Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет21/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

Аңдатпа
.
 
Cәндік қолданбалы өнер жастар тәрбиесінде маңызды орын алады. 
Ол келесі міндеттерді атқарады: танымдық (бұйымдардың жасалу технологиясы 
мен тұрмыста қолдану), эстетикалық (көркемдік талғамды қалыптастыру), білім 
беру және ағарту (сәндік қолданбалы өнер пәндерінің негізінде тарихты зерттеу), 
патриоттық (ұлттық қолданбалы өнер негізінде рухани тәрбие).
 
Қазіргі уақытта сәндік-қолданбалы өнерге баулитын құзыретті, кәсіптік 
деңгейі жоғары, шебер маман дайындау жоғарғы оқу орындарының негізгі 
мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл маман дайындау барысында жүргізілетін 
міндетті оқу бағдарламалары мен пәндерге, оқытылатын технологиялар мен 
әдістер, практикалық дайындыққа тікелей байланысты.
Түйін сөздер: 
кәсіптік білім беру, тәрбие, сәндік-қолданбалы өнер, оқыту,
 
дидактикалық принциптер, эстетикалық тәрбие. 
 
Кіріспе.
 
Сәндік-қолданбалы өнер ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда 
болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында 
пайдаланылып келді.
Зерттеудің өзектілігі. Ұрпақтың көркемдік тәрбиесі тек жеке ұстаздардың шешетін 
мәселесі емес, ол қоғамдық жүйе негізінде қаралатын күрделі іс. Тұлғаның дамуы - 
болашақ міндеттерін сәтті жүзеге асыру үшін оның үнемі даму үдерісі. Сондықтан жеке 
тұлғаның шығармашылық белсенділігін дамыту қоғам қызметінің барлық салаларында, 
соның ішінде білім беруде де қажет. Сәндік қолданбалы өнер саласы мамандар 
дайындауда студенттердің эстетикалық талғамының дамуына, ұлттық, рухани, көркемдік, 
дәстүрлі тәрбие беруде, шығармашылықты дамытуда жетекші орын алады. Білім 
алушылардың көркемдік-шығармашылық қызметін ұйымдастыру, оларды халық өнерінің 
дәстүрлі түрлерінде эстетикалық тәрбиелеу-ұрпақты ұлттық мәдениетке баулудың ең 
тиімді нысаны болғандықтан, қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда заманға сай белсенді 
және тәуелсіз ойлайтын, тарихи және мәдени мұраны құрметтейтін тұлғаны дайындау 
ерекше өзектілікке ие [1]. 
Әр ұлттың ұлттық өнерінде өзіндік ерекшеліктері мен халыққа тән 
айырмашылықтары болады. Ұлттық өнерге баулу арқылы ұрпақ бойына ұлттық рухани 
құндылықтарды сіңіруді қажет етеді. Сондықтан, сәндік-қолданбалы өнердің ұрпақ 
тәрбиесінде алатын рөлі зор. Тәрбие сене алатын туылғаннан бір ғана бейімділік бар, ол - 
ұлттық. Әр халықтың өзіндік мінезі мен бейнесі болады. Сондықтан, ұлттық өнер арқылы 
ұрпақ бойына рухани құндылықтарды сіңіру рөлі зор [2]. 
Зерттеудің мақсаты.
 
Білім беру жүйесінде халықтық сәндік қолданбалы өнер 
саласын оқыту дидактикалық принциптері немесе көркемдік дидактика әлі де қалыптасу 
сатысында. Саладағы кәсіби оқытушыларына білім берудің теориясы мен тарихын, оқыту 
әдістерін осы бағытта білім беру ерекшеліктерінің айқындалмау фактісімен 
байланыстырады. Дәстүрлі өнердің табиғатына толық сәйкес келетін, ғылыми негізделген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет