Кәсіби қазақ тілі
Етістіктердің шақтары. (Времена глагола)
Етістіктің шақтары – іс-қимылдың уақытын білдіретін етістік-
тің тұлғасы. Етістіктердің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ,
келер шақ, өткен шақ.
Осы шақ – сөйлеп тұрған кездегі іс-əрекетті білдіреді.
Осы шақ
Нақ осы шақ
(собственно-настоящее время)
Ауыспалы осы шақ
(настоящее
переходное время)
Дəл сөйлеп тұрған кездегі іс-əрекетті
білдіреді.
Күнделікті дағдылы
болып жатқан іс-
қимылды білдіреді.
Жалаң н.о.ш.
жатыр, отыр,
жүр, тұр
етістіктерінің
жіктелуі арқылы
Күрделі н.о.ш. (-а,
-е, -й, -ып, -іп, -п)
(жатыр, отыр, жүр,
тұр) + жіктік жалғауы
етістік + (-а, -е, -й) +
жіктік жалғауы
жатырмын, отыр-
сың, тұрсыз
бар-а жатырмын,
кел-іп отырсың.
Күнде сабаққа
бар-а-мын.
Өткен шақ
Жедел ө.ш.
(недавно
пр.время)
Бұрынғы ө.ш.
(давно пр.время)
Ауыспалы ө.ш.
(переходное
пр.время)
етістік + (-ды,
-ді, -ты, -ті) +
жіктік жалғауы
етістік +
(-ып, -іп,
-п) + жіктік
жалғауы
етістік +
(-ған, -ген,
-қан, -кен,)
+ жіктік
жалғауы
етістік +
(-атын, -етін,
-йтын, -йтін)
+ жіктік
жалғауы
Мен мақта +
ды + м.
Мен мақта
+ п – пын.
Мен
мақта
+ған – мын.
Мен мақта +
йтын – мын.
136
Жағыпарова Майра
Келер шақ
Болжалды
келер шақ
(будущее
предположительное
время)
Мақсатты
келер шақ
(неопределенное
будущее время)
Ауыспалы
келер шақ
(переходное
будущее время)
Іс-қимылдың келешекте
болатынын дəл көрсетпей,
болжай ғана білдіреді.
Іс-қимылдың
келешекте
мақсат етіле
орындалатынын
білдіреді.
Алдағы уақытта
болатын іс-
қимылды
білдіреді.
Етістік + (-ар, -ер, -р) +
жіктік жалғауы
етістік + (-мақ,
-мек, -пақ, -пек,
-бақ, -бек) + жіктік
жалғауы
етістік + (-а,
-е, -й) + жіктік
жалғауы
Ертең сабаққа бар-ар-
мын.
Ертең сабаққа
бар-мақ-шымын.
Ертең сабаққа
бар-а-мын.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына шақтық етістіктің
тиістісін қойыңыз.
1. Мен кітап ................................................................. .
2. Ол теледидар ........................................................... .
3. Ербол ........................................................................ .
4. Әлем бейбітшілікке қол ......................................... .
5. Жансая үй ................................................................ .
6. Аяулым .................................................................... .
Керекті сөздер: алу, көру, айту, созу, жинау, оқу.
5-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерді мақсатты келер
шаққа айналдырыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Мен мақала жаздым. Ол газет сатып әкелді. Редактор іссапар-
дан келді. Теледидардан кино көріп отырмыз. Үлгіні көрмеге қоя-
ды. Біз театрға барамыз. Сен телефон шаласың. Биылғы қыс жылы
болды.
137
Кәсіби қазақ тілі
6-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерді жедел өткен шаққа
айналдырыңыз.
Ол шұжық, қазы жеген. Дина Нұрпейісова атақты күйші болған.
Жентке май қосылған. Әсет жезтаңдай әнші болыпты. Ақбала оны
көпке дейін ұмытпаған. Ол бәйге мен көкпарды көріпті. Меруерт
наурыз мерекесінде би билепті. Қасым аға Ұлы Отан соғысы тура-
лы әңгіме айтатын. Ол соғыста партизан отрядында болыпты. Ер-
лігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанған. Оны халқы сыйлайтын.
Қасым аға жылда 28 панфиловшылар паркіне баратын. Ескерткішке
гүл шоғын қоятын.
7-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, етістіктің қай шақта
тұрғанын анықтаңыз.
Я знаю много о казахской культуре. Я нигде не был, кроме Ка-
захстана. Я узнала о Казахстане от моего друга. Я изучал казахский
язык. Я был в Казахстане. Салтанат уехала в Алматы. Он прочитал
много книг.
8-тапсырма. Сөздерді болымсыз түрге айналдырып, сөйлем
құрастырыңыз.
Оқыды, барды, келді, кетті, сөйледі, жазды, айтты, тексерді, жи-
нады, қарады, санады, бояды, жүзді, жапты, тепті, есептеді, сатты,
турады, секірді, күлді, ұйықтады, жеді.
9-тапсырма. Қазақ тілінде шығатын газеттердің бірінен
жуырда болған келіссөз туралы мақаланы тауып, сол бойынша
төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Келіссөз қайсы мемлекеттер арасында және қашан өтті?
2) Келіссөз барысында қандай мәселелер талқыланды (қарал-
ды)?
3) Келіссөз қалай өтті?
4) Делегация мүшелері не істеу қажет деп көрсетті?
5) Екі жақ қандай келісімге қол жеткізді?
6) Қазақстан үкіметі делегациясының басшысы кім болды?
7) Шетел делегациясын кім басқарып келді?
138
Достарыңызбен бөлісу: |