Жағыпарова Майра жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөз-
дер толық мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы, өнеркәсіп, теміржол, тамаша өмір, жетіқарақшы т.б.
3. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы
ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана
болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тіл-
дегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағы-
насында да қолданыла бастайды. Сөздің мағынасында ғана өз-
геріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп
аталады. Мысалы:
«Ақ» – бастапқы мағына (түсті білдіру). М: ақ жіп, ақ сүт. «Ақ» – бастапқы мағына ағу (течь; протекать). М: Көктем келді, жылғалардан су ақты.(Весна пришла, текут ручьи). «Ақ» – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы) сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. М: Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы бола- тын. «Ақ» – адал (честный) мағынасын береді. М: Ақ жүрген адам азбас. «Ақ» – ақиқат, шындық (правда, истина). М: Жұмыр басты пендеге – өлім ақ.