Кәсіби қазақ тілі АЛҒЫ СӨЗ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 18 қаңтардағы
Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға
қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайы-
зға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды
құрауы тиіс... Ол үшін бәрін жасап жатырмыз», – деп атап көр-
сетіп, мемлекеттік тілді оқып-үйрену міндетін айқындап берген
еді. Осы тұрғыдан, қазақ тілін қазақ тілді емес отандастарымыз-
дың меңгеруіне елімізде жан-жақты жағдайлар жасалуда.
Студенттердің күнделікті қарым-қатынаста және болашақта
қызмет барысында кәсіпке байланысты қазақ тілін еркін қолда-
нуға дайын болуы үшін барлық жоғары оқу орындарында кәсіби
қазақ тілі пәні оқытылады. «Журналистика» мамандығының сту-
денттеріне кәсіби қазақ тілін оқытудағы ұстанған басты мақсат
– қазақ тілінде сөйлеу, жазу, баяндауды мамандықтарына қатыс-
ты жетілдіріп, лексикасын байыта отырып, өз елінің тарихи құн-
дылықтары – тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ға-
ламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын
адам капиталын даярлау барысында мемлекеттік тілді меңгерген
мамандар қатарын көптеп қалыптастыру.
Оқу құралы типтік бағдарламаның мазмұнына сәйкес-
тендіріліп, журналистика мамандығына қатысты арнайы екін-
ші тілді оқытудағы әлемдік білім кеңістігі тәжірибесіне бағдар-
ландырылып, коммуникативтік-кәсіптік біліктілік қалыптасты-
руды көздейді. Әр мәтін студенттің қазақ тіліндегі сөздік қорын
молайтып, олардың таным-түсінігін кеңейтеді. Мәтіннің мазмұ-
ны негізінде сұрақтар, тапсырмалар, аударма жұмыстары және
жағдаяттар берілді. Оқулықта пайдаланылған мәтіндер «Қазақ
журналистерінің тәжірибесінен» атты тәжірибелік нұсқаулықтан,