Ассирия мәдениеті



Дата03.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#78802
Байланысты:
ИРАН МӘДЕНИЕТІ 13

ИРАН МӘДЕНИЕТІ

  • ҚР білім және ғылым министрлігі Шоқан Уәлиханов университеті педагогикалық институт
  • Дайындаған;Рахымбергенова Анель.Сәбит Аяжан
  • Қабылдаған:Мұхаммеджанова Жадра

Жоспар

  • Иран мәдениеті
  • Иран мәдениетінің территориясы
  • Иран мәдениетіндегі мемлекеттер
  • Иранның табиғаты
  • Иранның өнері
  • Иранның климаты

ИРАН МӘДЕНИЕТІ

  • Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет

ИРАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ

  • Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, ортасында Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстігін — Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік. Кухруд жотасы

ИРАН МӘДЕНИЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕР

  • Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673–672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616–605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды

ИРАННЫҢ ТАБИҒАТЫ

      • Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында 29,4 — 32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.

ИРАННЫҢ ӨНЕРІ

  • Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 — 7 ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305 — 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.

ИРАННЫҢ КЛИМАТЫ

  • Қыс мезгілінде температура сирек 0 °C-тан төмен түседі, жазғы сирек 29 ° С артық Каспий маңындағы батыста орташа жылдық жауын-шашын 1700 мм және шығысында 680 мм. Иранның батысында, Қыста Загрос тауларында температура әрдайым 0 ° төмен, қатты қармен және күшті желмен сипатталады. Елдің орталық және шығыс аймақтарында климат орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден кем, орташа жазғы температура 38 °C жоғары болады. Оман Парсы шығанағы бойымен жазық және қысқы негізінен жұмсақ, бойынша, және жазда — ыстық және ылғалды. Орташа жылдық жауын-шашын - 135-355 мм

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет