Кәсіби қазақ тілі 3. Телевизия саласының мамандарын даярлайтын оқу орнын
атаңыз?
4. Тележурналистердің жұмысы кімдердің көз алдында өтеді?
5. Телевизия қандай құрал?
2-тапсырма. Мазмұндаңыз және орыс тіліне аударыңыз. Бір үйдің теледидары сынып қалыпты. Жөндейтін адамды шақы-
ртып, теледидардың қорабын ашып қараса, іші нан ұнтағына толып
қалыпты. Мұны жасаған үйдегі 4 жасар кішкентай қыз екені бел-
гілі болды. Анасы қызымен сөйлесіп, неге солай істегенің сұрайды.
Сонда кішкентай қыз: «Теледидар экранынан Африканың аш ба-
лаларын көрген кезде, оларға жаным ашып, ас үйден нан әкеліп,
теледидардың үстіндегі тор-тор жеріне нанды уатып салып тұр-
дым», – деп жауап берген екен...
3-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда- рыңыз. Репортаж – журналистік іс-әрекеттің
бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теле-
дидар арқылы берілетін, ішкі және халық-
аралық өмір оқиғалары туралы ақпарат,
әңгіме. Репортаж оқиға болған жердің то-
пырағында туады. Сондықтан да репортаж
дегеніміз – оқиғаның өзі. Репортаждың
басқа жанрлардан ерекшелігі – өткен
оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны дәл сол сәтте баяндайды,
соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған ғарышкерлер туралы да,
іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәде-
ниет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға
ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып бола-
ды деу дұрыс бола бермейді. Репортаждың мақсаты – болған оқиға-
ны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік
мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу.
Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж – шын фак-
тілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі.
Сондықтан репортаж неғұрлым шұғыл (оперативті) болып, оқи-