Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет27/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
4-сабақ
БҮГІНГІ МАМАН КЕЛБЕТІ
Қоғамның келешегі – жастар. Жастарды білікті, іскер, белсенді 
маман, шығармашылық ойлы азамат етіп дайындау үшін оларға 
сапалы білім беру керек. Барлық нәрсенің іргетасы – білім.
Жаңа ғасыр – әлемдік өркениет көшіне қосылу ғасыры. Ертең-
гі игіліктер үшін және бәсекелестік қызып тұрған бүгінгі таңда 
жастар өндірістік тәжірибелерде шыңдалуы керек.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың елімізді әлемдегі бәсекеге ба-
рынша қабілетті отыз елдің қатарына қосу туралы стратегиясына 
сәйкес, жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті – әлемдік стан-
дарттар деңгейінде білім сапасын қамтамасыз ету арқылы сапалы 
адам капиталын даярлау. 
Жоғары білімді, кәсіптік тұрғыда білікті мамандардан олар-
дың өз саласын жетік меңгеруі және қоғамдағы экономикалық
әлеуметтік өзгерістерге, техника мен технологиялық жаңалық-
тарға  ғылыми  негізде  баға  бере  алуы  талап  етіледі.  Бүгінгі
маманның – көптілді болуы талап етіледі. Қазақ тілі – мемлекет-
тік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі 
– жаһандық экономикаға кіру тілі ретінде меңгеріледі.
Сонымен  қатар  ХХІ  ғасыр  маманының  сапасын  ақпараттық 
техника тілін аса жоғары технологиялық деңгейде қолдана алу 
біліктілігі анықтайды. Бұл талаптар болашақ журналистерге де 
қатысты. Бұл талаптар журналистер келбетін де құрайды. Келе-
шекте көптілді журналистерге сұраныс көп болады.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет