Жағыпарова Майра Қымбат Досжан Досжанова Қымбат Әбсадыққызы, «Бармысың, бауырым!»
бағдарламасының жүргізушісі.
Қымбат Досжан Қызылорда қаласында
туылған. Т.Жүргенев атындағы мемле-
кеттік театр және кино институтының
«театр» факультетін бітірген. «Хабар»
агенттігінде 1997 жылдан бері қызмет
атқарады. Қазақстан Республикасы
Журналистер Одағы сыйлығының лау-
реаты. Кітап оқуды ұнатады, концерт-
тік бағдарламалардың сценарийін
жазуды ұнатады. Отбасы мен балала-
рының ортасында демалуды қалайды. Еліміздің асқар тауларын,
жасыл желекті табиғатын, саф таза ауасын сүйеді.
Халық әндерін сүйіп тыңдайтын Қымбат Досжан Құрманға-
зының «Сарыарқа», Түркештің «Көңілашар» күйлерін ұнатады.
Сондай-ақ виолончельмен орындалатын кез келген классикалық
шығармаларды сүйіп тыңдайды. Адамдардың бойындағы жа-
уапкершілікті, кәсіби шеберлікті, ізгілікті бағалайды. Жалған
сөйлейтіндерге жаны қас. Балаларының дүниеге келген сәтін
өмірдегі жарқын оқиғасы деп санайды. Қымбат Досжан ұлда-
рының арқалы азамат болып, ел игілігіне қызмет ететін тұлға
болуларын армандайды.