Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет143/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
19-сабақ
ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКА
«Этика» – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, ырым, үрдіс. Этика ғылым ретінде әдептілік, 
адамгершілік, ізгілік, сыпайылық мәселелерін қарастырады.
Журналистік  этика  тұрғысынан  объектілерді  зерттеуде
дерек,  мәлімет  жинаудың  екі  түрі  бар:  ашық  және  жасырын 
түрде зерттеу.
Журналистің кәсіби ерекшелігі оған көптеген әлеуметтік жа-
уапкершілікті жүктейді. Этика – адамгершілік келбетті айқын-
дайтын  тәртіпті  талап  етеді.  Ол  журналистің  мінез-құлқы  мен 
сана-сезім  ерекшеліктерімен,  қоғамдағы  ережелерді,  заңдарды, 
талаптарды  орындау  өзгешелігімен,  сондай-ақ  қоғам  пікірімен 
айқындалады.  Журналистік  этика  журналистік  мамандықты 
игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап-тілектерді қояды.
Журналистік этика ұғымының екі мағынасы бар:
Журналистік этика тар мағынасында – журналистің адамгер-
шілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады. 
Журналистік этика кең мағынада – журналистің шыншылдық 
және  обьективтілік  принциптеріне  тікелей  байланысты.  Жур-
налистік этика нормаларын сақтау – шындық фактілерді жазу, 
ақиқат өмір құбылысын бейнелеу, өтірікке, дәлелсіз өсекке, жала 
жабуға шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу деп са-
налады. 
Журналист кәсіби моральдық, этикалық принциптерді сақтау-
ға тиіс. Ол принциптер журналистің халықшылдығымен, бұқа-
рашылдығымен, шыншылдығымен, объективтілігімен анықтала-
ды. Журналистің жеке басының этикасы оның жалпы кәсіптік 
принциптерінен туындайды. 


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет