Ассемблер тілі



бет6/6
Дата01.02.2022
өлшемі228 Kb.
#24629
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Дереккөздер 

1. 
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5


Ішкі бағдарлама

Ішкі бағдарлама - көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды (бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді.

Ассемблер және макроассемблер тілдері

Ассамблер таңбалар (символдар)тілі бола отырып,белгілі бір дәрежеде машина тілінде программа жасаудағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

Ассамблер тілінде программаның барлық элементтері таңбалармен берілетіндігі оның басты артықшылығы болып табылады.Басқаша айтқанда ассамблер тілінің машина командаларының цифрлық кодтарын әріптермен немесе әріп-цифрлармен таңбалауға және деректердің таңбалық аттарын пайдалануға мүмкіндік беретіндігі оның машина тілінен айырмашылығы болып табылады. Ассамблер тілінің командаларын машина тіліне аударғанда машина командасын білдіретін әрбір оператор осы команданың цифрлық кодтарымен алмастырылады. Командалардың таңбалық аттарын олардың екілік кодтарына түрлендіру жұмысы программа жасаушы адамды өте қиын әрі күрделі машақаты көп жұмыстан босататын және бұл жағдайда құтиылоуға болмайтын қателіктерден құтқаратын арнайы программа-ассамблерге жүктеледі.

Ассамблер тілінде программалауда пайдаланылатын таңбалық аттар программаның семантикасын, ал команданың қысқартылып берілген атаулары оның негізгі функциясын білдіреді.Мысалы, ADD-қосу, SUB-азайту, PARAM-параметр т.с.с.Мұндай аттарды программа жасаушылар оңай есінде сақтайтын болады.

Ассамблер тілінде программа жасау үшін машина тілінде программа жасағандағыдан көп күрделі құралдар қажет болады: ‘

• сыртқы құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер;

• процессордың түріне қарай резиденттік немесе жүйелік программалар.

Машина тіліне қарағанда ассамблер тілі едәуір күрделі, программаларды ұтымды жазуға және жөндеуге мүмкіндік береді.

Ассамблер тілі машинаға бағдарланған тіл, яғни процессордың әрбір командасына таңбалық ат меншіктейтіндіктен машина тіліне және процессордың құрылысына тәуелді тіл болып табылады.

Программа жасауда ассамблер тілі машина тіліне қарағанда программа жасаушылардың еңбек өнімділігін арттыруға сонымен бірге процессордың программалық және аппараттық ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл біліктілігі жоғары программалаушыларға жоғары деңгейлі тілдермен жасалған программамен салыс–тырғанда компьютердің жадында аз орын алатын жылдам жұмыс істейтін программалар жасауға мүмкіндік береді.

Ассамблер тілінің осындай артықшылықтарына байланысты ендіру-шығару құрылғыларын басқарушы программалар неше түрлі жоғары деңгейлі тілдердің көптігіне қарамай ассамблер тілінде жазылады.

Ассамблер тілінің көмегімен программа жасаушы адам мынадай параметрлерді бере алады:

• процессордың машина тілінің әрбір командасының таңбалық атын;

• ассамблер тілінде жазылған программалық қатардың стандартты пішімін;

• командалардың нұсқаларын және адрестеудің тәсілдерін қалай көрсету керектігі туралы пішімді;

• таңбалық тұрақтыларды және бүтін сандық тұрақтыларды әртүрлі санақ жүйелерінде көрсету үлгілерін;

• программалауды ассамблерлеу (транслациялау) процесін басқарушы пседокомандаларды.

Ассамблер тілі кез келген компьютерге түсінікті,өйткені басқа барлық тілдерге қарағанда машина тіліне ең жақын тіл ол ассамблер тілі. Бұл тіл копьютнрмен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сондықтан да ассамблерді оқу дегеніміз процессордың өзін оқып үйрену деген сөз. Ассемблер тілінде жазылған программа кез келген басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өте тез орындалады. Мысалы, ассемблер тілінде жазылған программа дәл осы программаға баламалы СИ немесе Паскаль тілдерінде жазылған программалардан екі-үш есе, ал BASIC тілінде жазылған программалардан он бес және онда да көп есе тез орындалады.

Ассемблер тіліндегі программалар басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өлшемі жағынан шағын болады, сондықтан компьютердің жадын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ассемблер тіліндегі программалар компьютердің барлық мүмкіндіктерін толық ұтымды пайдалануға сізге жол ашады.

Ассемблер тілін әрқайсысы машина командаларының бір тобына баламалы макрокомандалармен толықтыру жүйе қолданылады. Мұндай тіл макроассемблер тілі деп аталады. Макрокомандаларды пайдалану ірі құрылыс блоктарының программалар құруға мүмкіндік береді және ассемблер тілін жоғары деңгейлі тілдерге жақындатады.

Ассемблерлеу тілі

Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) — адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.

Аударғыш түрлері

Жоғары деңгейлі тілдер көптеген алгоритмдерді үйреншікті математикалық амалдардың жазылуына жақын ыңғайлы түрде жазып түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тілдерді пайдалану программалаудағы кездесетін қиындықтарды азайтады.

Жоғары деңгейлі тілдерді программа жасауда пайдалану 60-шы жылдары басталды. Содан бері бүгінгі күнде дейін белгілі есептерді шешуге арналған әмбебап, сандай-ақ бағдарланған көптеген әртүрлі тілдер жасалып пайдаланылып келеді.

Әрбiр программалау тілінің өзінің аты бар. Көптеген программалау тілінің аты олар алғаш жасалғаннан бастап тіркелген. Содан бері программалау тілдерінде қолданылатын ережелер өзгергенімен тілдер аты сол бұрынғы күйінде өзгеріссіз қалуда.

Жұлдызша

Жұлдызша (Звездочка; asterisk) — программалау тілдерінде көбейту амалының белгісі ретінде және т.б. жағдайларда да қолданылады; операциялық жүйеде символдар тобы орнына қолданылатын символ. Мысалы, *.ТХТ жазылымы ТХТ тіркеулі (кеңейтулі) барлық файлдар үшін пайдаланылады; Ассемблер тілі термині.

Машиналық-бағдарланған тіл

Машиналық-бағдарланған тіл (машинно-ориентированный язык; machine-oriented language) — мәліметтер түрі мен алгоритмдік құрылымы белгілі бір есептеу машинасының немесе компьютер тобының құрылымын қамтып көрсететін, сонымен қатар, программалау процесін жеңілдететін және автоматтандыратын бірқатар сипаттамалары бар программалау тілі. Тиімділігі жағынан машина командаларында жазылған программалардан кем түспейтін программалар жазуға мүмкіндік береді. Көбіне жүйелік программалауда қолданылады. Машиналық-бағдарланған тіл арнаулы және әмбебап болып екіге бөлінеді. Машиналық-бағдарланған тіл арнаулы тілдерге мнемокодтарға автокодтар жатады. Жалпы бұл екеуін біріктіріп ассемблер тілі деп атайды. Машиналық-бағдарланған әмбебап тілдердің мысалы ретінде ALMO, UNCOL, СИ тілдерін келтіруге болады.

Төменгі дәрежедегі программа

Төменгі дәрежедегі программа-спецификалық аппаратурағаи ие, перифериялық құрылғымен байланысты процессор немесе контроллердің программасы. Аппаратураға жүктелген тапсырма аппаратурамен біріге жұмыс істеуі, енгізу-жою құрылғыларымен, уақытша диаграмма мен олардың интерфейстерімен және физикалық тапсырмамен тікелей байланысты. Салдары ретінде төменгі дәрежедегі программист тек тіл мен фазалық тығыздауды емес, бағдарлау әдістері мен құрылғыларын білуі қажет .

Төменгі дәрежедегі программаға Ассемблер тілі(архитектураға бағытталған) жатады. Программисттерге ақпарат көзі ретінде, процессорге User’s Manual,Programming Manual. Data Sheet болып табылады.

Файл пішімдерінің тізімі

Үлгі:Үйлестіру тізімі


http://dereksiz.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет