Кәсіби қазақ тілі 6) Басқа мамандықты меңгерген мамандар да журналист бола
алады.
7) Қазақ журналистикасының қазіргі даму деңгейі өте жоғары
деп айтуға болады.
7-тапсырма. Мына етістіктерге ауыспалы осы шақтың жұрнағын қосыңыз және оларды болымсыз түріне айналдыры- ңыз. Үлгі: орнату – орнатамын – орнатпаймын. Жазу, аудару, басу, оқу, айту, бару, жүгіру, достасу, тілдесу,
көшіру, есептеу, дайындау, қосу, үйрету, сақтау, күту.
8-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінді оқып, етістік- тің шақтарын анықтаңыз. Танцор танцует. Студенты выполняют задание. Мальчик идет
в магазин. Дедушка идет из поликлиники. Депутаты принимают
новый закон. Я помогаю маме. Мы живем в Казахстане. Я узнала
вас. Дома на стене висит картина. Издательство «Аруна» сегодня
работает.
9-тапсырма. Сөйлемдерді төмендегі үлгі бойынша жазып шығыңыз. Үлгі:
Әсет телефон арқылы сұхбат алып отыр. Әсет телефон арқылы сұхбат алады. Әсет телефон арқылы сұхбат алмақ. Әсет телефон арқылы сұхбат алар. Әсет телефон арқылы сұхбат алған. Әсет телефон арқылы сұхбат алыпты. Әсет телефон арқылы сұхбат алатын. 1) Айжан мақала жазып отыр.
2) Журналистер төл мерекелерін тойлап жатыр.
3) Редактор газеттің мерекелік нөмірін тексеріп отыр.
4) Хат тасушы хат-хабарларды тасып жүр.
5) Оператор микрофонды тексеріп жатыр.
6) Интернеттің көмегімен машина сатып алып отыр.