Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет154/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
21-сабақ
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ЖАЙЫНДА
Қазақ телевизиясы 1958 жылы құрылған.   
Содан  бері  телевизия  саласына  келген 
көптеген талантты тележурналистер халыққа 
танылды.  Сала  бойынша  маман  даярлайтын 
жоғары оқу орындары пайда болды. 
Тележурналист  Марат  Барманқұлов  жəне 
Құдайберген  Тұрсын  телевизия  журналисти-
касының өзекті мəселелерін тыңғылықты зерт-
теп, ғылым докторы дəрежесін қорғап, профессор атанды. Белгілі 
журналист  Қайнар  Олжайдың,  Серік  Абасшахтың,  Мақат  Са-
дықтың кітаптары жарық көрді. «ҚазАқпарат» баспасынан «Қазақ 
телевизиясы» атты көп томдық энциклопедия жарыққа шықты.
Отандық  телеарналардың  саны  көбейе  түсуде.  Сондықтан 
оны керекті мамандармен қамтамасыз ету үшін əл-Фараби атын-
дағы ҚазҰУ, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясымен қатар 
Астанадағы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-де жəне Қазақ ұлттық 
өнер  университетінде  де  телевизия  саласының  мамандары  да-
ярлана  бастады.  Олардың  сұраныстарына  жауап  беретін  оқу-
лықтар көптеп шығарылуда.
Журналистің халыққа тез танымал болуына толық мүмкінді-
гі бар. Сондықтан екінің бірі тележурналист болуға ұмтылады. 
«Телевизия журналисті  атаққа да шығарады, орға да құлатады» 
деген қанатты сөз бар. Себебі тележурналистің жұмысы милли-
ондардың көз алдында тым жария түрде ашық өтеді. Сəтті шық-
са  –  мақталасың,  сапасыз  жасалса  –  датталасың.  Оның  үстіне 
біткен іске сыншы көп екендігін ұмытпауымыз керек.


164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет