Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет180/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
25-сабақ
ТЕЛЕДИДАР СЫРЛАРЫ
ХХ ғасырдың озық техникасының бірі – теледидар. Теледи-
дарға бұл күнде түрлi анықтама беремiз. Теледидар – идеология 
құралы. Теледидар – ойды бүкпесiз жеткiзетiн ашық алаң. Те-
ледидар – бала үшiн тәрбиешi болып отырғаны да бұлтартпас 
шындық. Теледидар – тiл үйретушi құрал. 
Көптеген зерттеулерге қарағанда, адам күнiне кем дегенде 
3-4 сағатын теледидар алдында өткiзедi екен. Бұл дегенiңiз, әр-
бiрiмiз 3-4 сағат iшiнде көк сандықтан тәлiм-тәрбие алып, сана-
мызға түрлi ақпаратты сiңiремiз деген сөз.
Телеарналардағы жүргізуші басқа мамандық иелері емес, жур-
налистер болуы тиіс. Өйткені телеарнаның, бағдарламаның рей-
тингісі журналистің қалай жүргізгеніне тікелей қатысты болады.
Телевизия – видео, мәтін, табиғи дауыс секілді компонент-
тердің теңдей қосындысы.
Радио мен газет журналистеріне қарағанда, телевизия үшін 
уақыт  өте  маңызды.  Газеттегі  әріптестердің  200-500  жолдық 
мақаласына арқау болатын ақпаратты тележурналистер жаңа-
лықтар қызметінде – 1,5-2 минутқа, ал сараптамалық бағдарла-
мада – 5 минуттық уақыттың ішіне сыйдырулары қажет.
Радио және газет журналистері видеомен жұмыс істемейтіні 
белгілі.  Ал  телевизияда  видео,  мәтін,  дыбыс  үштағанын  қатар 
алып жүруің қажет. Бұл арада интонацияны ерекше атап етуге 
болады, өйткені тележурналистерде кездесетін проблема – дауыс-
тың дұрыс қойылмауы, болмаса интонациямен жұмыс істемеу.
Газет  журналистері  қолына  30  грамдық  диктофон  алып 
жалғыз өзі баратын болса, ал телевизия журналистері жанына 
операторды, жарық қоюшыны, кейде тіпті режиссерді де ертіп 
жүретін  кездері  болады.  Ал  газет  журналистерінің  жанында 
кейбір кездерде ғана фотожурналист еріп жүреді. Олар суретті 
көбіне газет мұрағатынан немесе интернеттен ала алады.


194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет