəселен, Қазақстан халқы ассамблеясы 2008 жылы Алматы қаласындағы «Достық үйі»
жанынан «Лингва» тілдерді оқыту орталығын ашуды қолға алған болатын. Осы орталықта
146
соңғы жылдары 150-ден аса мемлекеттік тілді үйренуші əртүрлі этнос өкілдері жəне 50-ден
аса орыс тілін үйренуші шеттен келген қандастарымыз бітіріп шықты. Үстіміздегі жылы
Астана қаласында «Тілдарын» тілдерді оқыту технологияларының əдістемелік орталығы
ашылды. Мұның бəрі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған нақты істер. Сонымен қатар əр
этномəдени бірлестіктің осы бағытқа арналған арнайы бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Мысалы, Орыс қоғамы бірлестігі «Тіл - халық жанын танудың кілті», «Ахысқа» түрік қоғамы
«Мемлекеттік тіл - менің тілім» конкурстары, өзбек орталығы «Мемлекеттік тілді білу -
парызың» олимпиадасы, корей қауымдастығы «Мемлекеттік тіл - достық тілі» жастар
форумы сияқты бағыттар арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, өз этностық
тобын қоғамдық белсенділікке тарту бағытында жұмыс атқарып жатыр.
Қазақстандағы аз ұлттардың өкілдерінің мұқтаждығын өтеуге, ұлтаралық қарым-
қатынас аясында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған. Барша ұлттардың азаматтық,
саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени құқықтарын қорғауға байланысты жүзеге
асырылатын шаралар халықаралық стандарттарға сай жəне осы орайда өзге мемлекеттерге
үлгі бола алатынын айта еткен жөн. Сонымен бірге Қазақстанда жүзеге асырылып отырған
ішкі саясаттың тағы бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі діни конфессияларға деген
толеранттылыққа тəрбиелеумен сабақтас. Соңғы жылдарда Республиканың түпкір-түпкірінде
бой көтерген түрлі діни мекемелердің (мешіт, православие приходы, католиктердің костелы,
ғибадатханалар жəне т.б.) жанданған құрылысы мемлекеттің өзара үйлесімді қоғамдық
дамуға тиімді жағдай жасағандығын дəлелдей түседі. Өзара сыйластық пен төзімділікке,
бейбітшілік пен келісімге негізделген қоғамдық қатынастар əлем сахнасында Қазақстанның
шынайы имиджін қалыптастыруға игі ықпал жасауда.
Тəуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблея еліміз үшін үлкен мəн-мағынаға ие.
Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мəдени орталық мүше. Қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған бүгінгі өміріміз дүниежүзіне үлкен үлгі-өнеге болып отырғаны
даусыз. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда
бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды. Қазақ халқы
Кеңес Одағы тарапынан аштық пен репрессияның тауқыметін көп тартқан ел. Бірақ біздер
КСРО-ның заңды мұрагері Ресейге қарсы ешқандай өшпенділік пиғыл танытпадық. Ал басқа
елдерде мұндай жағдай керісінше сипат алғанын көзіміз көрді. Іргеміздегі Ресейдің өзі əлі
күнге дейін Кавказ бен Орталық Азияның кейбір халықтарына қатысты жағымсыз
көзқарастан арыла алмай отыр. Өркениеттің шыңына шықты деген Францияның өзінде
Ислам дініне қатысты қайшылықты көзқарастар туындап, үлкен мəселеге айналып отырғаны
жасырын емес. Осындай жайттарды еске алғанда еліміздегі қалыптасқан толерантты
қоғамның мəні мен мазмұнын жете түсіне бастайсың.
Достарыңызбен бөлісу: |