Жағыпарова Майра 14-сабақ БАСПАСӨЗ Баспасөз – халықтың қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға,
мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге әсер
ететін бірден-бір құрал. Баспасөз – халық арасында әртүрлі
ақпараттар тарата отырып, қоғамдық және саяси пікір қалыптас-
тыруға, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлға-
лардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Баспасөз –
мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.
Мерзімді баспасөзге: тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар
және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал,
альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Мерзімді
баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет.
Алғашқы газеттер Батыс Еуропада (Германияда – 1609 жылы,
Ұлыбританияда – 1622 жылы, Францияда – 1631 жылы) шыға
бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым – 1870 жылы
Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уәлаятының газеті».
Баспасөздің екінші түрі – мерзімдік емес басылымдарға
кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар т.б. жа-
тады. Оның ең негізгі әрі көне түрі – кітап. Кітап басып шығару
VIII–IX ғасырларда Қытайда басталды.
Қазақ тіліндегі алғашқы кітап – «Сейфүл-мәлік» қиссасы
1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген.
Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар,
апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әртүрлі меншіктегі 260-
тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер
мен плакаттар т.б. шығады.
Республикадағы баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның «Бұқа-
ралық ақпарат құралдары туралы» заңымен (1999, 23 шілде) рет-
теледі.